Image Image Image Image Image Image Image Image Image Image
Scroll to top

Top

Rigth now get betting bonus from bookmakers
6 пікір

“МӘЙІТХАНА” Қойшыбек МҮБАРАК

“МӘЙІТХАНА” Қойшыбек МҮБАРАК
mystic
  • On Қаңтар 29, 2011

Мәйітхана

– Ананы қараңдар!.. Басы жоқ қыз кетіп барады…
– Аппақ көйлегін қан жауып кетіпті.
Осыны естіген елдің барлығы көшенің арғы бетіне жалт қарасты. Менде қарадым. Қолқа-тамырынан қан атқақтап кетіп бара жатыр.
Машиналарды шуылдатып бері өтті.
– Айтыңдаршы… “мәйітхана” қайда? – деген қыздан елдің барлығы айнала қашты. Ол маған қарай келе жатты.
– Айтыңызшы “мәйітхана” қайда?….
– Айналайын, соны мен де таба алмай жүрмін.
– Осы қаладансыз ба?
– Иә, осыннанмын… өзіңші?..
– Мен де осы қаладанмын… “мәйітхананы” неге білмейсіз?..
– Өзіңші…
– Менің басым жоқ….
– Басың қайда кетті.
– Білесіз бе, мен жиырмадамын. Қыз бала үшін жиырма жас аз емес. Менің дене бітіміме қарадаңыз ба? Сыртымнан келісті-ақ қыз болғам… бірақ, бетім мезгілінен бұрын қартайған-ды. Өйіткені ата-анам ядролық палигонда жұмыс жасаған. Он жасымнан бастап бет-аузым елудегі апаның бетіне айналған-ды. Мені емдету үшін бес жылдың алдында осы қалаға көшіп келгенбіз… бірақ, еш дауа болмады. Жасым жиырмаға жетті. Мен де біреумен махаббаттасқым келеді… менің де ана болғым келеді… дегенмен менің алжа-алжасы шыққан бет-жүзімен кім менімен үйленсін… өмірімнің қасіреті осы болды. Кеше кешкісін ғана біздің көршінің қызын өлтіріп кетіпті. Тура біздің аулада. Өлікті әкеткелі жатқан милицияларға
– Қыздың басын маған беріңдерші… – деп едім:
– Не, істейсің… өз басың жетпей ме?.. – деп қуып жіберді.
– Үйге бардым да атам марқұмнан қалған айбалтамен өзімнің қартайған басымды шауып тастап қыздың басын сұрайын деп қайта шықтым… Қырсыққанда қызды “мәйітханаға” алып кетіпті… содан “Мәйітхананы” таба алмай жүрмін… айтасыз ба? “Мәйітхана” қайда?…
Мен қызды ертіп көшені өрлеп жүріп барам. Расында, “мәйітхананы” тапсам мен де бір бас сұрайын деген шешімге келдім.
– Айтыңыздаршы, “Мәйітхана” қайда екен?…

Comments

  1. Керемет!

  2. Керемет!

  3. Өте қорқынышты мен мәссағанда оқығам

  4. Өте қорқынышты мен мәссағанда оқығам

  5. Студент кезімізде қыздарды “Мәйітханадан бір өлік қашып кетіпті. Сені іздеп жүр екен” деп қорқытатынбыз.

  6. Студент кезімізде қыздарды “Мәйітханадан бір өлік қашып кетіпті. Сені іздеп жүр екен” деп қорқытатынбыз.

Submit a Comment

Object moved

Object moved to here.