Image Image Image Image Image Image Image Image Image Image
Scroll to top

Top

Rigth now get betting bonus from bookmakers
Пікір жоқ

Қойшыбек МҮБАРАК: Алдашы

Қойшыбек МҮБАРАК: Алдашы
admin
  • On Сәуір 30, 2013

–  Аға, бірдеме деші, не болды сізге? Аға! Ағатайым, қорқып барам – шырқырай өзімді жұлқылап жатқан қыздың даусын ап-анық естігеніммен, еш бір жауап қата алар емеспін. Аппақ көйлегінің көлбіреген жеңінен тас қылып ұстап алғанмын.

Төбеме келіп төніп тұрған Алдашының аппақ семсері қимылдадым болды мойнымды орып жіберейін деп тұр.

– Қайдан ғана келдім, ағатай, мені мұнда неге алып келдің? Неге көргім келе қалды екен? Құдайым-ай. Аға есіңді жишы. Сізге не болды?! Әлде бір нарсе көрінді ме? Егіле жылай отырып қойған қыз сұрағына әлі жуап қата алмай отырмын.

Аппақ музама айналған бұл қызы осында алып келгеніме ішім удай ашып өкініп отырмын.

Соңғы кездері жүрегім алабұртып, кеудемнен атылып шығып кететіндей атқалақтауды шығарған-ды.

Жігіт ағасы жасына келгенде жап-жас қызға бола дәл осылай есімнен кете алжасатыныма өзге түгілі өзім де сенбес едім.

Соңғы кездері жұмысқа тек сол қыз үшін ғана келіп жүрмін. Тіпті жылына сарыла жүріп әзер жететін бір айғы еңбек демалсымды да осы жұмыс орнында өткізіп жүрмін.

– Сен әлі еңбек демалысына кетпедің бе, -деген қызметтестеріме.

– Жай бір шарулар болып, содан кете алмай жүрмін. Бұйыртса ертең-ақ кететын шығармын, -деп сылтауратамын.

Аппақ жүзі айдай нұрланып сол қыз алдымнан шыға келгенде бар дүниенің қызығы тек сол қыздың ғана жанында тұрғандай сезілетін. Бірдеме деп тіл қатуға батылым жетпейді. Алғашқы кездесудегі қорқытып алған оғаш қылығым есіме түскенде кірерге тесік таппай қаламын.

Әлде нені сезе ме әлде менің қадала қалатын жанарымнан жасқана ма, болмаса алғашқы кездесудегі кері әсер ме,  қыз да мен тұрған жерде байыздап ұзақ тұра алмайтын.

Жанына таядым болды әлде қандай бір сылтаумен жылыстай жөнеледі.

Қанша дегенмен тіс қаққан адаммын ғой, соңғы кездері өзгеше бір амал тауып алғанмын. Ұзын каридордың ең басындағы есіктің қалқасын тығылып сол қыздың шығуын күтіп, сығалап тұрамын.

Менің кабинетімнің қарсысында отыратын ол залда мен жүр ме деген кісіше алдымен есіктен басын жартылай шығарып, жан-жақты әбден бажайлап алып менің жоқ екенімді білгесін жіті басып сырытқа, иә болмаса көрші кабинетке лып етіп кіріп кететін.

Қаншама рет тым құрғанда бір тіл қатысуға талпынсам да, ақырын ғана жылыстап кеткен қызға жете алмай жер сипап қатынмын-ды.

Ақыры бүгін амалын таптым.

Түскі асты жұмыс орныма тиіп тұрған үйден ішуге әдеттенгенмін. Тағы сол баяғы әккілігіме басып, есіктің қалқасында жасырынып тұрғанмын.

Құрбысымен бірге кабинетінен шыққан ол:

– Сен үйіңе қайтасың ба? Мен төменгі қабаттағы дәмханадан түстенімін. Түс қайта біраз шаруаларымды реттеуім керек болып тұр,. – деп ары қарай бет алды.

Астыңғы қабаттағы дәмхананы үнемі бармасам да, әбден білемін.

Шағын ғана. Тамақтанатын адамдары да көп емес. Әрі оңаша.

Көктен тілегінім жерден табылды. Ақырын баспалап артынан еріп келемін. Мені көре салып кері қайтып кетпесін деп, ол тамаққа тапсырыс беріп, алдына алдарғанша босағада тығылып тұрдым.

Әбден тамағы алдына келгесін еш нәрседен хабарсыз адамдай кіріп бардым.

Мені көріп аққұба жүзіне ала бұртып алқызыл сәуле ойнап шыға келген қыздың жанына барып отыруға рұқсат сұрадым.

Түртпектеп ананы бір, мынаны бір сұрап отырмын. Сосын өзімді таныстырмақ болып:

– Бір ғимаратта жүрсек те мені танымайтын шығарсың, мен… – деп сөз бастай беріп едім:

– Аға сізді жақсы білемін шығармаларыңызды үзбей оқып тұрамын. Қайта сіз мені танымайтын шығасыз…

– Жо… жоқ танимын.

– Айтыңызшы онда менің атымды.

Ұялып қалдым.

– Сен,  сен..,деп барып тұтығып тоқтап қалдым. Әп-сәтте қара терге малшынып кеттім.

Шынымен оның атын әлі білмейтінмін-ді. Мені қысылдырмайын деді ме:

Менің атым Ай және Күн деп екіге бөліп айтты.

Жүрегім өрекпіп кетіп барады. Құдайым-ай,  Ақ періштем-ай, мені біледі екенсің ғой. Менің тек саған ғана арналған жүрек жарды шығармаларыммен, сондағы аппақ музаммен таныс екенсің ғой. Айнам-ай. Айым менің,күнім менің…Кеудемнен басталған ып-ыстық ағын тұла бойыма лезде тарап барады.

Тілім байланып қалғандай. Бар сөзімді айтып тауысып алғандаймын. Меңірейіп отырып қалыппын.

– Аға-, дейді қыз. Осы сөзді қанша қайталағанын білмедім әзер есіме келдім.

– Ау, қалқам.

– Сізді жұрт “Ай құшағы” атты шығармаңыздан кейін ешнарсе жаза алмай қалды десіп жүр ғой.

– Иә, ол рас.

– Сосын анда бір берген сұқбатыңызда осы туралы қойылған сұраққа менің музам ауысып кетті, енді соны ұстай алмай жүрмін дедіңіз.

– Ол сұқбатты сен де көрген бе едің,- деп сұрадым. Жаным елжіреп барады « Мен туралы ойлайды екен ғой. Мені біледі екен ғой»,- деп.

Журналист қызыдың сол сұарағы есіме түсті қайтадан.

– Аға, “Ай құшағы” сіздің соңғы шығармаңыз ба?

– Жоқ, – деймін мен қақ маңдайымнан біреу қасқайта сойылмен салып қалғандай есеңгіреп барып. Көз алдымда осы қол жеткізбестей болған ақ қыз көлбеңдеп. “Ай құшағы” атағымды аспандатып жіберген. Бойымдағы бар күшімді соған салғандаймын. Жұмыстан кеш түскенмін. Он төртіне толықси толған айдың сәулесі көше бойындағы самсаған қалың шыраққа жұтылып кеткен. Самаладай самсыған шырақтар айналаны күндізгідей жарқыратып тұр. “Менің музам” деймін күбірлеп, көз ұялта жарқыраған шырақтан ауаша шығып қаланың шығысындағы биік төбенің басына барып музаммен мұңдаспаққа көлігімнің есігін аша бергенім сол еді, мен жұмыс істейтін ғимараттан аппақ көйлек киінген менің музам шығып келеді.

Алғашында тура сол екен деп қалдым. Жерге қайдан түскен? Мен неге білмегенмін? Мен тек аспанда ғана қалықтап жүруге  жаралғанмын, жер менің мекенім емес дейтіні қайда,- деп “Ай-Күнім менің,-” деп айқайлап тұра жүгірдім.

Қасына оқыс жетіп келген мені көріп баж ете қалған қыз қайта кері қашты.

Содан бастап айды мекендеген музам маған әсер етпейтін болып қалған. ұзақ ойға батып кеткен мені журналист қыз қайта әңгімеге тартып жатыр:

– Онда неге соңғы кезде шығармаларыңыз жарияланбайтын болды.

– Өйткені ешнарсе жазбадым.

– Неге, жазбадыңыз?! Әлі де жаза алмай жүрсіз бе?

– Бұл сұраққа жауап беру қиын болса да тырысып көрейін енді. “Әр адамның, әсіресе шығармашылық адамының жеке музасы болады. Менің музам Аспандағы ай-тұғын.

– Айырылып қалдыңыз ба?

Журналист қыз өзінің аңғармай қойып алған сұрағына ұялып қалды. Мен ары қарай сөзімді жалғай түстім:

«Айлы кеш, әсіресе аспандағы ілулі аппақ айнадай болып шарасынан аса толған ай – менің санама ғажайып бір тылсым күш құятын. Сонымен бірге жаңбырлы түн, айлы түндегі жөңкілген бұлттар. Аппақ айдың бетін басып қалмаққа Айға қарай асыққан бұлттар. тура осы бұлттың қуып бара жатқан, әлде айдың жарты әлемнің келесі шетіне жете алмай, қап-қара қою бұлттан құтылмаққа қашып бара жатқан, көрнісі көз алдыма келгенде тура айдың астынан менің музам шығатын. Әлемнің бар әсемдігін бойына жинаған менің музам аспанды торлаған бұлтты етегі шұбатылған аппақ көйлегімен желпіп, аспанды шайдай ашатын тұғын. Мен де…»

– Иә, ай туралы сіздің бар шығармаңызда айтылады. Сонда енді ол көрінбей кетті ме?

– Жоқ ол табиғат құбылысы ғой. Ол мәңгі толастамақ емес, әр сәтте көрініп тұрады.

– Әлде ол сізге әсер етпейтін болған ба?

– Иә, дәл таптың,  тап солай… Мен бұрын оған барынша елітетін едім. Тіпті өзімнің де соның қатарына көтеріліп бірге жүргенімді елестететінмін. Оның жанында бір сәтке жүруімнің өзі – кесек бір шағармаға айнала алатын.

– Ал қазір?

– Қазір менің музам алмасып кетті.

– Қалай?

– Әр сәтте айлы түндегі музамды көріп шабыт алуға қанша тырбанғаныммен, соның жанына жерден бір ақ сағым көтеріледі де, қалың бұлттың арасына тығып қалып көрінбей қояды.

– Ол не сонда?

– Муза?

– Анықтап айтсаңызшы. Адам ба, зат па, құбылыс па- ол не?

– Ол жағы – менің құпиям. Айта алмаймын дегем мен де…

– Сол музаңыз туралы маған айта аласыз ба, – дейді қыз менің шашылып кеткен ойымды жинап.

– Айта аламын, әрине. Әуелі мен бірер сұрақ қояйын өзіңе.

– Келістік.

– Мені көрген сайын неге қашасың?

– Қорқамын

– Неге?

– Анау кеште маған қарай тұра жүгіргеніңізді білесіз бе?

– Иә, мен біреумен шатастырып алыппын.

– Сол күні қатты шошынып қалыппын. Үйге барғасын қатты ауырдым. Апам көрші бақсы кемпірді шақырып келген. Мені ұшықтаған сол кемпір: «саған адам бейнесіндегі перінің шалығы тиген екен деп айтып еді»

Мен қарқылдап тұрып күлдім де, оның салалы сүйрік саусақтарын алақаныма алып аялай қыстым.

– Ұстап көрсеңші,  адам емепін бе? Көзім, шашым,  тіпті тұла бойым, үнім адамға ұқсамай ма?

Айнала отырғандардан қысылса да менің уысымдағы қолын шығаруға дәрмені жетпей отырған қыз:

– Ұқсайсыз, -деп айтып алып, ішегі түйіле сықылықтай күлген.

– Бақсының айтқанына сенесің бе?

– Жоқ, мен сол күні сізді мас шығар дегенмін.

– Жоқ, тек көзіме бірдеңе елестеп кетіп, қойған сұрағыма жауап ала алдым ба жоқ па өзім де шатысып қалдым. Аппақ қыздың жүзінен төгілген ақ шұғыла десімді басып бара жатқан-ды.

Тамақтануға келіп жайғасып жатқан жұрт бізге қайта-қайта көз салады. Жап-жас қыздың жасы үлкен еркекпен оңаша отырғаны, болмаса жасы келген еркектің жас қызға емініп отырғаны көздеріне сыймаса керек.

– Далада жаңбыр жауып кетті,-деді терезе жаққа қараған қыз.

– Жауа берсін дедім мен бейжай күйде.

– Мына жерден шығайықшы, – қыз енді отырғандардан қысыла бастаса керек.

Менің жаныма жағатын сөз. Сыртқа шыға менің қолыма шатырын ұстатты сөмкесінен әлде нені ақтарып жатып:

– Муза туралы айтатыныңыз қайда?

– Көргің келе ме?

– Қойыңызшы.

– Рас айтамын

– Қызық, әуелі айтыңызшы.

– Ол үшін ана төбенің басына шығу керек.

– Көлікпен бе?

– Жаяу..

– Жарайды,- деп келісімін берген қызға мен қол шатырын аштым да өзіне бердім.

– Сіз ұстап жүрңіз, жаңбыр қатты жауып тұр ғой.

– Мен жаңбырды жақсы көремін, ұстамаймын.

Қыз қолымнан шатырды алып жатып:

– Маған ұстап бермейсіз бе, – деп бұртиып қалды.

Жүрегім езіліп кетті, өкпелеген бейнесінің өзі қандай тамаша,  тіпті айтып емес, ойлап та адам көз алдына келтіре алмайтын бейне.

Қол шатырды қайта алмақ болып едім, бермей қойды

–  Жарайды, өзім-ақ ұстай берем,- деп.

Жаңбыр астында екеуміз жаяу қаладан шығып бармыз.

Айналаны тұман баса бастады.Жоқ тұман емес, бұлт шөгіп қалғандай.

– Ананы қарашы,- деймін мен.Біз бет алған төбені жұтып бара жатқандай, етегінен басына қарай жылыстап жауып бара жатқан тұманды нұсқап.

– Қандай ғаламат көрніс, бұрын қалай байқамағанмын дейді қыз тамсанып.

– Пәлі қазір көресің, анау таудың басынан бері шөгіп келе жатқан бұлтты көрдің бе?

– Иә көрдім құлап келе жатқандай ғой.

– Енді ана төбенің басындағы мұнараға қара.

– Мә, ағай біз баратын төбе жоқ қой,  табиғаттың тамаша көрінісіне сүйсінген қыз сықылықтап күліп жіберіп барып, мұнараны қараңызшы   аспанда қалықтап тұрғандай ғажап.

Мен үнсіз музам туралы ойлап келемін.

«Аға», – қыз шаттана айқайлап жіберді, манағы таудан құлаған бұлт мұнараның басын алып кетті. Қандай ғажап көрніс. Қараңызшы, бұлттың салақтаған баспалдағы секілді. Тез-тез жүріңізші,  ана баспалдаққа өрмелегім келіп кетті.

Біз қанша асыққанымызбен басын бұлт жапқан төбеге күн үясына кіре әзер жеттік.

Төбенің басына жеткенде таудың баяу самалы шықты. Манадан айтылған әңгімені үнсіз тыңдап келе жатқан қыз:

– Аға менің аяғыма қараңызшы, бұлтқа көміліп тұр,- деп шаттана күлді. қалың тұманды самал жел жер бауырлатып ары тау басына қарай айдап барады.

– Қазір сәл шыдасаң, өзің де бұлтқа көмілесің.

Мен айтып ауыз жиғанша қалың тұман тура кеуде тұсымздан әлде қайда асыққандай өркештене толқып өтіп жатты.

– Ағатайым-ай, қандай ғажап бұл? Бұлттың үстінде ұшып бара жатқандаймын. Тек аяғымның жерге тиіп тұрғаны болмаса, рахмет сізге деп айқайлаған Ай-Күнді қолтығынан тік көтердім.

Ешнарседен қымсынатын емес.

– Алақай, мен шынымен ұшып барамын, – деп аяғын бейберкет тепкіленіп айқайға басқан.

Жөңкілген бұлттың артынан қуып, Ай-Күнді аспанға қалықтатам деп жүріп түннің бір уағына дейін тау басында қалып қойыппыз.

Манадан бергі ұлан асыр шалқыған көңілдің буы ма оған:

– Сен менімен бірге болсаңшы, мәңгі осылай аспанға қалықтатып көтертіп жүремін.

– Қалай, – деп сұрады қыз.

– Менің мәңгілік музам -жан жарым болшы.

– Ұятыңыз қайда?

– Қыз шаңқ ете қалды да отыра қалып бетін басып жылап жіберді. Табиғаттың тылсым көрнісене елітіп менімен осынша уақытқа осында қалып қойғанына налитындай.

– Ұялсаңызшы! Айтыңызшы, жасыңыз қашада сіздің? Мен әлі жиырмаға толмадым, білесіз бе?

Қырық деген қырқылжыңнан баяғыда асып кеткенім енді есіме түскендей жабырқап қалдым.

Тура осы кезде аспанды гүркірете найзағай жарқылдап барып жел күшейді де, манадан бетін бұлт жауып қалған ай жарқ ете қалды.

Жарқ ете қалған айдың астынан ақ сәуле, менің ескі музам ойнай бастады. Бетін басып еңіреп отырған қыз төменге қарай тұра қашпаққа орнынан атып тұрып барып, ай астында ойнаған ақ сәулені көріп аңырып тұрып қалды.

Жабырқаған қыздың көңілін жұбатпаққа:

– Әне менің музам- бұрынғы музам,- дедім.

Жаңағы жабырқаңқы күйін лезімде ұмытып қалған қыз:

– Рас па, қандай ғажап,- деп таңдай қақты.

– Анықтап жақыннан көргің келе ме,- деп сұрадым мен.

– Қайлай көремін, көрсете аласыз ба?

Қыз қиылып тұр. Мен мойыныма тұмар қылып тағып жүрген шәкене ғана кітапты қолына ұстаттым.

– Не киелі кітап па?

– Менің жанымның құпясы.

– Не істеймін?

– Ерніңе тигіз.

Шәкене ғана кітапты ерніне тигізе бере қыз екі көзін аспаннан ала алмай жүрелеп отыра кетті.

Менің музам аспанды кезіп жүр. Жердегі иесіне керек болмағасын барар жер таппағандай жұлдыздан жұлдызға аппақ көйлегі желбірей шұбатылып заулайды.

– Қандай керемет, бұл не? Қыз бір сұрағын қанша рет қайталай бастады.

– Менің бұрынғы музам.

– Сіз қандай сезімсіз адамсыз. Осы келбет көңілімді жылт еткізе алмайды дегеніз тіптен жалған! Қыз тауды басына көтере айқайлай бастады. Аппақ бетін өзіме қарай екі алақаныммен қысып тұрып зорға бұрып алып:

« Ары қарай көресің бе»,-деп сұрадым.оның “иә” деуге дәрмені жетпей басын изектете берді.

Мен қолындағы тұмар кітапты алдым да айналдырып теріс бетін әкеліп оның көзіне сүрттім.

Тура осы кезде біздің үстімізден көз қарлықтыратын ақ сағым аспанға қарай қалықтай жөнелді.

– Ғажап, ғажап.

Қыз одан ары тіл қата алатын емес.Көз айырмай ұзақ қарағын қыз бір заматта барып:

– Ағай, анау- анау, бар ғой.Сөзінің соңын айта алмай булығып отырып қалды.

– Ол сенсің.

– Өтірік.

– Сенсің!

– Өтірік!

Қыз жалма-жан сөмкесін ақтарып айнасын алып шықты да қарап отырып егіліп жылап жіберді.

– Енді сендің бе менің музама айналған сенсің, менің музам!

Осы кезде найзағай тағы жарқ ете қалды. Ай астынан адасып жүрген ескі музамның қасынан жерге қарай құлап келе жатқан өз сұлбам көрінді.

– Аға, аға қараңызшы, анда бірдеңе көрінеді.

Мен де аңтарылып қалдым. Жоқ, жерге қарай құлап емес қашып келе жатыр екенмін. Артымда аппақ семсері бар Алдашы келеді.

Таяған сайын анық көрінді. Сақал шашым сала құлаш болып өсіп аппақ қудай болып ағарып кетіпті. Тіптен қаусап қартайған екенмін.

Бар пәрменіммен жерге қарай заулап келемін.

– Аппақ шал. Ақсақалды адам құлап келеді. Әне,әне-, деп бажылдаған қызға; «ол менмін»-, деп айта алмадым.

Менің аппақ қудай болған сұлбам – аспаннан заулаған қалпы келіп менің денеме кіріп жасырына қалды. Ай-күн қорыққаннан баж ете түсті.

Көлбіреген көйлегінің жеңіне менің қолыммен бірген қолын тигізген сұлбам  Менің ішімде Ай-Күнге жете алмай алас ұрады.

«Құшағыңды ашып құтқаршы мені. Сенің құшағыңда ғана Алдашыдан құтыла аламын, сенің құшағыңда ғана баяғы жас бейнеме қайта аламын. Құшағыңды ашшы»-, деп бар парменіммен айқайлағаныммен Алдашының десі бар даусымды жұтып қойған, сыртқа шығар емес…

«Мені құшағыңа алшы жаным.Мені құтқаршы»-, деп көзіммен қанша ишаралағаныммен, Ай-Күн менің мұңымды сезе алмады. Мені бейберекет жұлқылап жүр.

Ай-Күннің құшағына жетсем өзімнің сол баяғы боз бала шағыма қайта оралатыным ап-анық көрініп тұрғанымен, Ай-Күнге жете алмай үзіліп барамын.

Ай-Күн төбемде төніп тұрған Алдашыны көрген жоқ.

 

 

Submit a Comment

Object moved

Object moved to here.