Image Image Image Image Image Image Image Image Image Image
Scroll to top

Top

Rigth now get betting bonus from bookmakers

Бір белгі

Қойшыбек МҮБАРАК: ҚОЛ ЖАУЛЫҚ

Маусым 11, 2018 |

Айдың суық сәулесі. Аспаннан ба әлдеқайдан құлдилап құлап келем. Қорқыныштан шыңғыра-шыңғыра дауысым бітіп қалған. Құлақ түбімнен суылдаған күшті желдің екпінді үні. Әні-міні жерге жетіп күл паршам шығар деп ойлағанда сұбхным ұшады. Сол қолымда бір зат бар екен. Енді бажайлап қарадым… … Толығын оқу

Қойшыбек МҮБАРАК: ҚЫЗ ЛӘЙЛІ

Маусым 11, 2018 |

– Білесің бе, бұл көлде Қыз–Ләйлі бар… – Ол кім?! – А… білмейтін бе едің? ол менің Марал әпкемнің құрбысы… – Ол қайда? – Осы көлде? – Қалай? – Жарайды онда саған басынан бастап айтып берейін… – Бұл жерге неге … Толығын оқу

Қойшыбек МҮБАРАК, мистик жазушы: «Біздің ауылды мистика кезіп жүретін» 

Қараша 8, 2016 |

Тәуелсіздіктің 25 жылы көз алдыңызда. Атажұртқа келу сізге алғаш қандай сезім сыйлады (жазушы ретінде)?

– Атажұртқа, тәуелсіз Қазақстанға оралу шет елдегі кез келген қазақтың басты арманы. Анығында мен кешегі қазақ дадасының бір пұшпағында дүниеге келдім. XVII ғасырда басталған … Толығын оқу

Мистиканың үзілмей жеткен арқауы

Қазан 20, 2016 |

Жасыратын несі бар, бүгінде «Қазақ әдебиетінің «алтын ғасыры» Кеңес одағымен бірге келмеске кетті, енді қайта тууы неғайбыл» дегендей екіұшты пікірлер мен қаңқу сөздер жиі айтылып та, жазылып та жүр. Оның себебі де жоқ емес. Қоғамды темір заман жаулап алды. Жас … Толығын оқу

Қадила НҰРҒАЛИ: Қойшыбектің от жанары

Қаңтар 8, 2015 | 1

Қойшыбектің от жанары жас жазушы сабақтасым Қойшыбек Мүбаракка әзіл

 

Баяғыда, орта мектеп оқып жүрген кезімде, доп-домалақ басы дембелше бойына құп жарасқан қара торы ұл сабақтасымыз болды, ұл бала дегенімен қыз балаларға жуықтау жүретін, заманның заманында салған ескі бинаның екінші … Толығын оқу

Қойшыбек МҮБАРАК: Көне құда

Желтоқсан 24, 2014 |

Биыл ауылдың қырманын күзету кезегі біздің үйге келген. Әкемнің мың  ойланып, сан толғануымен өткен жылы үйленген ағам екеуіміз күзететін болдық. Қырман алыс емес, ауыл сыртында ғана. Бір шеті ауылға тиіп жатса, бір шеті ұзыннан ұзаққа көлбей созылып жатқан қалың қарағайлы … Толығын оқу

Қойшыбек МҮБАРАК: Портреттегі ғұмыр

Маусым 26, 2014 |

фотоҚойшыбек МҮБАРАК

Портреттегі ғұмыр

Үлкен қаланың бір бұлтарыс кішкентай көшесінде таңнан қара кешке дейін самсатып тізіп қоятын қалың өнер туындысы жайылған жаймаға соңғы үш жылда денсаулығымның ақауына байланысты үй демалысында болғасын осында келіп шеткері тұрған орындыққа отырып алып, арлы-берлі өткен адамдарға көз салып, иә болмаса ара кідік суреттер көрмесін айналып қарап шығуды әдетке айналдырғанмын.
Сан-алуан түстегі боямен сарғыш матаның арасындағы елші қыл қалам мен қыл қалам иелерініңде біразымен таныспын.
мен келген сайын
– Бала кешіктің ғой… деп алдымнан Ерден аға шығатын.
Соған бола қаншама рет таң бозынан тұрып келсемде сол баяғы аппақ сақалының ұшын бояу табы шалған ағам қарсы алып алады. Толығын оқу

Қойшыбек МҮБАРАК: Алдашы

Сәуір 30, 2013 |

–  Аға, бірдеме деші, не болды сізге? Аға! Ағатайым, қорқып барам – шырқырай өзімді жұлқылап жатқан қыздың даусын ап-анық естігеніммен, еш бір жауап қата алар емеспін. Аппақ көйлегінің көлбіреген жеңінен тас қылып ұстап алғанмын.

Төбеме келіп төніп тұрған Алдашының аппақ … Толығын оқу

Қойшыбек МҮБАРАК: Айған

Сәуір 27, 2013 |

Ай астына қарай шұбырған ақ керуен. Ақтылы көш.

Көштің соңы жерден енді ғана көтерілген-ді. Аспанға қарай аспақталып шұбап бара жатқан көштің соңына екі аяғымнан жан кеткенше шырқырай жүгіріп келе жатып, әлде бір қу томарға шалынып жалпамнан түстім.

– Ата!.. Әке!.. … Толығын оқу

Қойшыбек МҮБАРАК: Ай толған түндегі ақ қыз

Сәуір 25, 2013 |

Соңғы жұмысқа ауысып келуім – жай қызмет емес. Атағын ат әзер көтерердей бөлім  меңгерушісі болып келуім өмірімді күрт өзгертіп жіберді.

Қырыққа таяп қалған қырқылжың бойдаққа ылғи өрімдей құралай көз жас қыздар мен бір кабинетте отыру бақыты бұйырғанына тағдырыма мың мәрте … Толығын оқу

Object moved

Object moved to here.