Қайда кетсеңде қайтып келетініңді білем!
– Мистик
Осы базарда отырғаныма он неше жыл болып кетіпті. Баяғыда бұл қаланың орталық базыры-тұғын. Кейін базар басқа жаққа көштіде бір бұрышында оншақты ғана сатушы қалғанбыз. Қай кезде басталғанын қайдам «Орталық базар» аты ұмытылып орнына «Моншақ базар» аталып кеткен. Мен сол моншақ сатамын.Моншақ болғанда да көз моншақ. Менің орным базардың ең түбінде. Есесіне есіктен кірген шыққанның барлығын анық көріп отырам.
Жаңа ғана жауған жаңбырдың суы көше бойындағы арықтан асып базардың ішіне қарай жайыла бастаған. Базардың кіре берсіндегі жөндеу кеөрмеген ойлы-шұңқырлы асфалитың шұқанақтары дерлік суға толған. Базардың шыға берсінде шемішке сататын Жәмиға кемпірдің сөресіне қайта-қайта қонып мазасын алатын көгершіндер суға қанаттарын малып дүр сілкініп су шашып асыр салып жүрген. Тура базар алдындағы аялдамаға автобус тоқтады. Бұл жердің саудасын тек жақын маңдағы тұрғындар ғана жүргізеді. Ал, көлікпен келетіндер тек маған келеді. Моншақ алу үшін. Әсіресе әйелдер жағы.
Автобустан жеңіл сары қаусырма киген аққұба қыз түсті. Қандай моншақ алуға келді екен деп ойладым. Жәмиғаның жанынан өтті де босаға жаққта арқалы орындықта газет қарап отырған күзетші Әміре шалдан:
Ата «моншақ базары» осы ма? –деп сұрады. Күзетші шал «Иә» деп жауап бергенше оң жақ сөреде сүт сатып отырған Қатипа:
Қайдағы моншақ базар. Бұл жерде ондай базар жоқ. Бұл базардың аты «Орталық базар»! Дұрыстап тыңдап ал! Бұл орталық базар!… –деп бұрқылдай жөнелді. Оның қашанғы әдеті сол. «Моншақ базар» дегенді естісе албастысы ұстайды. Әуелде қатты ыңғайсызданатынмын. Ақыры оғанда үйрендік.
Қойсаңшы Қатипаш жан. Қанша уақыттан бері бірге отырмыз Моншақ базар атанғанына Бектердің не жазығы… елдің бәрі солай атаған соң оны сұраған мына балапанның не жазығы?! –деп еді Қатипа тіптен өрекпіп кетті.
Не осында қанша уақыттан бері бізде қанша орын алып сауда жасап келеміз. Бір шаршыға толмайтын қайдағы бір алдамшы кемтардың сынық тасына базардың атын қалай береміз…
Қатипа жан қоя қой енді. Ол байқұстың не күнәсі. Жүрген бір беуаз адам ғой.
Несі бейуаз! Оның екі аяғын топ қылып мен байлап қойдым ба? Құдайдың өзіне берген азабы да? Мен базардың атын айтып отырмын… –деп Қатипа тіпті шәбелеңдер бастады. Сол баяғы әдетінше Әміре шал үнсіз қалды. «Енді не деймін. Бұған дауа жоқ қой» дегендей маған қарап алақанын жайып басын шайқады. Мен жай басымды шайқап, өзімді зорлап жымиған болдым.
Бұған етіміз әбден үйренген. Мен үндемедім. Онсызда қазір бұл шуға Бәтен кіріседі.
Түкке түсінбей аңырып тұрып қалған қызға Әміре: Айналайын бұл «Моншақ базары», иә осы базар. Ал моншақты анау түптегі Бектер деген ағаңнан аласың деп мен жақты нұсқады.
Қыз қорғаншақтап маған қарай бетала бергенде аласа сөресінің үстінен ырғып бері өткен Қатипа:
«Орталық базар» деп атын дұрыстап айтпаса мұнда кірмейді деп алдына көлденеңдей қалды. Қыз сасқалақтап шегіншектей берді. Осы кезде Қатипаның қарсында сүлгі сатып отырған Бәтен орнынан тұрды.
Әй албасты! Шашыңды жұлып қолыңа берем! Жібер андағы қызды. Біреуді кемтар деп кемсіткенің аздай оның алушысының жолын неге бөгеп тұрсың?
Сен салдақы араласпа!
Неге араласпаймын!
Бай қылып алайын деппең?!
Ой бейшера сорлы сол. Менде бай да, бала да бар… Қубас саған керек шығар…
Тарт тіліңді албасты…
Өтірік пе? Не?!
Көзіңе көк шыбын үймелетіп жіберем!
Сенен келген кереметті көріп алайын… Бәтен мен Қатипа жұлқыласа жөнелді. Қандай ортаға түсіп қалдым дегендей аққұба қыз орында қатқан қазықтай қатып қалыпты.
Қызым оларға қарама келе бер бері… –деп менің жанымда отыратын Мәкен апай қызды шақырды. Осы кезде барып неге келгені енді есіне түскендей қыз тез-тез басып бізге қарай келе жетті.
Қатипа мен Бәтен шармаяқтаса бастағанда-ақ арасына түсіп қалудан қорыққан Әміре шал базардың сыртына қарай жылыстай бастаған.
Ей Әміре осы жердің күзетіне сен жауаптысың ғой. Қайда қашып барасың. Тоқтатсаңшы аналарды! –Әміренмен құрдаспын деп қатты қалжыңдасатын, тіпті кейде бір дүниелерді батырыпта айта алатын Бағилаш апа үн қатты.
Құрысын ары! Құтырған қатындар талап жер… Қояды қазір… Әміре өтірік кеңкілдеп сыртқа шығып кеткен. Бәтеннің өзін оңдырмайтынын білетін Қатипа енді қанша көкбеттенгенімен одан құтылудың амалына кіріскен.
Не қақбас! Кім құтырған қатын? Мен сен қақбасқа құтырғанды көрсетем деп Бәтенді тастай салып Әміренің артынан кетті. Айқайлап сөйлеп барады.
Ой сорлы. Сені күзетші қылып қойған ақымақ басымыз сол! Болды-ей Қатипа! Әміре саған ұстанпайды. Бәтен сенде қой енді. Орныңа бар! Құдай-ау осы албастыларға не жетпейді? –Бағилаш апа ары қарай өзі-өзіне сөйлеп отыр.
Қыз қысыла-қымтырыла менің сөремнің алдына келді. Енді түрі тіптен анық көрінді. Қайдан екенін қайдам. Бір көрген адам секілді. Таныс мүсін. Жоқ ешжерден көрмегем. Деседе таныс секілді сезілді.
Сөреде жаюлы тұрған моншақтарды бір-бірлеп үстап көрген қыз:
Аға басқасы бар ма? –деді. Мен абрырап қалдым. Бүгінге дейін маған келгендердің барлығы моншаққа олай қарамайтын. Бірден өздеріне керектерін сұрайтұғын. Біреуі көз тюден сақтайтынын болса, енді бірі балалы бола алмай жүргенін тағы біреулері күйеумен жараса алмай жүргенін, тіптен біреулері басқа бір еркекті өзіне қаратып алғысы келіп жүргенін тағы сол секілділер еді. Ал мына қыз өзі біліп іздеп тұр. Әлде сәндік дүние үшін қарап тұрған шығар деп ойладым.
Басқалары мына жоғарыда ілулі тұр, –деп едім.
Аға алып бересіз бе? –деді. Мен қысылып қалдым. Осы кезде менің жанымда отырған Мәкен апай:
Қызым. Ағаң орнынан тұра алмайды. Өзің қолыңды созып ала қой… –деді. Қыз қысылып қалды ма? Аппақ жүзі қуарып барып, қайтадан қып-қызыл болып аларай қалды да жанарына жас ұялай қалды. Мен одан ары қысылдым. – Оқасы жоқ өзің ала бер –деп міңгірлеп жатырмын. Орнымнан тұрып моншақтарды алып бере алмағаныма қорынып қалдым. Тағдырдың басқа салғаны шығар. Аяғымның жазылмай тартылып қалғанына он жылдан асқан. Бармаған жерім жоқ. Еш емі табылмаған. Тек соңғы рет көріпкел Гүлбан апайдың айтуымен осы базарға келіп моншақ сатып соның сол бір сәтті асыға күткен. Әуелде асыға, тағатсызданып күтетінмін. Уақыт өте өмітім өзіліп моншақ саудасы күнделікті өміріме айналып кеткен.
***
Тура он неше жыл бұрын. Оқуды енді тауысып қаладан мұмыс қарап жүргем. Қолайлы жұмыс таба алмай біраз жүріп қалдым. Бірде жоғарғы оқу орнында бірге оқыған курстасым Сәлима кезігіп қалды. Жастықтың буы мен алғашқы курста екеуміз кәдімгі бір-бірімізге өле ғашық болып жұбымыз айырмай жүретінбіз. Тек соңғы курста менің аңсарып басқаға ауды да арамыз суып кеткен. Содан енді оқиятта жолығып өткен кеткенді айтысып әңгімелеіп кеттік. Бәленің бәрі содан басталды. Жақын жердегі бір шайханада отырып түстендік. Әлі жұмыс таба алмай қиналып жүргенімді естіп: – Бектер сені әбден білем ғой. Универді қызылмен бітірдің. Сенен басқаның барлығы жұмысқа орналасып болды. Маған сенсең сенің жолың байланып қалған! Жолыңды аштыруың керек! –деді. Мен оған онша иланбасамда жай қызық үшін шығар: –Қалай аштырам? –деп сұрадым.
Орталық базардың аузында отыратын Гүлбан деген апай бар. Сонда бар! Сол кезде саған айтуға батпадым ба? Әлде айтқым келмеді ме білмеймін. Екеуміз айырылысып кеткен соң қатты қиналдым. Содан бірде базарға барып жүріп сол кісіге жолққам. Жол ашатын көз тұмар алған едім. Сонда апай: –қызым сен ол жігіттің артынан жүгірме! Ол сендік емес. Қазіргі қолтықтасып жүрген қызғада бұйырмайды. Маған бір келсе тағдырын өз талдап алады. Бірі жеңіл жол, енді бірі өте ауыр жол. Екеуінің қасысын талдайды өз талайы… –деген еді. Білесің бе? Сол кезде сенімен жүріп жүрген Мәряға қандай өшіккенімді. Оғанда бұйырмайды деген соң ішімдегі қаңсыған қызғанышым басылғандай болып саған ол туралы айтпай қойып едім. Қазір ойласам оның барлығы балалық екен ғой. Ақыл тыңдасаң сол бақсы кемпірге бір барып көрсеңші… деген. Әуелде бұған онша сәп салмағаныммен жұмыссыз ұзақ жүріп жолым болмаған соң бір күні ақыры Орталық базарға бардым. Базар мен тұрып жатқан жерден онша қашық емес. Ортада бір көше ғана жатыр. Аяңдап базарға қарай тарттым. Базарға жете бергенім сол еді. Базардың кіре берсінде отырған ақшылауышты кемпір:
Әу Бектер! Сені ұзақ күттім. Қайда жүрсің балам! Кешіктің ғой… –деп саңқылдай жөнелді. Әуелді абдырап қалдым. Сосын барып өрекпіген жүрегімді басып ақрын жанына келіп: Сәлеметсіз бе апай! Мен… –дей бергенімде: –Амандықты қоя тұр! Осы уақытқа дейін қайда жүрдім. Анау салдақы саған енді айтқан болды ғой… біліп ем оның айтпайтынын… ойбуу… бейшара бала… жолыңдағы кесепат өскені сондай өзің көрінбей қалыпсың ғой… қой! Қой ары… қайда түнеп жүрсің… обал-ай… қараусыз қалған қара аруақпен қатар жатқаның не? Болды… болды… енді ол жаққа аяқ басушы болма? Әттең ертерек келгеніңде… Қап деген-ай төсекті қара есік жаққа салып алғаныңды-ай… Ақ есік жақта болғаныңда бұлай болмас еді… Қазір ол жерге барушы болма… Міне сенің көз тұмарың деп алдындағы тұмарлардың ішінен қызыл жіпке ілінген бір тұмарды алып мойныма тақты. Мен тіптен абдырап қалдым. Гүлбан апайдың сөйлеген сөзі де, әр әрекеті де бір түрлы жасанды, жалған құсап сезілді.
Керек емес… деп тартыншақтап жатырмын.
Қой балам… сен сенбей тұрсың ба? Заманы өтіп өз бойыңдағы қасиетті ұстай алмаған бейбақсың ғой сен… Қайран әулие Әдекем-ай, немересінің мұндай күйге түскенін рухы сезіп қиналып жатқан шығар деген кезде көзіп бағжаң ете қалды. Аты мәшһұр Әден бақсы менің атам-тұғын. Мен соның туған немересімін. Қайдан біледі деп ойланып болғанымша… кешіктің балам. Кешіктің… қайта су ішерің бар екен. Тура соңғы күні келіп тұрғаның. Ұзақ азап тартасың… түбі жақсы болады… –деп ары қарай гөй-гөйлей бастады. Атамды қайдан танисыз деп сұрайын деп сұрайын деп оқталдым да ол ойымнан тез айныдым. Көшедегі бір кемпірдің айтқанына сонша неге мән беріп тұрмын деп ойлап бұл жерден тез кетуге асық болдым. Әуелде мойныма таққан тұмарын өзіне қайтарып бере салайын дедім де жасы үлкен адамның кәріне қалмайыншы деп жанымнан ұсақ тиындар алып беріп кете қалмақ болып сипалана бастап едім.
Тәйт ары… мен сенен ақша сұрап тұрмын ба? Осы тұмарды өзіңе табыстап кетейін деп осында жыйырма жыл бойы арнай күттім… деп ары қарай тағы сарнай жөнелді. Неге екенін қайдам. Бақсының сөзін ары қарай тыңдағым келмей кері бұрылып қаша жөнелдім.
Тоқта Бектер! Тоқта деймін… ой жүгірмек не азабыңа асығып барасың ба! Кетпе! Тоқта!.. –деп артымнан жүгірген бақсы кемпірге жеткізбей қашып кеттім.
Қайдағы бір есі ауысқан кемпірге жіберіп деп Сәлимаға ренжіп келем. Келесі көшеге жеттім де жатағыма келдім.
Тұрақты жұмысым болмағасын арзандығына бола, бір жағынан қаланың ортасы болғасын осы ескі үйдің бір бөлмесін жалдап алғанмын. Неге екенін қайдам осында ұзақ тұрақтап қоныстанған мен ғанамын. Қалған бөлмелер көбінде бос тұрады. Арзандығына қызығып көшіп келетін көршілерім азар болса апта ғана тұрып қайта көшіп кететін. Неге екенін қайдам бөлмемнің есігін кілттеп көрмеппін. Ашық-шашық жататын. Әлде біреудің қолына ұстап кетердей қымбат дүниемнің болмағанынан шығар.
Есіктен кіре аңырып тұрып қалдым. Күнде төр жақтағы қабырғада тұратын төмек бөлменің ортасын ала кітап сөреме жақын қойылыпты. Әлде ненің құлаққа жағымсыз шықырлата қырылған үні шығады. Бір-ақ аттап төсектің жанына жетіп бардым. Менің төсегімнің орнындағы бұрышта әппақ көйлек киген бір қыз бұрыш жақ қабырғаны бұрқыратып әлде бір өткір затпен қырып тесуге таяп қалыпты. Көйлегінің етегі қабырғадан қырылып түскен топыраққа көміліп қалыпты.
Не істеп жатсыз?! –дедім, жүрегім аузыма тығыла!
Жола ма! Кет тез! Қаш! Бектемір… Андағы сызықтан өтуші бол ма! Сәлиманың әлде Мәрияның даусы. Ажырата алмай қалдым. Кіргенде байқамаппын. Бөлменің ортасын бөліп ақ бормен жалпақ сызық сызып тастапты. Оң аяғым сызықтың ішінде сол аяғым сыртында тұр екен. Енді бойымнан әл-дәрменім кетіп бүкшие бүгіле бастадым. Арт жағымнан:
Жетпегір бұл жаққа жуыма дегенім қайда! Неге сөз тыңдамайсың… көрер азабың көп қой… жетпегір… деген манағы көріпкел Гүлбан апаның даусы естілді. Бұрылып қарауға шамам келмей есім ауып кетті. Еденге құлап бара жатып манағы ақкөйлекті қыздың қабырғаның тесігінен ары қарай көйлегінің етегін шұбатып өтіп бара жатқанын көріп қалғандай болдым.
Есімді жиғанымда емханада жатыр екем. Екі аяғым жан шығарардай қақсап ауыртып барады. Екі балтырым сандарыма жабысып кіріп бара жатқандай. Айқайлауға даусым шығар емес. Айналаның барлығы аппақ жарыққа айналып барады. Тек құлағым анық еститін секілді. Бас жағымда әлде біреу күбірлеп отыр. Медбике болуы керек:
Есін жиды… есін жиды… дәрігерді шақыр… апай сіз енді шыға тұрыңыз… –деп еді. Манадан бас жағымда күбірлеп отырған дауыс:
Тәит ары… есін сенің еміңмен емес менің дұғаммен жинап жатыр… кедергі келтірмей тыныш тұр деп шаңқылдай сөйледі де қайтадан әлде бір ұғынықсыз тілмен қайта күбірлей жөнелді. Енді барып бұл дауыстың манағы Гүлбан апайдың даусы екенін сездім. Сәлден кейін есіктің сырлап ашылғаны естілді де ауыр салмақпен еденді дүңкілдете басқан біреу кірды. Манағы медбике:
Дәрігер! Науқас есін жиіп, жүрек қағысы қалпына түсті… бірақ ана кісіге сыртқа шыға тұр десем тыңдамай жатыр… –деп шағынып еді.
Айналайын. Ол кісі болмағанда біз бұл науқасқа ешнәрсе істей алмас едік? Сондықтан әзірге ол кісінің айтқанын тыңда!.. –деген ер адамның даусы естілді.
Қалай сонда? –қыз нарау тіл қатты.
Кейде ғылымның да күші келмейтін дүниені жаратылыстың өзгеше бір қасиетті күштері басқара алады. Науқасты алғаш әкелген кезде есін жиып тірі қалады дегенді қойып адам екеніне көздерің жетпеп еді ғой. Қол-аяғы тартылып тіпті мойнының өзі қайрылып доп-домалап үлкен бір кесек ет секілді болып келіп еді ғой. Мен елу жылдық жұмыс тәжірибемде мұндай жағдайды көрмегенмін. Бұндай науқастарды тек айрықша қасиеті бар адамдар ғана жаза алады. Бұл біздің қолымыздан келмейді. Біздікі тек міндетімізді атқару ғана деді. Қыз жауап қатқан жоқ. Тек ернін сылп еткізген даусы естілді. Еденнің сықырлаған дауысынан дәрігердің өзіме қарай таяп келе жатқанын сезіп жатырмын.
Ғажап. Айттым ғой ғылымның күші жетпейтін дүниені жеңетін тылсым бір күш бар екенін. Қолдары жіберіпті. Енді мойныда қозағала бастаған екен. Гүлеке сіздің осы қасиетіңіз ғой. Біздің бас ұратынмыз. – дәрігер аса бір байыппен сөйлеп тұр. Манадан бергі күбірін аяқтаған Гүлбан апа: – Е, Мәсен айтасың ғой айтасың… бәздікі не? Жәй әншейін ғой. Құдайдың қуатында. Нақ қасиетті адамдар мына баланың атасы еді. Сендерге баяғыда айтатын Әден бақсының туған немересі… Сол жарықтықтар еді ғой. Өлгенді тірілтіп алады деп өтірік айтпай-ақ қояйын. Одан бергіні… арғы дүние мен бергі дүниенің арасында еркін жүре беретін адамдар еді ғой. Қазіргілер не? Осы дүниенің өзін меңгере алмай жүрміз ғой… –ары қарай қырқылдай күлді.
Иә. Иә, мына жастар білмегенімен Әдекең туралы біз естіп өстік қой… Оның рас… Ал бұл жігіт мына күйге қалай душар болып жүр. Бұны тек сен ғана білесің ғой Гүлеке? –деді сыбырлай. Шамалы үнсіздіктен кейін дәрігер медбикеге сыртқа шыға тұр деп бұйырды. Гүлбан апа солай қаласа керек. Манадай емес денемнің қақсағаны сәл жеңілдегендей. Бірақ ешжерім қыбырлар емес. Жаным тек кеудеммен құлағымда қалғандай…
Мәке-ау сенен несін жасырайын. Айтам ғой әрине. Әрі менің бұл сөзімен сенен басқа кім сенеді мына заманда. Өзің білесің қазір бізбен қатар жасап жүрген пері мен жынның есігі адамдарға жабылып қалған ғой. Санаулы ғана саңылаулар қалған. Сол есіктердің барлығының кілті Әдекемде еді ғой… Жарықтық сол кілттерді біраз адамдарға тарқатты. Ешкімде ұстай алмады. Соны білген шығар бір кілтті осы немересіне арнап қалдырған еді. Ол кезде бұл бала кішкентай болды да есейгенде берсің деп маған аманаттаған еді. Біздің жолымыз өте қатты ғой. Қия бассаң көретін күнің осы. Шамасы мені меңзесе керек. Ауыр күрсініп алды да – Әдекем қайтқаннан соң біз ол өңірге аяқ баса алмай қалдық. Ол кісі бірден арғы дүниеге кеткен соң бойындағы алапат күш үлкен өрдені иесіз қалды да сол Әдекемнің жатқан маңын жайлап жатып алды. Өзін ұстап тұрған жаннан босаған соң ол ешкімді танымайды. Қашан біреу ие болғанша өзін кіші өрденнің барлығын жұта береді. Мен аманатты иесіне тапсыру үшін өз өрденімді сақтауым керек болды. Сол үшін алыстап осы қалаға келдім. Ауылға қайта алмадым. Осы баланы күттім. Келетінін білетін едім. Бірақ азабына көрінді ме? Кешігіп келді… деп тағы күрсінде. Ортада ұзақ үнсіздік орнады. Бір заманда барып дәрігер:
Сонда сол үлкен өрденнің иесі осы жігіт пе? –деп сұрады.
Иә солай еді. Енді өкінішке қарай ол иесіз қалды. Бұл бала тек кілттің ғана иесі болады. Бірақ оның өзін ұзақ… тым ұзақ күтеді-ау… менің кәрі жаным соны сезеді деп даусы булығып кемсеңдеді.
Неге? –дәрігер таңырқай сұрады.
Өрденге жетпей тұрып періге жолығып қалды. Өрдені болмаған соң осы әлемге қамалып қалған пері қызы мұның кілтімен есік ашып ары өтіп кетті.
Сонда қалай?
Дүние алма-кезек қой Мәке. Адамның бойында ондай қасиет әуелден жаратылыстан жоқ еді ғой. Бұндай қасиет тек перілерде ғана болады. Адамдар сол перілер мен алмасып қана өрденге ие болады… Үлкен өрденді алмастырған ақ пері еді ғой… Ол арғы әлемде де алып күштің иесі болған. Оның арғы түп иесі сол тұғын. Оның өрденін тек Әдекем ғана ұстай алған. Мына дүниенің бізге онша мәні болмағанымен перелер үшін адамдар арасы жұмақтанда қымбат саналады. Олардың кез келгені адамдар арасына келе алмайды. Оларды әкеле алатындар тек Әдекем секілді даңсалы бақсылар ғана. Ақ пері өз өрденін Әдекеме беріп осында келген. Әдекем қайтқалы ақ пері қатты жалғызсыраған. Оған кілтті беруге ешкімнің батылы жетпеді… Олда осы баланы асыға күтті. Ақыры айласын асырып алып кетті. Ары өтіп кетті. Енді біздердің өрдендеріміздің еш қасиеті қалмай қалды. Тек бойдағы шамалы күш қана… Ақ пері кез келген адам бейнесіне ене алады. Оның адам бейнесіне енген кейпін бізде тани алмаймыз. Өйткені оған құдіретіміз жетпейтұғын. Ол құдіретті еді ғой… менің көзімді де жауып тастаған ғой. Бір қалада… тіпті жап-жақын жүріп мына баланы көре алмағам ғой… ақыры орайлы сәтін күтіп жүріп жақын таныстарының бейнесіне еніп маған өзі бастап әкелгенде кілтті алып ары өтіп кетті.
Сонда қалай? Соншалықты құдіретті ақ пері бұған дейін кілтті неге ала алмаған?
Е, біздер адамдар ғана уәдені бұзып, шартты орындамай кете береміз ғой. Ал, жындар ешқашан уәдесінен айнып, шартты бұзбайды. Тек амал ғана жасайды. Мына жігіттің мүшелге толғанын күткен ғой. Сол өткен аптада мені тапқан кезінде мүшелге толған еді. Мен жатағыңа барма алыс басқа жаққа кет дегеніме көнбей сонда өзі барып отыр ғой. Қайдан білейін ақпері өзі ертіп кеткен шығар. Оны мен бейбақ көре алмаймын ғой. Бұның жатағына қарай кеткенін көріп артынан тұра жүгірдім. Құдіреті күшті құдайым-ай десеңші. Қажет кезінде шапқан аттанда жылдам болатын мына құрғыр аяғым тұсалып мынаның артынан жете алмай қалдым ғой… Ақ пері тұсап тастаған екен ғой мені… енді ойлап көрсем. Айттым ғой перілер уәде де тұрады, шартты бұзбайды… тек керек болғанда амал жасайды деп. Арғы дүниенің есігін ашарда есікке екі адым жеткізбей сызып тастаған ғой. Қайта су ішеріне бола Бектердің бір аяғы сызықтың сыртында қалып жаны қалып отыр ғой. Әйтпегенде ана жаққа өтіп кетер еді…
Енді не болады? Бізден не қайыр? Айтпақшы өзіңнен бір дүниенің жайын сұрағым келіп еді. Бұл жігітті неге осында алып келдің? Кәдімгі емханаға апармай? Бұныңда бір сыры бар шығар?
Иә, әрине, бұған менен басқа ешкім көмектесе алмайды. Ал бұның байлауын тек мен ғана шеше алам. Ақ пері есікті ашып кілтті осында байлап кеткен. Сендердің көздеріңе көрінбегенімен маған анық көрінетін бір дүние бар.
Не ол?
Сендер мына жігіттің тек тәнін ғана көре аласыңдар. Ал сыртып домалатып шырмап тастаған қызыл жіпті көре алмайсыңдар. Ол тек өрденділерге ғана көрінеді.
Сонда қол-аяғының сіңірі тартылып қалған емес пе? Бізге солай көрінеді.
Жоқ… көз моншақ тағатын қызыл жіпті білесің ғой… тура сонымен бірақ шырмап тастаған. Мен жетіп сызықтың сыртына тартып шығарып алғанда адам емес үлкен домалақ қызыл жіпті көрдім. Ақпері ары кеткен соң бойыма күшім қайта еніп дуамен шеше бастадым.
Мұнда неге әкелдің? Соны айтпадың ғой… Бұл көтеріліп ауырғандарды емдейтін жер ғой…
Мұнда әкелген себебім бұл жер қара күштердден қорғалған?
Сонда қалай?
Сендер де жатқан адамдардың көбінде орасан тылсым күш бар! Солардан сескеніп басқа күштер мұнда келе алмайды…
Оларға бұдан не керек ал?
Мана айттым ғой. Ақпері кілтті осы баланың денесіне байлап кеткен. Соны алуға тырысады.
Неге?
Айттым ғой. Қазір барлық жерде арғы дүнеинің есігі жауылып кіттерінің күші жойылып жатыр. Ал мына кілттің қасиеті ешқашан жойылмайды. Соған жеткісі келеді. Сол үшін басқа жерлерге қарағанда бұл жер қауіпсізрек.
Дәрігермен Гүлбан апаның әңгімесі тым ұзаққа созылды. Жанымды жеп қинап бара жатқан науқасымның әсері ме, әлде басқама өзімеде түсініксіз. Осы әңгімелер маған еш әсер етпегендей. Тіптен өзіме қатысы жоқтай, әлде онсызда осылай болатынын, боларын бәрін баяғыдан білетіндеймін… Жоқ тіпті осындай әңгіме болмағанда шығар. Жанымды жеп бара жатқан дертім есімнен адастырып санама әлде нелер елестеп жатқан шығар. Ешнәрсенің байыбына бара алар емеспін.
Ақырындап саусақтарымның ұшы қимылға келе бастағандай. Қара санымнан төменгі жағым қып-қызыл шоққа қарылып жатқандай қан-қақсатып барады. Бір заманда әлде қандай мың қабат арқын бітірлап үзілгендей үн шығып барып желкем үзіліп кеткендей болды. Жоқ әлде басым денемне атылып шығып кеткендей. Шарт ете түсті. Жон арқам солық ете қалды. Көзім енді ашылды. Маңайым тола шумақталған қызыл жіп.
Енді өз құлағымды тұндырған ышқынған дыбысым шығып жатыр. Екі өкпем бар ауаны бірақ толтырып алғандай аузы мұрымнан ауаны шығырып үлгере алмай булықса, қайта дем тартқанда әлде бір түпсіз терең шыңырауға жойқын бір күшпен бар ауаны тартып жатқандай алқындарып барады. Тамағым қаңсып қатты бір дүниеге айналып барып ары қарй өртеніп жатқандай…
Су… Су әкел… Мәке бол тез… кеңірлегі сүйектеніп кетпей тұрып су құйып жіберейік… Алда жасаған-ай… аман! Аман! Аман қылды… –Гүлбан апа айқайлап жатыр.
Аузыма су тамызып жатыр. Тамызған су ернімде-ақ, кеуіп құрғап кетіп жатқандай. Не бір заманда барып тамағым сәл жіпсігендей болды. Манағыдай емес, алқынысым да басылып демін қалпына келгендей. Тек аяқ жағым шырқыратып барады.
Көзім ашылып, қолдарым икемге келіп қалыпты. Гүлбан апа мен Мәсен дәрігерді енді анық көріп жатырмын. Қолымды ептеп жылжытып жанымды жеп бара жатқан жамбасы қарай апара беріп шоршып кеттім. Саусағым саныма емес әлде неше мың қуатпен айналып тұрған станокка түсіп кеткендей болды. Әлде бір жойқын күш жатқан орымнан жұлып алғандай болып еденге дүрс ете түстім. Көзім аяқ жағыма түскенде манадан аурудың азабынан шырқырап жатқаным жайында құлында-құлын дауысым шықты.
Екі аяғым бірдей жоқ. Орнында қып-қызыл жіпке оралған екі тұғыл ғана қалыпты. Екі аяғымды да кесіп тастаған екен деп ойладым.
Апатай-ау, апатай маған не болды? Аяғымде кесіп тастаған ба? Аяғым қайда?.. –деп шырқырап жатырмын.
Құдайым-ай, құдайым! Көзінің пердесі алынған екен ғой… Бар аяғың қорықпа балам! Бар! Сабыр ет! –Дәрігер мен Гүлбан апа екеуі екі жақтап жүріп мені қайтадан төсекке шығарды. Манағы менің аузыма тамызған судан қалғаны болса керек Гүлбан апа кесенің түбіндегі суды аузына толтырып бетіме бүркіп жіберіп ары қарай үстіндегі бешпетін басына жамыла қалып күбірлеп отыра кетті.
Жанарым сөніп бара жатқан қараутып барып бір қара түнек басталды да жарық етіп қайта ашылды. Енді көрдім. Манағы ағамының орнындағы жіп жоқ. Бірақ екі қылтамның сіңірі тартылып жабысып қалғандай екі балтырым сырқырай сыздатып саныма жабысып қалыпті. Қолыммен балтырымды жазбақ болып қанша тырбынғаныммен саусақ сиятын жік таба алмай қиналып жатырмын.
Манағыдай емес ауырғаны сәл басылғандай. Бірақ денемді қозғасам балтыр етіп бырт-бырт етіп үзіліп кетердей қақсатып әкетіп барады. Ұзақ отырып күбірлеген Гүлбан апа бір замантта барып орнынан тұрып мен жатқан төсектің аяқ жақ жақтауына келіп отырды.
Отырды да ұзын сонар бір әңгімеге кіріп кетті. Мен үнсіз тыңдап жатырмын. Тек терезе жақта отырған дәрігер ғана анда-санда тамағын кенеп жүткірініп қояды.
Мен арада тағы екі күн өткен соң барып толық есімді жидым. Апта бойы ес-түссіз жатыппын. Әуелде Гүлбан апа мен дәрігердің арасындағы айтылған әңгімеге өзімді сендіре алмасамда артынан бар жаймен таныстым. Талқыға түскен тағдырыма бойұсынуыма тура келді.
***
– Айтқанды тыңдамай тартқан азабың-ай –деп күсінген Гүлбан апа маған мен өзім білмейтін біраз сырды ашып берді.
Ендігі өмірім қанша уақытекені білгісіз екі аяғым буулы қалпы топ болып өмір өткізеді екен. Ақперінің мөрі балалап сол осы әлемде қалып қалыпты. Әзірге оны ешкім ұстай алмаған екен. Оның иесі Гүлбанның сіңілісінің немересі ғана екен. Ал ол әлі жас. Мөрді ұстауға әлі шамасы жетпейді. Жалғыз амал соның бойжеткенін күту керек. Тек сол ғана Ақ пері жасырып кеткен кілтті ала алады екен. Ал кілт алынған соң аяғымды буып тұрған тылсым жіп өздігінен үзіліп ары қарай қалпына келеді дейді. Гүлбан апа осы әңгімені қанша айтсада мен қабылдай алмайдым. Расында оған өзімді сендіру үшін қанша талпынсамда санам қабылдай алар емес. Тағы біраз уақыт өткен соң арбаға таңылған қалпы ауылға қайттым. Қанша жерге барып қаралдым. Еш дауа таппадым. Ақыры осы қалаға қайтып келуге мәжбүр болдым. Келе сала әуелі осы орталық базарға жеттім. Кешегі аттай желіп заулап жүрген жерлерімде енді арбаға таңылып кемтар болып қалғаныма қанша ашынсам да қолымнан келер қайран жоқ. Гүлбан апа баяғы сол орнында отыр екен. Мені анадайдан көре сала:
Айтып едім ғой. Сенің бұдан басқа амалың жоқ. Жалғыз шешім осы деп. Бостан босқа қанша уақытыңды өткізіп алдың… самбырлай сөйлеп жүріп мені өзінің моншақ жайып қойған сөресінің жанына әкелді.
Мен енді ауылға қайтам. Мына жер енді саған аманат. Сендегі кілт босағасын есік қайта ашылады. Келесі тағдырыңды сол есіктің алдынан күтесің… ары қарай не болатынын мен де білмеймін… оны өзіңнің тағдыр талайың шешеді. Тек кілттің иесінен адасып қалма! Әсілі менің де бұл жақтағы дәмім таусылуға шақ қалды. Ары жаққа өтіп кетем. Бізге бұл әлемге келіп тұруға мүмкаіндігіміз болғанымен, бізді айрықша қасиеті бар жандар болмаса басқа ешкім, енді ешқашан көре алмақ емес. Алда-жалда мені біреу көрер болса, саған қарай жол нұсқармын… айырылып қалма!… –деген секілді біраз сөздер айтты. Мен бақсы кемпірдің айтқанына еш қарсылықсыз көндім.
Базар жауаптыларымен жолыққан Гүлбан апа сөресін базардың ең түкпіріне апарып орналастырып мені сонда қалдырды. Қашан Әлина келіп кілтті алғанша осында мына моншақтарды сатып күн көресің деді.
Бұлар таусылып қалса қайдан алам дедім. Менде ендігі өміріме бірден бейімделмек болып.
Алаңдама! –деп сөренің астына қолын жүгіртіп бір шеті ұшқан үлкен көз тұмар тасты алып қолыма ұстатты да,
Бұл Әдекмнен қалған асыл қазына!.. Әр ай толған сайын, ай сәулесі айнадан түсер болса балалап отырады… –деді. Арнайы бояғандай ортасында көзі бар тастың балалайтынына сенбесемде алақаныммен аялай ұстап.
Аяғым мәңгілік осылай байланып қалмай ма? –дедім мүжіліп.
Ақ перінің осында қалған қасиеті қалайда бір жанды табар. Ал мен онымен жолыға аалар болсам саған қарай жол сілтермін. Кілт сол аққыздың қолына түскенде сендегі барлық байлау шешіледі… Тек сол аққызға ие болып қалсаң… Әдекемнің бар қасиеті қайта сені табар еді… Екі аяғымды буған жіп кейде тіпті шиыршықталып бунаған кезде есімнен адасып қалатынмын. Гүлбан апа сөйлеп отырғанда сол ауруым қайта ұстаған. Аяғымды бунаған жібті жұлмалап отырып есімнен танып қалыппын. Мен есімді жиғанымда гүбан апа ұшті-күйді жоқ болып кеткен еді.
***
Бастапқы жылдары Гүлбан апаның нұсқайтын жанын асыға күттім. Тіпті кей кездері түсіме де кіретін. Қалай болсада сол түстерімдегі ақ қыздың өңін өңімде еш ойыма ала алмай қиналатынмын. Әредік аяғымды бунаған жіп ширығып жанымды шырқырата бунағанда екі санымды жұлмаланып отырып есімнен адасып қаламын. Әуелде жанымдағылар бұған үреймен қарайтын. Соңыра мүсіркейтін, кейін бойлары үйреніп елеп-ескермейтін болғанды.
Арада біраз уақыт өткеннен соң базардағылар дерлік қаланың басқа аумағына жаңа базарға көшті де осында осы он шақтымыз ғана қалғанбыз. Базар сыртында отырып шекілдеуік, дәнектер сататын Жәмиға. Базардың кіре берсіндегі ескі орындықтан тапжылмай отыратын күзетші Әміре. Кіре берісте ірілі-ұсақты түрлі түсті сабын сататын атын ешкім білмейтін мылқау келіншек. Одан кейін айран-сүт сататын Қатипа, Бояу қалбырларын таңнан кешке дейін қаңғырлатудан жалықпайтын Жұпар. Жұпармен бір сөреде қатар отыратын үлкенді-кішілі түрлі түсті түйреуіштер сататын Бағия, одан кейін көз моншақтарым жаюлы менің сөрем. Менен кейін қызылды-жасылды қалың жіп сататын Мәкен апай, Мәкен апайдың ар жағында үлкенді-кішілі жауырындарға түрлі әшкейлер салып сәндік бұйым ретінде саудалайтын Мәрзия, Мәрзиядан соң түрлі сүлгі орамал сататын Бәтен одан ары қатарынан үш орын бос тұратын. Ортада дөңкиіп бір үлкен балбал жататын.
Барлығы бір біріне байланып қалғандай сезілетін. Тек ішінде Қатипа ғана өзгеше-тұғын. Неге екенін қайдам Қатипа Бәтенмен айқайласқан күні кешке қарай ортада балбалдың жанына келіп алып жүрелеп отыра қалып шашын жайып жіберіп адам түсінбес әлде бір сүркей дауыспен гойгойге басатын. Ол кезде базардағылардың барлығы жылдам кетіп қалуға тырысатын. Қатипадан басқалардың барлығы мені жақын тартатын. Менің әредік ауруым ұстап қиналып қалғанымда көмектесетінде осылар.
Тура сондай кездерде жаныма батқан ауырумен бірге Қатипаның ащы сөзі тіптен жанымды жейтін. Неге екенін қайдам Қатипаның менімен жұлдызы қарсы. Қараптан-қарап тұрып соқтығады да жүреді.
Мен базарға тым ерте келіп аламын. Алда-жалда базар ішінде Қатипа жалғыз болса, басқа біреулері келгенше сыртта күте тұрушы едім. Ішке кірсем мені арбамнан домалтып жіберіп арбаны алысқа апарып тастайтын де екі қолыммен жер тіреп сүйретіліп бара жатқаныма қарап:
Бейшара, міскін. Сенде адаммын деп, адамдар арасында өмір сүргің келеді ә? Өзіңді адам сезініп мына базарда бізбен қатар тұрғың келеді ә? Қашан айттың деме бір күні сені тұншықтырып қана өлтіре салам! Болмаса жарға жығып, не көліктің астына итеріп жеберем сені!.. –деп айқұлақтанатын.
Әпкетай-ау, менің не күнеәм бар? Менде неңіз бар? –десем, жаныма жетіп келіп жерде домалап жатқан мені тепкілей жөнелетін де:
Зәндемнің өтірік білмей қалуын. Сенің кесіріңнен барлық есік жабылған. Сенің кесіріңнен міне біз ешқайда кете алмай базарда байланып отырмыз… –дейтін. Мен Қатипаның онысын баяғыда Гүлбан апа маған әңгімені естіп алып соны сойқанға айналдырып жүргені шығар деп жорыйтынмын. Қатипадан мені тек Бәтен ғана құтқарушы еді. Осындай да көріп қалса атылып келіп Қатипаның бұрымынан сүйреп сыртқа алып шығатында ерлерше тепкілеп ит сілікпесін шығаратын. Шамасы тартатын жазасын алып болды-ау дегенде тек Әміре ғана арашаға келіп екеуін ажыратып орындарына отырғызытын. Ары қарай екеу түс ауғанша бір-біріне ауыздарына келгенін айтып айқайласыатын да отыратын.
Бейуаз мүсәпірге неге тисесің? –деген Бәтенге Қатипа:
Сандайлмай жайыңа отыршы. Салдақы сол! Оның қандай бейуаз бейшара екенін шынымен білмей отырсың ба? Отыр онда өмір бойы жұрттың көті басын сүрететін орамал сатып… –десе Бәтен:
Сенің сорлап өзіңнің өңешіңнен өткізе алмайтын сүт сатып отырғаныңды осы баладан көресің бе? Бұл осы тағдырды өзі тілеп алды дейсің бе?
Көресің салдақы… қара есік ашылған күні жаныңда жаһанамға апарып қалай қинағанымды…
Көрсек көреміз… сен секілді қара есікті күтіп жүргенім жоқ… жаратқан жар болып кілт босаған күні ақ есіктің алдында тұрамыз. Осындағылардың бәріміз ағарамыз… Тілеген тілеуіңе қарай қара күйленіп қара есікке таңылып қалған сен ғанасың қара албасты…
Қара есіктің құдіретін білмейтін бейшара… –екеунің айқайы сырттан бөтен біреу келмесе күн батқанша басылмайды. Тек сырттан әлде кім келсе жым–жылас бола қалатын.
Болмаса Бәтен апа мен Бағилаш апайдың біреуі: – Жетер енді түге тоқтатыңдар. Маза бермедіңдер ғой… айтарларыңды енді осында қалып мына балбалға айтыңдар деп айқайлайтын. Балбалдың не қасиеті барын қайдам екеуіде басыла қалатын да, базардан түсерде Бәтен сүлгілерінің бірін әкеліп балбалға жабатын. Ал, Қатипа шашын жайып гөйгөйіне басатын. Қатипаның даусы құлақты тесіп, басыңды шарадай қылып шатынатып жарылып кетердей күй кештіретін. Аһылап-үкілеген Әміре шал: Бір күні сырымыз ашылып бар мекеннен айырылып қалармыз!.. –деп алды-артына қарамай қаладағы қалың нөпірге сіңіп кеттетін.
***
Жоғарда іліулу тұрған моншақтарды қолына алған қыз енді жүрелеп отыра қалды да сөренің астына қолын жүгіртті.
Мен сасқалақтап: – Ол жерде жалғыз тастан өзге ешнәрсе жоқ… –дей бергенімде ана жақтақтан Қатипаның ащы даусы шықты.
Кілт! Кілт! Ол сенікі емес… менікі… әкел бері! –деп сөресінен қарғып бері қарай жүгірді. Сөресінен қарғып түскен Қатипаның етегіне жабыса түскен сабын сататын мылқау келіншкке үн бітіп:
Жоқ! Ол саған емес… өз иесін тапты… –деп бажылдап жатыр. Әпсетте базар іші айқай-сүренге толып кетті. Базардағылардың барлығы Қатипаға жармасып жібермей жатыр. Қыз ешнәрсені сезбегендей сөре астындағы тасты оң қолына алып сығымдап ұстап тұрды да көзін жұмып әлде нені күбірлегендей болды. Осы кезде менің аяғымдағы шырма шату болып байланған жібтер бытырлап үзіле бастады. Мен ешнәрсенің байыбына бармай есеңгіреп барам. Бір заманда менің екі жіліншігімді саныма жаппсыра шандылған жіп үзіліп болып жерге ортасы тесік қап-қара моншақ шылдыр етіп түсті. Мен өз еркімнен тыс ортымнан атып тұрып барып сөреге сүйеніп тұрып қалдым. Жерге түскен моншақты іліп алған қыз алды артына қарамай сыртқа қарай жүгіре жөнелді. Манадан Қатипамен алысып жатқандар енді Қатипаны тастай салып қыздың артынан алып-ұшып жүгіріп барады.
Келді! –деп еркінен тыс қарқылдап күлген Әміре шал
Кетті! –деп орнынан атып тұрып арттарынан қуып бара жатқан Қатипаның соңынан жүгіріп барады. Базардың ішінде тек Мәкен апа екеуміз қалыппыз.
Апатай не болып кетті? –деп мен әлі есіме келе алмай тұрмын.
Қозғалма Бектемір. Сен қозғалсаң Балбал қатып қалады! Үндеме! Қозғалма!–деп менің тас қылып құшақтап алыпты. Кенет жер қозғалып кеткендей солық ете түсті де баяғыдан бір басы жерге көміліп дөңкиіп жатқан балбал тас өздігінен қақпаға қарай дүңкілдетіп домлай жөнелді. Осы кезде барып Мәкен апа мені қолымнан сүйрелеп:
Бол! Бол! Есікке жетейік. Екі есікті тек сенғана айыра аласың –деп мені сүйрелеп келеді. Менің он жыл бойы тартылып қалған аяғым сап-сау секілді Мәкен апамен бірге баяғыдағы өзім тұрған ескі жатаққа қарай жүгіріп келем. Мені сүйрелеп келе жатқан Мәкен апа:
Бектер балам! Ақ есікті ашып берде аққызды өзің осында алып қал!.. Ол жақ адамдар үшін емес… Адамның бар қызығы осы әлемде… қатар тұрған екі есіктің ақ-қарасын тек сен ғана ажырата аласың… аққызға қайсы ескті ашатынын көрсетте байқатпай мына жіпті бұрымына байлап таста… біз арғы жаққа өтіп кетеміз… Аққыз саған қалады… тек балбал тас есікті жауып қалмай тұрғанда жетіп үлгерейік… –деп сөйлеп келеді. Біз алып-ұшып ескі жатақтың орнына жеткенімізде мен өз көзіме өзім сенбей аңтарылып тұрып қалдым. Күнде базарда бақырып шақырып тұратын кексе әйелдер әппақ көйлек киіп әдемі хор қыздарына айналып кетіпті де. Қап-қара жамылғы жамылған Қатипаның қасында баяғыда жоғары оқу орнында менімен бірге оқып біз мезеттер жансүйер болған Сәлима мен Мәрия қара киініп Қатипаны құшақтап тұр.
Келдіңіз бе? –деді аққыз маған қарап. Мен баяғыда ақпері үңгіп кіріп кеткен бұрышты нұсқадым… аққыз бұрышқа жете бере гүр еткен дыбыс шықты да қабырға сөгіліп түсіп ар жағынан бірі әппақ, енді бірі қап-қара қатар екі есік көрінді. Аққыз ақ есікке кілтті сала бергенде мен манағы Мәкен апа берген жіпті бұрымына байламақ болып қолымды созғаным сол еді Қатипаның жанындағы Мәрия мен Сәлима маған қарай тап берді…