Image Image Image Image Image Image Image Image Image Image
Scroll to top

Top

Rigth now get betting bonus from bookmakers
4 пікір

Қырықбірінші бөлме

[slideshow]

Ол әуел бастан-ақ өз өміріне ырза емес-ті.
Ес білгелі бар өмірі жоқшылықпен өткен, ит қорлықпен өтті. Тура қырық тоғыз мүшелінде өз-өзіне қол салды. Артына қайырылып қарар ештемесі жоқ-ты, туыс-туған, бала-шаға дегендей.
Ауыл шетінде иесіз қалған үлкен қораға келді де, жұрттан тауып алған бір құлаш жіпке аспақталды да қалды.
Алқымын сығып жаны шығып бара жатқанда оны ғайыптан үш кептер келді де құтқарып алды. Жіп қиылды. Жерге топ ете түскен ол ессіз ұзақ жатты да, әзер есін жиды.
Жаңағы үш кептер өрімдей үш қызға айналып, мұны қаумалап отыр.
– Сіз мына жарық әлемді қалай қиып барасыз?..
– Мен жарықты да, қараңғыны да көргенім жоқ, мен тек қана түнекте болдым…
– Шынымен әлемнің жарығын көрмедіңіз бе…егер қаласаңыз жеткізелік…
– …
Бірақ бір шарт, сіз біздің біреуімізбен үйленуіңіз керек. Қайсымызбен үйленесіз?
Ол көп ойланбады, тура қарсы алдында тұрған қыздың білегінен ұстады да,
– Ал, қайда? Кеттік, – деді.
– Көзіңді жұм, – деді, қыз.
– Қыз білегінен тас қылып ұстап алған ол , өзінің әлде бір тылсым күшпен қалықтап келе жатқанын сезді.
Ауыр күрсінген қыз:
– Біз бір кіндіктен үшеу едік, үшеуімізбен де үйленуің керек еді,-деді.
Қалған екеуіне оның қайта айналып барғысы келмеді.Үнсіз қалды.
Олар ақыры иен шатқалдың ішінде ауада қалықтап тұрған, ұзыннан-ұзаққа созылған әсем үйге жетті.Қатар-қатар тізілген қалың есік, есік сайын реттік нөмір. Бір есікке кіріп еді, қаптаған қалың мал.
Бұның бәрі сенің иелігіңде, -деді қыз.
Екінші есікке кірді, әлемнің не бір асыл жаһұттары.
Үшінші бөлме. Жанға жайлы демалыс орны.

Қырық бірінші бөлменің алдына келген қыз:
– Тек осы бөлменің есігін ашушы болма, бұл түнек, – деді.
Айлар өтті, жылдар өтті. Бұлар арт-артынан отыз ұлды болды. Ұлдарының бәрін перінің қыздарымен үйлендірді. Ол қырық бөлменің қызығын тегіс көріп болды.
Ғасырлар өтті. Ол қырық бөлмеден жалығып, жарының көзін ала бере қырық бірінші бөлменің есігін ашты. Ашты да зіл-зала болып күңіренген дауысқа жұтылды…
Жұтылды да баяғы өзі аспақталған жіпке келіп аспақталды да қалды. Аяқ-қолын соңғы рет ербеңдетіп қалғанында, алақанынан әлде қайдан үш тал маржан жерге шашырап кетті.

Comments

  1. оның бәрі елес болған шығар

  2. оның бәрі елес болған шығар

  3. Ал жұрт ойлайды “бейшара-ай, біреудің бірдеңесін ұрлап, қорыққанынан асылды ма екен?- деп.

  4. Ал жұрт ойлайды “бейшара-ай, біреудің бірдеңесін ұрлап, қорыққанынан асылды ма екен?- деп.

Submit a Comment

Object moved

Object moved to here.