Дүй. Қар 4th, 2024

фотоҚойшыбек МҮБАРАК

Портреттегі ғұмыр

Үлкен қаланың бір бұлтарыс кішкентай көшесінде таңнан қара кешке дейін самсатып тізіп қоятын қалың өнер туындысы жайылған жаймаға соңғы үш жылда денсаулығымның ақауына байланысты үй демалысында болғасын осында келіп шеткері тұрған орындыққа отырып алып, арлы-берлі өткен адамдарға көз салып, иә болмаса ара кідік суреттер көрмесін айналып қарап шығуды әдетке айналдырғанмын.
Сан-алуан түстегі боямен сарғыш матаның арасындағы елші қыл қалам мен қыл қалам иелерініңде біразымен таныспын.
мен келген сайын
– Бала кешіктің ғой… деп алдымнан Ерден аға шығатын.
Соған бола қаншама рет таң бозынан тұрып келсемде сол баяғы аппақ сақалының ұшын бояу табы шалған ағам қарсы алып алады.
кешкісін бәріде өз туындыларын жиналп алып кетеді. күні бойы қаптаған адаммен қан базарға айналған жер кешке қарай адам аяғын баспайтын сүреңсіз бір иен көшеке айналатын-ды.
Әр дайым бар картиналар жиналып кеткенде Ернар ағаның орнында шамасы тым ертеректе салынған бозаң баланың көне тоз портреті ғана қалатын-тұғын.
Бірде
– Аға мына портретті неге алмайсыз, – сұрадым.
үнсіз ойға шомып біраз отырған суретші ағам әңгімесін арыдан бастады.

– Бала, қазір қаусаған шалды көріп жүрсің ғой… ол кез қайда?!. қайран жастық жігер… қуат… қайрат… сезім… қойшы бәрін… Сонымен картинаың жайын білгің келеді ғой… көркем сурет институтын енді бітірген кезім… әлде бір мекемеге кіріп тапсырмамен сурет жазуды жаным қаламайды… сосын осы көшеге келдім… бұл көше баяғыдан суреттер мекені-тін. әуелде табысым жаман емес… келген қаридарларымның суретін көңілінен шығара салып тірлігімнің нәпақасын тауып жүрдім.
Бірде енді жұмыстан түскелі жиналып жатқанымда осы сен сеілді… иә.. тура сол кездегі мен секілді бір жас жігіт келіп портретін салып беруімді өтінді.
ертең кел дегеніме көнбеген соң, қаламымды қолыма алдым… жігіт алдымда үнсіз отыр… суретті салып болыдым. жігіт риза. Ақшасын артығымен төледі. Салған портетті қолына алып біраз қарап отырды да өзіме қайтарды.
Бір жері ұнамай қалды ма деп жаным шығып барады…
– Не болды… ұнамай қалдыма…? болмаса ертен жарықта дұрыстап қайта салып берйін деп жатырмын.
– Жоқ жоқ атама… сурет керемет… тек бір ғана талабым бар…
– Иә айтыңыз…
– Ай сайын ақысын өзіңізге төлеп тұрамын…
– Не үшін айтсаңызшы…
– Сурет әрдайым осында тұрсын… ешкім орнынан қозғамасын…
– Жарайды… ол үшін ақы төлемей-ақ қойыңыз…
– Жоқ төлеймін…
сөз осы болды. Одан бері елу жылдан асты сол беймалым жаннан әр дайым есеп – шотыма ақша түсіп тұрады…
Бұл суреттің атын содан аманат қойдым. бұл аманат сурет.
Ерден ағамның әңгімесіне қызығып қалдым… сол күннен бастан Аманат суретті аңдыумен болдым… күні бойы оған көз салатын көп ешкім болмайды. деседе жанарынан жастықтың жалыны атқақтаған бір жас жігіт қана әр өткен сайын анадайдан көз қиығын елден жасыра салып өтеді. ол тек ай ортасына қарай ғана келмейді. Иә бұл суретке көз салатын тағы бір адам бар ол ай ортасында бір күн ғана келетін қайыршы шал. Қолына мүжілген ағаш таяғын алып жантаңдай бір аяғын суйрете басып әзер жүреді. Олардан басқа ешкім көз салмайды… Таңнан кешке дейін бұл суретті тек мен ғана тамашалаймын.
жыл бойы ойға кәдік салатын еш нәрсе таппағасын енді түні бойы суретті күзететін болғам… ешқандай өзгеріс жоқ…
ұрдалып көз салатын жігіттің артынан аңдып көрдім. әр дайым қалың нөпердің арасына кіріп кетіп адастырып кетеді.
Сосын бірде қайыршы шалды аңдыдым. асыға күткен ай ортасыда жетті. таяғына сүйенген шал бізді айналсоқат ұзақ жүрді. алыс ешқайда бармайды екен. тек қан базардың тарап ертерек кеш болуын күтетін секілді. Елдің бірі үйді-үйлеріне қайтты. Мен сол орнымнан тапжылмай әлі өтырмын. анадайды аяғын сүйреткен шал таяғымен жерді қатты қатты тоқылдатып қояды. түн ортасы ауған толықсып толған айдың аппақ саулесімен қайыршының жирен сақалы баяу ғана шағылсады. жел тұра бастады. терістіктен қап-қара қою бұлт манағы бар алемді күндізгідей жарық қылып тұрға айға қарай жөңкіліп келеді. Аспанға кекжие бір сәт қарап тұрып қалған шал менің қасыма келіп:
– Қазір жаңбыр жауады үйіңе қайт! деді. сыбырға жақын бәсең дауспен. бірақ дауыс қанша бәсең болсада сондай зілді екен.
– Ешнарсе етпейді… жаңбырды жақсы көремін… өзіңіз қайта беріңіз дедім мен жайымен.
шал таяғын көтеріп маған тағы бір нәрсе айта бергенде найзаған жарық етіп барып жаңбыр сіркірей жөнелді. Найзағайдың құлақ тұндыратын ащы даусы шалдың сөзін естірітпей кетті. мен жаныдағы қол шатырымды жайып шалға қарадым. лезімде қайда кетіп қалғаным кім білсін Шал көрінбейді. көшенің екі басында да. маған жақын тұрған ағаштың далдасында қарадым. жоқ.
таң атқасын ақырын аяңдап үйге қайттым.
асықпай демалып ертесі қайта үйреншікті орныма келдім. неге екенін қайдам бұл айда жас жігіт көзге түспеді… бір жаққа кетіп қалған шығар деп ойладым. енді асыға ай ортасын күттім. шал қашан келер екен деп. ақыры ай ортасына да жеттік. жан-жағыма алақтап отырғанымды байқаса керек Ерден ағам
– Бала біреуді күтіп отырсыңба деп сұрады.
– Иә аға тура осы уақтта қайыршы шал келетін еді. төрт сағатқа кешікті дедім мен.
– Қайдағы қайыршы… бұнда келетін қайыршылар көп қой.
– Аманат суретке назар аударатындарды ғана санамалап жүрмін аға.
– Иә қызық осы айда аманат суртеттің ақысы келмеді маған.
– осында келетн бір жас жігіт бар еді оның келмегенінеде ай болды…
Әңгімеміз енді қыза бастағанда Ерден ағамды біреу шақырып кетті.
кеш батуға шақ қалғанда қайыршы шалды көрінді. тіптен қаусап қартайып кетіпті… Қос балдаққа сүйеніп әзер келеді. бізге жақын келіп маған сұқты жанарын қадап тұр екен… шалдың жасаураған жанарында бір түрлі сыр бар секілді… ренш пе… мұң ба… шарасыздық па әйтеу жанараына көз қадап тұра алмай теріс айналып кеттім.
сосын орнамнан тұрдымда үйге қайтып кеттім. үйде ана-мынаны шұқылып отырып түн ортасы ауып қалғанын байқамай қалыппын. таза ауа жұтпақ болып сыртқа шықтым. үйге қайта кіргенге зауқым соқпай Аманат суретті көріп қайтпаққа жол тарттым.
мен көшенің басына жеткенде кемеріне жете толған айдың аппақ саулесімен Аманат суреттың қарасы көрінде. қарсы алдында бір нарсе жатқандай… ақырын баспалап жақындап келем… Аманат суретке жақын көше бойындағы қарт еменнің түбіне келгенде барып бірақ анық көрінді… Манағы қайыршы шал суреттің алдына жүгініп отрып алып екі қолын суретке созып егіліп жылап отыр.
Бірден жанына бармақ болып ол оймнан тез айныдым. соңына дейін күтпек болып шештім. Қайыршы шал мені аңғармады… таң қараңғысына таяғанда ағашқа сүйеніп тұрып көзім ілініп кеттіпті… Шаттана сақ-сақ күлген жарқын дауыстан селк етіп оянып кеттім. Аяғын баса алмай жүрген қайыршы шал тура андағы жас жігітке боз балаға айналып кетіпті.
Өз көзіме өзім сенбей қайта-қайта қараймын. шынымен солай.
Жігіт алшаңдай басып көшенің ана басына қарай кетіп барады. мен күндегі орныма келіп жайғастым. сүт пісірім өте Ерден аға жетті артынып тартынып.
– Пәлі бірінше рет кешікпей келдің бала деп тісін ақсита күліп тұр.
– Аға менің де портретімді салып беріңізші… осында анау портретпен бірге тұрсын… ақшасын төлеп тұрамын… –деп Ерден ағаның алдындағы орындыққа келіп жайғастым.

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.