Image Image Image Image Image Image Image Image Image Image
Scroll to top

Top

Rigth now get betting bonus from bookmakers

Мистик

НАТРЮМОРТ

Қаңтар 7, 2020 |

Бетіме түскен күннен, әлде ұйқым қанғаннан оянып кеттім. Кешегі соншалықты ішкенімді ойлап, орнымнан тұра алмайтын шығармын деп ойладым. Жоқ, сергек секілдімін. Тіптен арақты артық ішкен күннің ертеңінде таңдайыңды құрғатып, жаныңды қинап тұратын шөл де, басыңның ішіне әлдебір қорғасын құйылып … Толығын оқу

Талөкпедегі Тамара

Қаңтар 7, 2020 |

Мен оны алғаш Талөкпеге барғанымда көрдім.

Шағалалыдан жолыққан Талап ескі көлігін қалыптан тыс жылдамдықпен жүйткітіп отырды. Әуелде аңғармаған екем. Көліктің тежегішімен жылдамдық арттырғыш құрылғыларының барлығы рульге қолмен басқарылатын етіп орналастырылған екен. Әлденені білмек болған адамдай тізесінен көз салғам. Тізеден … Толығын оқу

Қойшыбек МҮБАРАК: Өртенген үй

Қаңтар 5, 2020 |

Кешеден бері құрулы тұрған этюдниктің бетіне кергішке керілген кенепті қойып жатып Бота жүрегі өрекпи жөнелді. Жолға шығарда мальбортпен бірге этюдникті де алып шыққанды жөн көргенді. Бөлменің шырағын өшіре салып терезеден Жайыққа қараған. Толықсыған айдың аппай сәулесі су бетіндегі … Толығын оқу

Қойшыбек МҮБАРАК: БҰЛТАРЫС

Сәуір 29, 2019 |

Алдымдағы қара телефон бебеулей жөнелді. – Иә! – Естер ағасыз ғой! – Тыңдап тұрмын. – Қалыңыз қалай? Есен-аман жүрсіз бе? – Аманшылық. . . тани алмай жатырмын. . . –шынымды айттым. – Иә, танымайсыз. . . Атым Ләйла. . . … Толығын оқу

“Жетісу” арнасы “Оқырман” бағдарламасы

Қазан 31, 2018 |

Жетісудың “Оқырман” бағдарламасына қонақтта болып қайттық.

Толығын оқу

Қойшыбек МҮБАРАК: СҮЙЕК

Маусым 11, 2018 |

Мен қаладан келерден көп бұрын біздің ауылға Есен шал қайтып келіпті де, келе сала ауылдағы молдамен бірге біраз шал-шауқанды ертіп Сайтансайға жол тартыпты. Айтпақшы, Сайтансай деп отырғаным ауылдан күншілік жердегі көне қыстау болатын. Кеш бата «Мені алып кетіңдерші… мені жалғыз … Толығын оқу

Қойшыбек МҮБАРАК: ҚАРА ҚОБЫЗ

Маусым 11, 2018 |

Әсілінде біз бұл жердің тұрғылықты тұрғыны емеспіз. Көрші ауданнан көшіп келгенбіз. Сырттан кірген кірме болған соң ба, бұл жақтың адамдарымен аралас-құраласымыз әліге саябыр. Осыдан екі жылдың алдында үйірден бөлініп қалған шабдар биені іздеп кеткен әкей араға оншақты күн салып келді … Толығын оқу

Қойшыбек МҮБАРАК: ЖЫРТЫҚ КӨЙЛЕК

Маусым 11, 2018 |

Мен оны әмиянымның түбін ақтарып әзер тапқан тиынымды автобустың ақша есептегішіне салып жіберіп, есіктен сүйретіле түсіп келе жатқанда көрдім. Көзіміз қас-қағым сәтке ғана түйісіп барып тайып кетті. Қайта қарастық. – Жолды босат! Арт жағымнан біреу желкемнен нұқып қалды. Мен сүрініп … Толығын оқу

Қойшыбек МҮБАРАК: ҚОЛ ЖАУЛЫҚ

Маусым 11, 2018 |

Айдың суық сәулесі. Аспаннан ба әлдеқайдан құлдилап құлап келем. Қорқыныштан шыңғыра-шыңғыра дауысым бітіп қалған. Құлақ түбімнен суылдаған күшті желдің екпінді үні. Әні-міні жерге жетіп күл паршам шығар деп ойлағанда сұбхным ұшады. Сол қолымда бір зат бар екен. Енді бажайлап қарадым… … Толығын оқу

Қойшыбек МҮБАРАК: ПЕРІ КӨШІ

Маусым 11, 2018 |

– Көке, «Торлысайға» бейтаныс біреулер келіп қонып жатыр екен. – Қай ауыл? – Білмедім… – Шамасы біздің жағдайымызды білмейтін біреу шығар… Әтең бар ма?.. Маған келіп кетсінші… – Қазір шақырамын. Бозбала тез басып үйден шыға жөнелді. – Үһ! – деп … Толығын оқу

Full reviw on bet365 b.artbetting.net by artbetting.net
BIG Theme - Here
Object moved

Object moved to here.