Жұм. Қар 22nd, 2024

Мен сені күттім. Ұзақ күттім. Сосын сен де жеттің-ау, әйтеуір. Сенің шоқтай шұғынық ерніңнен өптім. Аппақ анарыңды аймаладым. Сосын білмеймін…
– Мен сенен бала көтеретін болдым. Атын кім қоямыз? – дедің. Шынымен-ақ сұрап отырғансың.
Мен ештеме айтпадым. Өйткені менің өз балам бар болатын. Одан басқа балам жоқ-тұғын. Сен қатты жыладың. Маған қатты кектендің.
оншалықты ұзақ үнсіздіктен кейін:
– Соңғы айтарың осы ма? — дедім.
– Жарайды, онда мен ұйқыдан оянам, – дедің де, сүйрік саусақтарыңмен бетімнен жанып жібердің.
Мен шошып ояндым. Қайдан екенін кім білсін, құшағымда бір кесек мұз жайлап еріп бара жатты. Мұз еріп бітті. Менің мойнымда сен сыйлаған тұмар.
Сен шошып ояндың. Қайдан екенін кім білсін, құшағыңда батпан қара тас еңсеңді езіп, басып бара жатты. Сен мойныңдағы мен сыйлаған тұмарды көре алған жоқсың.

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.