Қол жаулық
Айдың суық сәулесі. Аспаннан ба әлде қайдан құлдилап құлап келем. Қорқыныштан шыңғыра шыңғыра дауысым бітіп қалған. Құлақ түбімнен суылдаған күшті желдің екпінді үні. Әні-міні жерге жетіп күл паршам шығар деп ойлағанда сұбықаным ұшады. Сол қолымда бір зат бар екен. Енді бажайлап қарадым… буалдыр сәуледен әзер көрінеді… кәдімгі қол орамал. Жоқ қол орамалдың жартысы. Мен қайдамын деп ойландым. Дұрсы қайдан құладым? Мынау не қылған орамал? Төменге қарадым. Қарауытып түбі көрінер емес… құлағыма біредің үкілеген үні келді. Жан-жағыма жалтақтай бастадым. Менен сәл қиғаш төменде тағы біреу құлап барады екен.
– Ей! Кім бұл?
– Сенсің ба Дастан?! – даусынан тани кеттім. Менімен бір бөлмеде жататын досым Асыл екен.
– Құдай атқыр біз қайдамыз…
– Білмеймін… есімді жаңа жидым құлап келеді екенмін.
– Шипамыздың біткені осы болар.
– Солай досым…
– Қашан жетер екенбіз?
– Қайда…
– Жерге…
– Мен білсем тап осы біз жерден құлап келеміз.
– Қой ары… қолыңдағы не?
– Білмеймін жарты қол орамал… сенің ше
– Менде де…
– Есіме бірдемелер түсетін сықылды…
– Менің де.
– Айтпақшы екеуіміз бөлмеде отырғанбыз.
– Иә. Таптым осы орамалға таласып қалдық.
– Менікі болатын.
– Жоқ менікі.
– Маған Бәну берген.
– Жоқ маған Ләйлі берген.
– Ей ақымақ. Менікі.
– Мен емес сен ақымақсың… құлап бара жатқан кейпіміз мынау… орамал не теңіміз.
– Мен білсем бізді осы орамал құтқарады.
– Тапқан екенсің шапағатшыңды… иә! Иә! Есіме енді түсті. Екеуміз менің орамалыма таласып қалғанбыз. Содан ортасынан қақ айырылды. Орамалмен бірге жер жарылып екеуміз құлағанбыз.
– Менің орамалыма!
– Менікіне.
– Қайда кетіп барамыз… ойбай-ау, қайда құлап барамыз…
– Қолымнан келсе Ләйлінің қасына барар ем.
– Мен Бәнуге.
– Ләйліні білесің ба?
– Жоқ. Сен Бәнуді танисың ба?
– Танымайды екенмін. Қандай қыз.
– Дүниеде онымен теңесетін сұлу болмаса керек.
– Ләйлі де жан біткеннің өңдісі болатын.
– Қалай таныстың?
– Ескі бақтағы су бұрқақтың орнынан.
– Кетші-ей менде Бәнумен сол жерден танысқам.
– Ұқсастық. Ғажап.
– Шыныңды айтшы… менің орамалыма неге таластың.
– Қой ары бұл менің орамалым Ләйлі өз қолымен берген.
– Жоқ бұл орамалды Бәну маған өз қолымен берген.
– Ғажап мұнда бір сыр бар. Бәну туралы айтшы. Түрі қандай қыз еді.
– Кітап сөресіндегі тұрған портретті көріппе ең.
– Иә оны мен әкелгем. Ләйлінің суреті.
– Жоғалшы ары мен әкелгем. Бәнудің суреті. Жынданған шығарсың сен…
– Сенің есің ауысыпты.
– Жоқ екеуміздіде жын ұрған.
– Түккеде түсінсем бұйырмасын.
– Менде…
Мен асылды қуып жетіп қалдым. Манадан бері ысылдаған боран даусымызды әзер естіртіп келе жатыр еді енді анық естілді.
– Әкел қолыңды.
– Неге?
– Барар жерге бірге жетейік.
– Е, тойға бара жатыр ек… –мен өзімше кекеткен болдым. Біз қол ұстасып келе жатырмыз. Әлі құлдилап құлап келеміз.
– Орамалымды қайтарсаңшы.
– Сен менікін қайтар!
– Жоқ менікі.
– Бір жерге барып соғыламызда тас-талқан боламыз.
– Қорқа-қорқа оғанда бойым үйренді.
– Шынымен бар кесепат осы орамалдан шықты.
– Иә солай сықылды.
– Онда екеуімізде орамалды жіберейік.
– Ойланып алайын.
– Қимай келесің ба?
– Иә сенші?
– Мен де.
– Сынап көрейік пе?
– …
Екеуміз қатар орамалды жібердік. Желдің екпінімен жалбырлап келе жатқан орамалдың екі бөлігі жалпылдап барып біріге кетті. Орамал біріге шыңғырған әйелдің ащы даусы естілді.
– Ләйлі!
– Бәну!
– Ләйлі!
– Бәну!
Екеуміз тағы қызыл кеңірдеп болдық. Ол Ләйліні Бәну деп шатасып келеді.
Қанша уақыт өткенін қайдам бір заманда туар төбемізден әппақ көйлегі желбіреп Ләйлі құлап келе жатыр екен.
Көзді ашып жұмғанша бізде қуып жетіп алды.
– Бәну!
– Асыл! Жаным менің…
– Ләйлі!
– Дастан Жаным менің…
Ол екеумізгеде бірдей жауап қайтарып келеді.
Біз екеуіміз екі қолынан ұстап алдық. Енді үшеуіміз бірге құлап барамыз.
– Бәну жаным сен Ләйлі емессің ғой.
– Жоқ мен Бәнумін.
– Ләйлі сен Бәнусің бе?
– Жоқ мен Ләйлімін.
– Сен бізді жынды қылайын дедің ба… – бұл жолы Асыл екеуіміздің даусымыз қатар шықты.
– Жоқ мен сендерді шатастырайын дегем жоқ… сендер өздерің шатастыңдар… менің тәнім бір болғанымен қазір жаным екеу.
– Түсінбедік.
– Онда тыңдаңдар мен айтайын…
***
Біз егіз болатынбыз. Кішкентаймыздан бастап нағашы апайымыздың қолында өскен едік. Онымен перілер қауымындағы ешкім араласпайтын. Өйткені жерге барып келген дейтін. Содан біз апайымыздан жер туралы сұрайтынбыз. Ол айтпайтын. Сөйтіп жүріп біз бойжеттік. Апайымыз өте ғұлама оқымысты жан болатын. Соның арқасында бір перілер қауымындағы ең сұлу, ең ақылды перизаттар атандық. Бізге ынтызар болғандар аз болмады. Бірақ тағдырдың жазуы болар солардың ішінен көңілімізге толатын ешкімде шықпады. Перілер қауымында он сегізге толған соң үйленуің керек-ті. Бұл бір қатып қалған қағида еді. Біздің жүрегімізді шаттыққа бөлей алатын бір пері затының шықпағанына қатты налып қамықтық… жылай-жылай құр сүлдеріміз қалды. Содан бір күні апаймыз екеуімізді отырғызып алып жер туралы, жер бетін мекендейтін адамзаты туралы барлық көрген білгендерін айтып берді. Енді сендердің бақтарың бір ашылса сол жерге барып ашылар сонда кетіңдер деп ақыл айтып екеуімізге бірдей екі қол орамал силады. Бар шарты екеуіңде бір бірне күйеулеріңді кезіктірмеңдер екеуіңе бірдей адамның тәнін беремін, бұл өте қауыпты, өйткені менде тек бір ғана адамның тәні бар. Соны екіге бөліп екеуіңе беремін. Оның бар қасиеті мына орамалда, екі орамал бір біріне жақындаса бірігіп кетеді. Әрі екеуінің тәндеріңде баяғы өз қалпына яғни бір денеге айналады… өте сақ болғайсыңдар деді де барар жолды көрсетіп жолға салып жіберді. Содан жерге түстік. Әуелі бірге жүдік сосын екіге бөлініп қош айтыстықта екі жақтан өзімізге жар іздемек болып кеттік. Бізді тағдыр сол ескі бақтың ішіндегі су бұрқақтың орнынан кезіктіргенін әр екеуіе жеке жеке кезігіп орамалымызды сиға тартқан соң бірақ білдік. Екеуіміз бір тәнге жабысып қалдық. Бізде ұзақ тай-таласқа түстік. Содан ақыры тек біреуміз ғана күйеу талдайтын болып келістік. Апайымыз адамзаттың барлық болмысын айтып берген еді… адамның ең әлсіздігі қызғаншақтығы мен күмәнқорлығанда екенін жақсы білетінбіз. Сол үшін екеуіңеде бірдей суретімізді бердік. Сосын шешімді өздерңе қалдырдық. Тек біреуіңнің ғана қалғанын қалағанбіз. Әр қайсымыз өзіміз ұнатқан жігітіміз қалса екен деп тіледік. Біз бірақ сендердің қол орамалды бөліп алатындарыңды ойламаппыз… енді еш қайранымыз жоқ.
– Бәну… Асыл бас салып құшақтай алды.
– Ләйлі… мен Асылды кеудесінен итеріп ажыратып алдым.
Екеуіміз тағы қыздарды додаға салдық. Бір біріміздің жағамызға жармасып құлдилап барамыз.
Үш тән – төрт жан.
сонымен олар ұшып кете береме?
үш бұрышты махаббат болады енді оларда
сонымен олар ұшып кете береме?
үш бұрышты махаббат болады енді оларда