Image Image Image Image Image Image Image Image Image Image
Scroll to top

Top

Rigth now get betting bonus from bookmakers

Мистикалық шығармалар

Қойшыбек МҮБАРАК: Аялдамада

Сәуір 8, 2015 |

Аялдамада ұзақ тұрды. Қар қапалақтап түсе бастаған. Жасы отызды орталап қалсада әлі бойдақ-тұғын.

Қайсы күні қаланың орталығында тұратын бөлесінің үйіне қонаққа барған-ды. Сол қонағасыда бөлесі өзінің қайынбикесі Әнияны таныстырған. Әния аққұба өңді, талдырмаш бойлы, ашық жарқын қыз екен. Қаланың әлде … Толығын оқу

Қойшыбек МҮБАРАК: ЖЫЛАУЫҚ ТАЛ

Наурыз 18, 2015 | 1

Ылғыйда қасына жақындасаң сыңсып ән салып тұратын Жылауықтал тым-тырыс. Үні өшкен. Жәния! Жәния деп қанша айқайласам да үн қатқан ешкім жоқ… Мен қолымдағы Бәкейдің айбалтасымен жылауық талдың діңін дүрсілдетіп шауып жатырмын. Қып-қызыл боп бұрық етіп қан шықса екен деймін. Балтаны … Толығын оқу

Қадила НҰРҒАЛИ: Қойшыбектің от жанары

Қаңтар 8, 2015 | 1

Қойшыбектің от жанары жас жазушы сабақтасым Қойшыбек Мүбаракка әзіл

 

Баяғыда, орта мектеп оқып жүрген кезімде, доп-домалақ басы дембелше бойына құп жарасқан қара торы ұл сабақтасымыз болды, ұл бала дегенімен қыз балаларға жуықтау жүретін, заманның заманында салған ескі бинаның екінші … Толығын оқу

Қойшыбек МҮБАРАК: Көне құда

Желтоқсан 24, 2014 |

Биыл ауылдың қырманын күзету кезегі біздің үйге келген. Әкемнің мың  ойланып, сан толғануымен өткен жылы үйленген ағам екеуіміз күзететін болдық. Қырман алыс емес, ауыл сыртында ғана. Бір шеті ауылға тиіп жатса, бір шеті ұзыннан ұзаққа көлбей созылып жатқан қалың қарағайлы … Толығын оқу

Қойшыбек МҮБАРАК: АЛАС

Қараша 20, 2014 |

АЛАС Жер бетіндегі ең соңғы жалғыз ауыл. Ауылдың барлық тыныс тіршілігін ауыл атасы ақбас шал шешеді. Ауылдың барлық адамын жинаған ол, – Ау халқым менің, біз бүгін жылына бір рет өткізетін некелестіру мүрәсімін өткіземіз. Осы жолғы кезек біздің анау … Толығын оқу

Қойшыбек МҮБАРАК: ЖОЛАЙРЫҚ

Қараша 20, 2014 |

Әкесінен қалған шошақ ер-тоқымды атқа асығыс салған жігіт шылбырын жиғанға үлгірмей көрші ауылға шаба жөнелді. Дәрігер алып келмек. Келіншегі қансырып хал үстінде жатыр. Арлы-берлі алып жүргенге шашырап кеткен сүйектер ыңғай берер емес. Өзенді бойлап барып айналып жететін жаттық жолды тастап, … Толығын оқу

Қойшыбек МҮБАРАК: Көршінің үйі

Шілде 8, 2014 |

F8AD1B51-2DBE-47DC-B285-6FF975AC26DA_mw800_s

Көршінің үйі

Қойшыбек МҮБАРАК

Жоғары оқу орнын бітірген соң, арнайы жолдамамен осы қаладағы әлдебір көркем әдеби журналдың редакциясына жолым түскен.
Мен келген журналдың редакциясы қаншама азып-тозып тұрғанымен қызметтестерім шетінен жаны жайсаң жақсы адамдар екен.
Бас редактор тіптен асты-үстіме түсіп менің келешек тұрмыс ақуалым туралы толғана бастаған. Толығын оқу

Қойшыбек МҮБАРАК: Портреттегі ғұмыр

Маусым 26, 2014 |

фотоҚойшыбек МҮБАРАК

Портреттегі ғұмыр

Үлкен қаланың бір бұлтарыс кішкентай көшесінде таңнан қара кешке дейін самсатып тізіп қоятын қалың өнер туындысы жайылған жаймаға соңғы үш жылда денсаулығымның ақауына байланысты үй демалысында болғасын осында келіп шеткері тұрған орындыққа отырып алып, арлы-берлі өткен адамдарға көз салып, иә болмаса ара кідік суреттер көрмесін айналып қарап шығуды әдетке айналдырғанмын.
Сан-алуан түстегі боямен сарғыш матаның арасындағы елші қыл қалам мен қыл қалам иелерініңде біразымен таныспын.
мен келген сайын
– Бала кешіктің ғой… деп алдымнан Ерден аға шығатын.
Соған бола қаншама рет таң бозынан тұрып келсемде сол баяғы аппақ сақалының ұшын бояу табы шалған ағам қарсы алып алады. Толығын оқу

Қойшыбек МҮБАРАК: Алдашы

Сәуір 30, 2013 |

–  Аға, бірдеме деші, не болды сізге? Аға! Ағатайым, қорқып барам – шырқырай өзімді жұлқылап жатқан қыздың даусын ап-анық естігеніммен, еш бір жауап қата алар емеспін. Аппақ көйлегінің көлбіреген жеңінен тас қылып ұстап алғанмын.

Төбеме келіп төніп тұрған Алдашының аппақ … Толығын оқу

Қойшыбек МҮБАРАК: Айған

Сәуір 27, 2013 |

Ай астына қарай шұбырған ақ керуен. Ақтылы көш.

Көштің соңы жерден енді ғана көтерілген-ді. Аспанға қарай аспақталып шұбап бара жатқан көштің соңына екі аяғымнан жан кеткенше шырқырай жүгіріп келе жатып, әлде бір қу томарға шалынып жалпамнан түстім.

– Ата!.. Әке!.. … Толығын оқу

Object moved

Object moved to here.