Сен. Сәу 20th, 2024

Қойшыбектің от жанары
жас жазушы сабақтасым Қойшыбек Мүбаракка әзіл

 

Баяғыда, орта мектеп оқып жүрген кезімде, доп-домалақ басы дембелше бойына құп жарасқан қара торы ұл сабақтасымыз болды, ұл бала дегенімен қыз балаларға жуықтау жүретін, заманның заманында салған ескі бинаның екінші қабатындағы екінші нөмірлі қыздар жатақханасында сенбі-жексенбілердің уәделі шақтарында(уәделі шақ дегенімен қай қызбен уәдесі барын қайдам) пайда бола кететін, артынан байқасақ, еш қызбен уәдесі жоқ болып шықты, демалыста басқа барар жері жоқ, сүреңсіз жатақта зерігіп жатқан қыздарға әңгіме, ертегі айтып беруге келеді екен, олда бір сауапты іс, әрине, аузыңа төселген дәмді ғұзырды былай қойғанда, қыздардан алған алғысың ол кезде алтннан да қымбат. Қойшбектің қорқыншты әңгіме-ертегілері шиеленісіп, ең бір шарықтау шегіне жетіп, қыздардың райы күрт өзгеріп, бір-біріне тығыла бастаған да, өз көлеңкесінен қорқып, үрке жүретін сүйікмді Кәмилаш қыз құрбыларынан өзіне сая боларлық пана таба алмайма екен, қайдам, ығыса-ығыса барып Қойшыбектің бауырына қарай тығла бастайтын, сол шақта Қойшыбектің қараторы жүзінен бір сәуле тарап, қайратты қара шаштары тікірейіп, көздері өзінің ертегілерінде көп айтылатын жүрегі жоқ қас батылардың көзінше от шаша бастап, Кәмилашті байқатбай өзіне тартып-тартып қоятын. Бұндайға қызықпайтын Баян ғана өз жайында тырқ-тырқ күліп отыра беретін-ді, Қойшыбектің қоңыр үннен басқа дыбыс жоқ күңгірт жатақта Баянның күлкісі тұп-тура айтылып жатқан әңгіменің кейіпкері басысыз жалмауыз қыздың күлксіндей сезіліп, тұла бойға суық ағын жүгіре жөнелетін, сол Қойшыбек бір күні зым-зия жоғалып кетіп араға бір айды салып, екінші ғимараттың екінші қабатындағы екінші нөмірлі бөлмеге тағы да жетіп келді. Сағынып қалыптық, шұрқырай сұрап жаттық». Бір айдан бері қайда жүрсің, Қойшықара, көз жазып қалдық қой сенен». «Әңгіме үлкен, – деп Кәмилаштің төсегіне орныққан Қойшекең салмақты бейне таныта бізді маңына жиды, – Емханаға жатып шықтым, мен бір тылсым ауырумен ауырып қалдым, шатақ көзден шықты, – деді, Қойшекеңның ертегілері Ертістей жөңкілетін етті еріннен басқа жерлеріне көз салмағанбыз-ау тегі, көзіндегі оймақтай,оймақтай ғана көзілдіркті байқамай қалыппыз, – менің көзім от жанар деген науқасқа шалдығыпты. Мен қазір кеңсітіктен озып, көздің көру аясынан сырт нәрселерді көре алатын болдым, айталық, менің көзім алдымда тұрған адамның ішек-қарын, жүрек, бауырын аралап, қаңқасынан өтіп, оның аржағында тұрған нәрсені де көре береді, – Қойшекеңның қарсы алдында отырған ұялшақ Нұргүл бұны естіп секіріп, менің артыма өтті. – солайда солай, бұл науқас милион адамның ішінде бір ғана адамда кезігеді екен, текедей таңдап маған тап болғанын қарасай, – деп Қойшекең маңғаздана Кәмилашқа көз салды, оның от жанарының ұшқыны келіп өртей бастады ма екен, Кәмилаштің сүйікімді алма беті батар күндей алаулап, қызарып бара жатты. Былайғы күнде, Қойшыбектің от жанары біздің арамыздағы жақындыққа салқынын тигізгенін танытқандай, салқындық дегеннен гөрі секемшілдік десек жөн ғой деймін, осыдан бастап Қойшыбекты көрсе ертекші аталарын көргендей мәз-мейрам болып емірене, шұрқыраса жүретін қыздар, Қойшекеңның от жанары қадалған жерлерін қымтап, жасырып, қыипыжқтап сан сылтаумен тайып тұратын болды. Ұялшақ Нұргүл мен қорқақ Кәмилаш «Қойшбекты қара!» десең өзін қоярға жер таппай абыр-сабыр болатын да қалатын. Ал, Қойшекеңның от жанарынан оқ борап тұрсада, тайсалмайтын оттай лаулаған бірнешеуміз киімдермізді қабаттай-қабаттай киіп, Қойшыбектің екі жақ қасына орнығып алып, ертегілерін жалғасты тыңдай беретнбіз. Сөйткен Қойшыбек арада апталап, айлап жоғалып кетіп жүрды, ондайда біз «байқұс Қойшекем, от жанарының әлегінен әлсіреп, ергежейлі елінің шипагері жазып берген шипашақты көтеріп, жанын емдейтін пері қызының тұрағын іздеп тау-тасты аралап кетті-ау, – деп түсінген боламыз, күйінген боламыз. Қойшекең де біз межелеген мезгілді мөлт кетірмей ескі бинадан табылып отырды. Сөйтіп жүріп, күндердің күнінде мектеп өмірінің апалас-төпелес күндерінің бірінде Қойшбектен шындап айырылып қалдық. Мектеп бітіріп, барлық жұмысымыз бітіп, өткен күндерге салауат айтып, келер күндерге серт берісейік, от жанардың соңғы ертегсін тыңдайық деп іздеген тұста, Қойшыбектің жоқтығын сездік, соңғы рет қайдан көріп едік, рас ә, оймақтай көзілдіргін тағып алып, оныншы сыныптың қыздарының бөлмесінде ертек айтып отырғанда көргеміз, содан қайтып көрмеген екенбіз, сол жоғалғаннан мол жоғалды, өмір барлығымызды өзінің қайнап жатқан от қазанына тоғтып-тоғтып алды, екінші нөмірлі жатақхананың қыздарының бойы да өсті, ойы да өсті. орта мектептің талай қызығы есімізден көтеріліп кетседе, от жанар ойымыздан ойып орын алған секілді, – барлығың аңқау, қорқақсыңдар, – деді медетцина ғылымының жілгін шағып, майын жеуге талаптанып жүрген Баян, – Қойшекеңның от жанарына сол кездің өзінде мен нәркүмәнмен қарағамын, кейін жоғары оқу орнына барған соң, талай том-том кітаптарды ақтарып, талай дөкей ақбас маман ұстаздарымнан сұрап, осы от жанар науқасына қатысты түк таппадым.әй, сол от жанар болмаса, ертегі дегенге қызықпайтын менің есімде Қойшекең қалмас та еді. ха ха ха, – деп сайтан күліксіне сала берді де, кенет: -, ой, достар, Қойшыбекты қара,- деп дауыстап жіберді алдында ашық тұрған компьютерінің экранын нұсқап. Еліктің лағындай үріке басып жанымызға келген Кәмилашті ортаға алып, барлығымыз көгілдір экраннан көтерілген көрінске сағына, қызыға қарап тұрмыз, пай, пай, пай. Әне, Қойшығараң, қара қобызын асып алып, жалы жоқ тұлпарына мініп, қып-қызыл шаңның арасында перілер көшін бастап мифтер әлеміндегі әлдебір көзге жылы ұшрайтын ескі бинаға қарай бұрқыратып тартып барады екен.

By admin

One thought on “Қадила НҰРҒАЛИ: Қойшыбектің от жанары”

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.