Image Image Image Image Image Image Image Image Image Image
Scroll to top

Top

Rigth now get betting bonus from bookmakers

Posts By admin

Қойшыбек МҮБАРАК: АЙҒАН

Маусым 11, 2018 |

Ай астына қарай шұбырған ақ керуен. Ақтылы көш. Көштің соңы жерден енді ғана көтерілген-ді. Аспанға қарай аспақталып шұбап бара жатқан көштің соңына екі аяғымнан жан кеткенше шырқырай жүгіріп келе жатып, әлде бір қу томарға шалынып жалпамнан түстім. – Ата!.. Әке!.. … Толығын оқу

Қойшыбек МҮБАРАК: Аялдамада

Сәуір 8, 2015 |

Аялдамада ұзақ тұрды. Қар қапалақтап түсе бастаған. Жасы отызды орталап қалсада әлі бойдақ-тұғын.

Қайсы күні қаланың орталығында тұратын бөлесінің үйіне қонаққа барған-ды. Сол қонағасыда бөлесі өзінің қайынбикесі Әнияны таныстырған. Әния аққұба өңді, талдырмаш бойлы, ашық жарқын қыз екен. Қаланың әлде … Толығын оқу

Қадила НҰРҒАЛИ: Қойшыбектің от жанары

Қаңтар 8, 2015 | 1

Қойшыбектің от жанары жас жазушы сабақтасым Қойшыбек Мүбаракка әзіл

 

Баяғыда, орта мектеп оқып жүрген кезімде, доп-домалақ басы дембелше бойына құп жарасқан қара торы ұл сабақтасымыз болды, ұл бала дегенімен қыз балаларға жуықтау жүретін, заманның заманында салған ескі бинаның екінші … Толығын оқу

Қойшыбек МҮБАРАК: Көне құда

Желтоқсан 24, 2014 |

Биыл ауылдың қырманын күзету кезегі біздің үйге келген. Әкемнің мың  ойланып, сан толғануымен өткен жылы үйленген ағам екеуіміз күзететін болдық. Қырман алыс емес, ауыл сыртында ғана. Бір шеті ауылға тиіп жатса, бір шеті ұзыннан ұзаққа көлбей созылып жатқан қалың қарағайлы … Толығын оқу

Қойшыбек МҮБАРАК: Суретші

Қараша 20, 2014 |

Қалада ең атақты суретшінің басын кесіп кетті. Есік терезесі тас жабылған. Сыртқа шыққан із жоқ. Тек жалғыз із шарайнаның бетінде қанмен жазылған жазу.

Ол сызған суреттеріне жан салатын. Тек суретшілер колледжіне алғаш түскен кезде ұстазы сыйлаған қылқаламмен салғанда ғана. Ол … Толығын оқу

Қойшыбек МҮБАРАК: Алажіп

Қараша 20, 2014 |

АЛА ЖІП Олар егіз болатын. Бір кіндікті болып туылды. Кішкентай кездерінен бірі жыласа, екіншісі қоса жылайтын-ды. Бірі күлсе, екіншісі бірге шаттанатын. Екеуі бір университетке түсті, бір топта оқитын да, бір бөлмеде жататын. Көзіне ұйқы тығылып күнделікті сабаққа дайындалып отырған … Толығын оқу

Қойшыбек МҮБАРАК: АЛАС

Қараша 20, 2014 |

АЛАС Жер бетіндегі ең соңғы жалғыз ауыл. Ауылдың барлық тыныс тіршілігін ауыл атасы ақбас шал шешеді. Ауылдың барлық адамын жинаған ол, – Ау халқым менің, біз бүгін жылына бір рет өткізетін некелестіру мүрәсімін өткіземіз. Осы жолғы кезек біздің анау … Толығын оқу

Қойшыбек МҮБАРАК: ЖОЛАЙРЫҚ

Қараша 20, 2014 |

Әкесінен қалған шошақ ер-тоқымды атқа асығыс салған жігіт шылбырын жиғанға үлгірмей көрші ауылға шаба жөнелді. Дәрігер алып келмек. Келіншегі қансырып хал үстінде жатыр. Арлы-берлі алып жүргенге шашырап кеткен сүйектер ыңғай берер емес. Өзенді бойлап барып айналып жететін жаттық жолды тастап, … Толығын оқу

Қойшыбек МҮБАРАК: МӘҢГІЛІК САУҒА

Қараша 20, 2014 |

Мен сені күттім. Ұзақ күттім. Сосын сен де жеттің-ау, әйтеуір. Сенің шоқтай шұғынық ерніңнен өптім. Аппақ анарыңды аймаладым. Сосын білмеймін… – Мен сенен бала көтеретін болдым. Атын кім қоямыз? – дедің. Шынымен-ақ сұрап отырғансың. Мен ештеме айтпадым. Өйткені менің өз … Толығын оқу

Қойшыбек МҮБАРАК: ОҚ

Қараша 20, 2014 |

ОҚ

Бақидың қақпасына ертіп барар біреу келер деп тар жанақымда күтіп жатқалы қашан. Айлар өтті. Жыл өтті. Шынымен жалғыз Жаратушыға да керегі болмағаны ма? Өзінің жаназасын шығарып болып “Қандай адам еді?” деген мәзімге жыйылған жұрттың бәрі: “Жақсы адам…” деп жауап … Толығын оқу

Object moved

Object moved to here.