[slideshow]
ПЕРІ КӨШІ
– Көке, «Торлысайға» белгісіз біреулер келіп қонып жатыр екен.
– Қай ауыл?
– Білмедім…
– Шамасы біздің жағдайымызды білмейтін біреу шығар… Әтең бар ма?.. Маған келіп кетсінші…
– Қазір шақырамын. Бозбала тез басып үйден шыға жөнелді.
– Үһ! – деп ауыр күрсінген Мәлік киіз үйдің түрулі тұрған етегінен анадайдағы бір топ кәрі еменнің түбіне қарады. Жасы елуден енді асқанымен, өзі тым ерте қартайып қалған іспетті. Орнынан әзер қозғалады. Бет-аузын айқұш-ұйқыш шандыған әжімдер, тереңге тартып кеткен шүңет жанарына, шәкене ғана итарқа түсті. Айпарадай ашық тұрған итарқаның аузынан байлаулы жатқан жігіт өзіне ішіп-жеп тесіліп қарап жатыр екен.
– Әй, қайсың барсың Бақбөрдің су-суанын бердіңдер ме? – деп дабыстады да, құс жастыққа жантая көзін жұмып ұзақ ойға кетті.
Жиырма жыл бұрын, а, жоқ, заулап жатқан уақыт-ай десеңші отыз жыл, тура отыз жыл болыпты-ау содан бері. Иә, содан бері санасында бір тыныштық жоқ… Осы кесапаттың барлығына өзін кінәлі сезінетін…
Өзінің жиырмадан енді асқан кезі… Асып-тасыған дәулетті болмаса да алдындағы тете өскен жалғыз ағасы екеуі бірлікте атадан қалған аз малды бөліп-жарып еншілеспей, бірге ел қатарлы күн кешкен еді. Өзі де енді үйленген… Ағасының төрт баласы бар. Жаз жайлау, қыс қыстаумен ұзақ көшетін… Ағасы Сәлім жарықтық ыспор, іске орамды жігіт еді… Ойдан орып, қырдан қырып тұрып екі үйді сол бағар енді. Ал өзі сал-сері болғысы келді… Жаңа құрған отау жайында жаз жайлауда көрші ауылдардың таусылмайтын той-томалағымен сауық-сайран құрып кететін. Артынан ерген жалғыз інісі болған соң Сәлім де жетімдікті көрсетпейін деп аттың да, киімнің де жақсысын өзіне беретін. Орта жайлаудың мал тұяғымен шаңы шыға бастағасын төр жайлауға қарай көшкен ауыл араға екі қонып межелі қөне қонысқа түс ауа әзер жеткен. Түйелерді шөгеріп артқан жүктерді шешіп түсіріп бола бере шапшаң бой көтерген алты қанат ақ үйдің бел бауын асығып шандып байлап жатқан інісіне Сәлім:
– Ау, жарқыным! Не болды бір жаққа асығасың ба? –деп сұрады.
– Иә, ағаке, ертең «Бөктіргіде» отырған Жетібайдың қызын ұзатады, соған барсам деп ем…
– Жарайды, онда жолыңнан қалма, бар… Келінге де обал, жаз бойы үй бетін көрмейсің, осы жолы тез орал. Мен де осы бір жерім ауыра ма, жоқ па өзім де білмеймін, дел-сал болып жүргенім… Біраз уақыттан бері ұйқым қашты, амандық болса, келгенннен кейін еншімізді бөліссек деп ем. Сен енді қара шаңырақтың иесісің…
– Неге?.. Қойыңыз, аға, мен мал баға алмаймын. Інісі шоқ басқандай баж ете қалды…
– Жоқ, сен бақпайсың, мен бағам… Амандық болса, бірер жылда ана боқмұрындар да қозы-лақ қайыруға шамалары келіп қалады. Өзім-ақ баға берем ғой… деседе тез кел!.. Сосын әңгімелесерміз, – деп сөзді қысқа қайырды. Расында біраз уақыттан бері сәп салмаған екен ағасы едәуір жүдеу, өңі татарыңқы екен. Ерулік ала келгендердің салқын қымызынан бір шараны басына бір-ақ төңкерген ол ауылмен асығып қоштасты да, қарсы беттегі жалға қарай қабырғалай жөнелген.
Әубаста бір күнде қайтармын деп ойлап еді, онысы болмай қалды. Қыз ұзату тойы… оның танысу… қарсы жақтың келін түсіру тойы… не дейсің әйтеу той көбейіп кетті… Әне-міне дегенше екі аптадан асып кетті. Сөйтіп той тойлап мәре-сәре болып жүргенде өздерімен қанаттас отыратын Бектас деген жігіт тізгін ұшымен келіп: «Сәлім аттан жығылып, нашар жатыр», – деп хабар айтып келді. Салдық та, серілік те әдірам қалып, екі көзінен парлаған жасқа ие бола алмай таң асырып үйіне әзер жетті. Мал енді өріске бет алған екен үйдің маңы топырлаған адам… Жүрегі зырқ ете түсіп… аузына тығылып булықтырып келеді. Баяғыда әкесі мен шешесі қайтыс болған кезде де осындай болған еді… Ол кезде жас бала өлімді, жетімдікті түсініп кетпесе де жүрегінің сазғаны күні-бүгінге дейін есінде еді… Тура солай жүрегі сазып барады. Еңіреп келіп аттан домалай үйге қарай жүгірген оны қайнағасы ұстап қалды:
– Аптықпа… бала… ақырып… сені күтіп жатыр… Елдің барлығы өзіне мүсіркей қарап, оны ішке кіргізді…
Оң жақтағы қайқыбас қайың төсектің үстінде ағасы шалқасынан сұлқ жатыр екен де, жеңгесі бар, тағы бір кісілер аяқ-қолын уқалап отыр екен.
– Алда қарғам-ау… «Тентекқара» әйтеу жеттің бе? –деп жеңгесі еңіреп жіберді…
Сәлім де мұның келгенін біліп жатқан сықылды ақырын жүткірініп ернін жыбырлатып еді отырғандар аузына су тамызды. Сосын кәдімгідей есін жинап, басындағы жастықты сәл көтертіп қойып, үзіп-үзіп сойлей бастады:
– Жарқыным,.. жеттің бе?.. Сені көре алмай кетем бе деп көп қиналдым… енді арманым жоқ… бірге туғаныңа бір ауыз бақұлдасып кетіудің өзі бақыт екен… мына ажал маған тура келіп тұр… неше күн бойы арпалыстым… ажалдан қорқып емес,.. сені көре алмай қалам ба деп… Әуелі ел-жұрқа рахмет!.. Сені осы отырғандарға аманаттаймын… Біріміз жетіде, енді біріміз он жасымызда әке-шешеден бір күнде айырылдық… Осы жұрт малымызды бағып, отымызды жағып есейтті… Біз осы жұртқа борыштармыз… Шамам келкенше сол борышымды өтеуге тырыстым… Пенде болған соң артық, не кем һам-харекеттеріміз болған шығар, кешіріңдер… Көптен бері әке-шешем түсімнен шықпай әлде қайда жетелеп кете беретін еді… Содан сезіктеніп… мал-жанның барлығын ен салып, бөліп қойып ем… Өзің келе ме деп көп күттім… Сен болмасаң да келінге көрсетіп барлығын бөлдім… Шамамша әділ бөлдім… Бұл тек атау ғана ғой… Мәлігім… Мәкентайым, барлығы өз малың… Мәкентайым, мал-сұлға онша қыры жоқ еді… Жетіммін деп жабырқамасын деп алдын қақпап ем… Осының отын жағып, күлін төгіп өтсем, армансызбын дейтін ем… Оған жете алмайтын болдым… енді осы Мәкентайды сізерге аманаттаймын… Мәлік, жарқыным,.. саған ана інілерің мен жеңгеңді аманаттаймын!.. Жеңгең әлі жас қой… келер өмірін өзі шешер… Балаларымды бауырыңнан шығарма!.. Баяғыда ана Көк бақсы: “Екі мүшелден ары жығылып барып кетеді екенсің… бес балаң болады”, – дегенде сенбеп ем, сол әулие екен… Барлығын бірдей көр… жазымыш кей нәрсені адамның санасына сыйдырмайды… сонда да… сабыр керек болады… қасқыр жегір көк бұқаны іздемейін-ақ деп ойладым… Мал көзі ыстық қой… жоқтамай қойсам, киесі атар деп… ала аяқ ат та бір нәрсе болардай ұстатпай көп қашты… ондайы жоқ еді… астынан бала өтсе, мық етпейтін жануар сол күні ертоқымды әзер салдырды… Ана айыр төбедегі қорымға жете тік шапшып жүрмей қойғаны… содан біраз сауырлап қамшымен тартып жіберіп ем… қорымға жете қорс ете қалып жалт бергені… Ауып түсіп қалыппын… Бір заманда барып есімді жидым… Бір жерім мертікті ме десем, аман сықылды, қозғалайын десем, денемді бір ауыр нәрсе қорғасын болып басып алыпты… Көзімді ашсам, кеудемемде бір кішкене бала қонжиып отыр… Кет ары деп орнымнан атып тұрайын деп жанталасып ем… әлгі бәле сары ешкі болып құбылып кетті. Қозғалдым болды келіп сүзеді… сөйтіп көп жатып қалдым… әйтеу, құдайда құдай дегенде ана Есбергендер үстімізге түсіп алып келіпті… Олар ешнәрсе көрмедік дейді… Енді көзім ілінсе болды былтыр бір тау ешкі атып едім… сол келіп сүзгілейді… Оқ жанды жерінен тимеген соң көп қашып еді… ақыры қанның ізімен аршаның ішінде өліп жатқан жерінен тауып алып ем… ішті екен… Бір лағы тірі туылып анадайда маңырап бақырып тұр екен де, енді біреуі толып шықпай өліп қалыпты… Сол күні қатты шошынып қалып ем,.. содан-ақ болды…– деп біраз тыныстап алып інісінен басқа жұрттың барлығын сыртқа шығартып жіберіп оңаша бір сырды ақтарған еді. – Жәми жеңгеңді өзіңе аманаттаймын… Сенен өмір бойы жасырған бір сырым бар еді… О дүниеге алып кеткім келмейді… Менің жын-перілермен алым-берім жасап қатынап тұратынымды ана көк бақсыдан басқа ешкім білмейді… Мына жұрт көк бақсыны алдырайық дейді… Оның пайдасы жоқ, оның қолынан келетін шаруа емес… Жәми жеңгеңнің арғы тегі туралы, төркіні туралы көп сұраушы ең… Әншейін әке-шешесіз жетім қыз екен, ғайыптан кезіктік деп алдаушы ем сені… Ол олай емес, перінің қызы… Мен дуамен ұстап қалған ем… Мен кеткеннен соң оған да қиын болары анық… Шамаңша күтерсің… сосын мені енден оңаша анау етектегі Баспақ төбенің басына апарып жерле… оның барлығын түсіндіріп жатқанға қазір шамамда келмес… маған жалғыз жату бұйырған… –деп сарнап жатып сылқ ете түскен… өлгеннің артынан өлмек жоқ демекші… жылай жылай жүріп екі үйдіңде ауыртпашылығын өзі көтерген… жанына балаған жары жарының мезгілсіз қазасы жеңгесін морт сындырған… бала шағасыныңда ас суанын әзірлеп бере алмай қалды… есі кетіп әйтеу меңірейіп отырады да қояды. Сәлімнің жылын беріп арада оншақты күн өткен соң бір күні таңғы шайда жеңгесі кәдімгідей есіне келіп. Арнай Мәлікті шақырып қасына отырғызып алып:
– Тентек-Қара менде сендерге көп салмақ салып жібердім-ау. Басымнан бір бәле қысып жібермей-ақ қойғаны… ана ағаңның ала аяқ атын әкеліп ерттеп берші… құбақорым жаққа барып сергіп қайтайын осы кезде Мергенсайдағы жұртты бір көрсем деп ем… сосын Сәлімнің басына барып қайтсам деген ем… деп өтінді… жеңгесінің есін жиғанына қатты қуанды… деседе сол алааяқ атты мінем дегеніне іштей қосылмасада ешнәрсе айтпады… жыл бойы тұлдап отырған сол алааяқ атты жеңгесі жылынада сойдырмай көкайғырды сойдырған еді… міне ағасы қайтқалы жеңгесі екінші рет есін жиды… әдетте тұз жеуге күнде келіп сүйкеніп тұратын алааяқ бүгін қашаған болып шыға келді… түс ауғанша ақтер көктер болып қанша қуағанымен ұстанпай-ақ қойғаны…
Үйге қарай қайтып келе жатқан оның алдынан енді жетілерге келіп қалған ағасының ұлкен ұлы шықты… жүгіре, жүгіре әбден алқынып аузы құрғап қалыпты…
– Кіші аға… әйем жіберді… сені тез кел деп… апам жаяу кетем деп жатыр…
Ат үстіне баланы іліп алған ол үйге қарай тасырлатып шаба жөнелді… бала-шаға барлығы сыртта тұр екен…
– Жәнем бізге күш бермей кетіп қалды деп келіншегі жылап тұр… Жәми жеңгесін Және деп атайтын…
– Қап деген-ай… қалай кетті…
– Айыр төбе жаққа…
– Алдындағы баланы жерге түсыре сала енді сол айыр төбеге қарай шаба жөнелді. Арлы-берлі бұра тартар жол жоқ… екі жағы қалың қарағайлы ік беткей жалғыз сай. Ол айқайлап шапқылып келеды…
– Және… жеңеше… Және… жеңеше… жеңеше…
Күн ұясына кіре бере былтыр ағасы жығылған қорымға жетті. Енді астындағы аты тік шапшып алдыға баспай қойды… анадайда жеңешесі көрініп қалғандай болды… атты қаңтара салып жаяу бармақ болып оқталып еді жеңешесінің қасында қараңдап тағы бірдеңелер жүрген сықылды болды… енді ары барғанға жалғыз өзінің жүрегі дауаламай қасына біреулер ертіп алмақ болып ауылға қарай қайта шапты… ауылға келіп жақын отырған үйлерден бес алты жігітті ертіп алып қайта Айыр төбеге жеткенде таң атуға азақ қалған еді… қорымның тура ортасына үлкенқылып от жағып соны айналып жүрген Жәмидің қасына ешкім бара алмады… тек таң атып күн шыққанжа лаулап жанған от сөнді де Жәми бүйірін шеңбектеп бір жағына қарай жантайып жата кетті. Жігіттер енді ешнәрсеге қарамастан бірден ұмтылысты… Қасына жетіп барғанда Талықсып жатқан Жәмиді тек іш киіммен ғана тауып алды… түнімен лапылдаған оттан еш белгі бір түйір күлде жоқ тек Жәмидің асты бопырлаған күл… тек анадайда ұшқаттың түбінде илектеніп Жәмидің сырт киімдері жатыр… асығыс сырт киімдерін кигізіп есі-түссіз жатқан әйелді төрт жігіт ауылға қарай әкеттіде енді екеуі… қорымнан ары өтіп Тасбұлақта ауылдарда жүр деген бақсыны шақырып келмекке кетті.
Аузынан ақ көбігін бұрқырыатып Ақпері, көкперісін шақырып азан қазан қылып Жәми жатқан үйге кіріп кеткен бақсы сыртқа қайта атып шықты…
– Бұл адамның ақы иесі кім?!. Ақы иесі кім… – деп дауыстады…
– Менмін ата, жалғыз қайнысымын… –деп қасына келген оны оңаша ертіп барған бақсы:
– Менің қолымнан келер еш амал жоқ… жеңгең енді адамизатпен перілердің арасында болады… тағдырдың жазымышы… марқұм ағаңның тілегі екен… балалы болады… атын Бақбөр қой… енді бұл жерге симайсың… басқа жаққа ешкімге айтпай бір-ақ түнде көшіп кетіңдер… басыңа келген қауып қатердің барлығын барлығын Бақбөр білып отырады… былай қарағанда ақыл есі кеміс болады… екі жастан бастап байлап ұстайсың… мына ала жіппен байла… басқа ешнәрсе тоқтата алмайды… тек шешесі қайтқаннан соң ғана ес кіреді…
Былтырдан бері жесір отырған жеңгесін балалы болады дегенде есі ауып қалған ол бақсының одан ары не дегенін ұққанда жоқ…
Үш төрт күннен соң әйелімен оңаша ақылдастыда қарсыласқанына қарамастан бір түнде ағасының үймымен өз үйін шағындап қана төр атанға арттыда қалған жүкті жұртқа қалдырып тек аяқты малдарын ғана айдап көшіп кетті.
Содан бері осы жерде… Жаңа таныстар… жаңа көршілер… оларменде сіңісіп кеткен… құдандалы ілік жілік болып… ағасының баларының барлығын аяқтандырды… өз балаларыда ержетті… мұндағы жұрттың көбі Жәмидің бар-жоғында біле бермейді… өзіне жеке шәкене ғана қос тіктіріп алған оңаша жатады… ойға түскендеде там үйден тысқары кішкене құжырада Бақбөр екеуі қыстап шығады… қыстың қақаған аязында жатқан жерлеріне от жақтырмайды… сол екеуі үшін ешкінің басын көбейткен екеуініңде ешкі сүтінен басқа қорегі жоқ. анда санда ғана өзін шақырып алып бірер қайырым тілге келеді… онда да – “Тентек-Қара бұл жерге қон ба… болмаса ертең жолға шықпа… үйіңе пәлен жерден біреу келе жатыр… жоғалған мал-сұлын пәлен деген адамнан сұра болмаса түген сайдың ішінде тұр” деп қана… Бұлда содан бері жеңгесінің айтқанын екі етіп көрмеді… байқұс өз әйеліде әлі Жәнем деп құрақ ұшып тұрады… неге екенін өздеріде білмейді… Жәми абысынына бір жылымай қойды… бұрын сондай жақын адам ауырғаннан бері суып кеткен… маңайына жуытпайды… тағы бір ақылы жетпейтін дүние Жәми көп тамақтанбайды анда санда ғана ешкінің сүтін ішіді… сол отыз жылдан бері пенде болып бір дәреттенгенін көрмепті… Бақбөрі өсе келе адуын күштің иесі болды… өзінен аз кем тайсағаны болмаса ауыруы қатты ұстап кеткенде күш бермей кетеді… баяғы бақсы шалдың ала арқаны үзіле үзіле бір тұтам ғана қалған… тек босап кеткенде маңайға біраз әлек салып барып шешесінің қасына келіп бүк түсіп жатып қалады… сол кезде байлап қалу керек басқа кезде еш мүмкін емес… ол босап кеткеннен кейін күндік жердегі ауылдарға дейін шулап қалады… ала арқан көрсе жыны бар кім болсада тартып алады… не шапқан атқа жеткізбейді… не қаптған қалың адамға күш бермеді… содан болар бұл ауылға алыстау болмаса ешкім жақын қоңсы отырууға дәттері жетпейді… ал, мына келіп түсып жатқандар дәуде болса бұлардың сырын білмейтіндер.
***
Қалың ойдың шырмауымен көзі ілініп барады екен.
– Көке мені шақырдың ба… – Сәлемнің ұлкен ұлы келді.
– Иә, балам… анда бір ауыл келіп түсіп жатыр дейді… соларға қарай барып қайт… біздың жайымыздан хабарсыз болса керек. Биыл құрғақшылық болып Көкөзектің малшылары осылай келіп жатыр деген… солар болса керек… ауыру адамымыз бар деп түсіндер… арандап қалмасын… жер жетеді ғой алыстау отырсын… бірде болмаса бірде Бақбөр босап кетсе қиын болар… соған жұмсайын дегем…
– Міне көке қазір ақ барып қайтам деп шыға жөнелген жігіт ет асымға жетпей қайтып келді…
– Ойбай көке сізге өтірік маған шын… сол ауылдың төбеттері маңына жуытпай қойды тіпті аттың үстінен алып қоя жаздады… өздеріде бір зәнталақтар екен… ешкімі де сыртқа шығып итін қорымады… ақыры қаттым… сенсеңізде сенбесеңізде осы… –Әтейдің өтірік айтпайтынын жақсы біледі… бірақ, бұні кіргізбей аттың үстінен алып қоя жаздаған қандай ит деп ойлады… әкесі сықылды зор денелі жүректі еді… он бес жасында қызыл қолмен қойға шапқан қасқырды ұрып алған Әтейді қоқытқан төбет жәй ит емес. Бір түрлі алаңдай бастады… соның арасынша үйге бала шағасының барлығы жиналып қалды…
– Иә көке манада малды қайырып жүріп менде көргем… ол ауылды… итін емес… малдарын бір ыңғай түсті мал… ұсағыда ірі қарасыда әппақ… шетінен аң болып кеткен тағы… жақындап барып көрейін деп қойына атпен жете алмай қойды… – өзінің кіші ұлы малдары туралы айтып отыр…
– Бұл тегін емес… жарайды онда… иттері қабаған болса алыстап жүріңдер… болмаса өзім барып қайтармын…
– Көке Бақбөр бір босап кетсе өздері ақ көшіп кетер… итті қойып қасқырдың өзін тұмырлықтап ұстап алады… не тәйірі… Сәлімнің екінші ұлы жынды бастау болып өскен… осы төрт-бес жылдың алдында үйленген еді… бұлда Сәлімнің балаларын бетке қақпай еркелетіп өсірді… жанындай жақсы көретін құла жорғасы бар еді… соны қайны атасы қалың малға сұратқанда – Құла жорға мен мініп жүргеніммен Бақбөр інімдікі… алам десеңіз берем-ғой, құла жорғаны алғаныңыз Бақбөріні қосып алғанып десеңіз болды дегенде… шал шалқадан түсе жаздап… ойбай керегі жоқ деп березек болған еді… бұның еркіне салса Бақбөрді босата салары сөзсіз… неге екнін кім білсін… басқа балаларындай емес бұл Бақбөрі інісіне жақын… тіпті қасына барып кейде жантайып жатып әңгімелесіп отыратыны бар… тамағында сол береді… жуындырғандада сол жуындырады… басқаларын ұрып соғып жіберетін Бақбөр кейде осыған ептеп көнеді…
Не болсада Жәми жеңгесінен бір ақыл сұрамақ болып үйден шықты… Бақбөрдің қасына келіп жерден көтеріп қалың қарағай таңтайдын жасаған сәкінің шетіне келіп отырды… Еменді сықырлатып арқасын үйкеп отыр екен өзіне қарай шақырып алып арқасын қасып берді… Бақбөр еркек атаулының барлығын жас-кәрісіне қарамай ата дейтінде, әйел затының барлығын апа дейтін…
– Ата… жіп… жіп… байлап алам… келді… келді… –деп ананы бір мынаны бір айтып ржалақтады…
– Балам байлауың мықтыма шешіліп кетпейме деп сұрады…
– Кетпеймін… кетпеймін… ата… ата… шешілмейді… деп аяғынан кісендеп байғаған матауды неше шешіп неше байлап жіберді… Бақбөр бір нәрсеге ашуланып, болмаса қатты ауырып барып арқанды үзіп кеткенде болмаса байлауды өзі шешкенімен ешқайда кетпейтін еді… таңнан қара кешке дейін сол матауды неше шешіп неше байлап соны ермек ететін… кейде бір ши болып шиеленісіп шырмалып қалған арқандарды өздері шеше алмағанда Бақбөрге алып келетін… Бақбөрдің қолына түскен арқан әпсатте шырмауынан арылып шыға келетін.
– Иә балам еш қайда кетпе… тыныш отыратын болсан саған көп арқан әкеліп берем… –деді.
Бақбөр алақайлап айқайлап жатыр…
– Охо! Охо! Атам маған арқан әкеледі… арқан… көп арқан… бәріп байлап тастамын..
– Тентек-Қара! Ау, Тентек-Қара!.. – Жәмидің даусы естілді.
– Жеңеше бара жатырмын… ол Бақбөрдің маңдайынан искедіде орнынан тұрып жеңгесінің қосына келді.
Жеңгесі басын көтеріп арқасын көрпеге сүйеп отыр екен. Жүзі жарқын.
– Тәуірсің ба жеңеше…
– Тәуірмін… тәуірмін… сені келер деп күткем…
– Иә мына басжаққа бір ауыл келіп түсіп жатыр дейді…
– Біліп жатырмын… біліп жатырмын… перінің көші… балаларды жіберме…
– Ол не пәле тағы…
– Сендерге еш зәбірі жоқ…
– Алысрақ барып қоныңдар деп айтайын деп ем…
– Ойбой Тентек-Қара-ай. Ол жерге Бақбөр екеуімізден басқаларың бара алмайсыңдар…
– Қойсаңшы… Бақбөрі барғанымен сен қалай барасың…
– …
– Қанша отырады олар…
– Мені ертіп кете алған күні көшеді…
– Қой ары саған не жоқ… бізді қайда тастайсың…
– Жетті енді осы масыл болғамда аз емес… Сәлімімді сағындым… олда мені сағынды келіп ертіп кетеді… балаларға өзің ие бол… салқыны тиіп жүрер… малыңды шығынсынбасаң саған бір өтініш айтайын деп ем…
– Айта бер ойбай… осы малдың жартысы сенікі ғой…
– Е… маған малдың не керегі бар дейсің… перінің ауылы тегін қонбайды… мені алып кетуге келген ғой бұлар… тек Бақбөрден сескеніп әкете алмай отыр… олардың малына қызықпасын балалар… қызыққаныменде оларға ұстанпайды ғой… сен өз малыңның ішінен абайлап байқап отырсаң нысаналы малдарды көресің енді… көбінде бір жеріне қызыл шүпірек байланып қалады… сол малды әр сейсенбі түн ауа қасыңа Бақбөрді ертіп алып мына басжақтағы үңгірдің азына апарып бауыздап аузында жатқан қу томардың үстіне қойып кетіп отыр…
– Ойбай жеңеше-ау… Бақбөр маған көш бермей кетсе қайтем?
– Менің мына жаулығымды беліңе байлап алсаң тіліңді бұрмайтын болады.
– Тағы не айтасың…
– Ерте ме кешпе… Бақбөр бір қалғып кеткенде олар мені әкетеді…
– Не сонда Бақбөр ешуақытта ұйықтамайды ма?
– Оның көзі жұмылып ұйықтаған сықылды болып жатқанымен көкірегі ояу бәрін біліп жатады… енді амалын тауып Бақбөрді ұйықтату керек…
– Қалай…
– Ана жүктің астындағы кебежені аш.
Ол жүкті құлатып кебежені ашты… ішінде кісінің құшағы әзер жететін доп домалақ болып домаланып киіз болып қалған жүн жатыр екен.
– Ал, бұны қайтем…
– Бақбөрге апарып бер… осы арқанды тарқат де… осыны тарқатып болғанда талықсып ұйықтайды…
– Не мына бітеу киіз арқанба?
– Бұл адамның емес жынның түйіншектеген арқаны…
Жеңгесінің басқа айтқандарына еш күмәнсіз сенгенімен мына бітеу киіз арқан дегенге онша сенбеді. Сенбесе де айқанын орындап Бақбөрге апарып берді.
– Ата! ата! Арқанның ұшін таппай жатырмын… –деген Бақбөрге ол:
– Балам асықпай іздесең табасың… –деді де өрістен қайтқан малға қарай кетті.
Өзінің сүт кенжесінің еншісіндегі құла дүнен артқы аяғын сылтып қалған екен.. тасқа қысып алдыма болмаса қоырққа тақып алдыма деп айналып арт жағына өте бере жалының арасында байланған қызыл шашақты көрді де, қайта үйге қарай келді. Кенжесін шақырып алып.
– Кенжеқұл екеуміз айырбас жасасақ…
– Неге көке?
– Құла дөненді маған бер… ал, менен қалаған бір атыңды ал.
– Көкасауды бер…
Көкасау алты жасар ат… неге екенін қайдам соның мойнына құрық салмаған еді… тек бестісінде ұстап піштіргенде үстіне бір ретте тоқым жаппай жіберген. Ата айтқандай шу асаудың өзі…
– Оны міне алмайсың…
– Онда ауыспаймын…
– Басқа қалаған жылқыңды берем…
– Көке көкасаудан басқаға ауыспаймын…
Ерке өскен ұлымен түннің бір уағына дейін саудаласты… ол да көкасаудан басқаны қаламады… ақыры айырбас жасалды… келісті…
Ол сыртқа шығуға қамданып жатқанда ұлы:
– Көке осы саған жаман құла неге керек болды… соны түсінбедім…
– Оны сұрама… сауда сақал сипағанша келістік қол алыстық… көкасау сенікі… құла дүнен менікі… ешкім ешқашан бұл әңгімені қайталамау керек!
– Мен ұтылғам жоқ… жаман құланы атақты көк асауға айырбастады…
Ол ешкімге үндемей сыртқа шықтыда анадайда үйездеп тұрған құлаға шалма лақтырды.
Сосын жеңгесінің берген жаулығын беліне орап алып… Бақбөрдің қасына келді.
– Ата, ата, арқанның үшін қайда тықтың таба алмай жатырмын… –деген Бақбөрге балам оны асықпай табасың… жүр екеуіміз бір жаққа барып келейік деп аяғындағы матауын босатпақ болып еді. Бақбөр өзінен бұрын қимылдап лезімде босанды да
– Ата, ата қайда барамын… мен арқан шешем…тез… тез… деп алақтап арлы берлі жүгіре бастады.
– Менімен еріп отыр…
Ол құла дөненді жетелеп үңгірге жеткенше Бақбөр қараңғылық тұмшалаған сайдың ішін бас аяғына неше мәрте шыр айналып шарлап шықты…
Үңгірге таяй бере қасына жетіп келген Бақбөр:
– Ата, ата, көш келіпті… жеті үй… екі апа… жеті ит… екі ешкі…
– Жарайды қой енді балам қасымда жүр… – деп жеңінен тартты… Бақбөрдің айтқан сандарына мән бермеді… ол осы жеті мен екіні көп айтатын…
Үңгірдің азына жете құла дөненді төрт аяғынан тұсап жықтыда қынынан қылпылдап өтіп тұрған пышағын Бақбөрге ұстатып
– Бауызда енді, –деді.
Бақбөр қолына пшақ тие көз леспес жылдамдықпен құла құнанды тамақтан орып жеберіп шапшыған қаны тылмастан жұындап басын бөлек алдыда қарсыдағы қарағайдың ішіне тесіле қарап аз-кем тұрды да, қолындағы басты пшықпен қоса жерге тастай салып:
– Ата, ата –деп жүгіре жөнелді.
Ол әупірімдеп жүріп құнанның денесін томардың үстіне әзер шығардыда
– Бақбөр балам– деп дауыстап еді. Бақбөр лып етіп жетіп келді. Екеуі ақырын аяңдап үйге қайтты. Келе сала домаланған киізбен қайта арпалысып кеткен Бақбөрге сәл айналсоқтап қарайлап тұрды да үйіне кіріп кетті. Барлығы жатып қалған екен. Қараңғыда жайлап басып орнына барып жатып қалды.
***
Әкесінің саудасынан әлде неге сезіктенген кенже ұлы қанаттас отырған ағамның үйіне барып жата салам деп шешесіне айттыда әкесінің артынан шығып іздерін аңдыған. Қалың қарағайлы бетпен жанасалап бірге жүріп отырған еді. Үңгірге жеткенше Бақбөр бұған неше рет келіп кеткен. Әкесінің құла құнанды неге сойғанын түсіне алмады. Олар қатқансоң арттарынан енді қайта берем дегенде сайдан сыңғырлаған әйел даусын естіп кідіріп қалды… тумысынан жүректі қорқу сескені дегенді білмейтін ол тосын шыққан дыбыстан еш қорыққанда жоқ… ақырын таяп келіп аңдыды… үндері сондай жағымды… әуезді бірақ еш сөзі ұғылмайды… екі қыз екен. Манағы әкесі мен Бақбөрі әкеліп сойған құла құнанды екеуі әпсәтте жәукемдеп қоларына ұстаған кішкене ғана дорбаларына сиғызып алып кері қайтты… манадан алыста отырып жүздерін көре алмаған еді… енді міне тура қасынан өтті… бірі-бірінен өткен жүздерінен әппақ сәуле шашқан ай дидарлы арулар екен. Денесіп бойлап бір ыстық ағын тулай жөнелді…. маңайында аңдып тұрған біреу барын сездіме екі қыз тез тез басып ғайып болып кетті. Ол таң ата ағасының үйіне келіп жатты.
Арада апта өтпей әкесі үлкен келінімен саудаласты… төркінінен келген ала сиырды өзінің көшкенде жүк артып жүрген атанға бергісіз көкінгенге айырбастап алды… басқалары онша сәп салмағанымен кенже ұлы бұл жолы қатты қуанды… анау күннен бері сол қыздарды тағы бір көрсем деген құштарлығы күндіз күлкіден түнде ұйқыдан айырған еді. Кеш болмай сайдың аяқ жағындағы көрші ауылға барып қайтам деп шықтыда қабырғалып барып тура үңгірдің желкесіне атын қаңтарды да бекініп жатты. Түн ортасы ауа алдымен алып ұшіп Бақбөр жетті.
–Ата, ата… арқан бер деп қоярда қоймай атының шылбырын алып кетті.
Шылбырды алып бара жатып жерден жылқының қу тезегін алып беріп мынаны ұстап алсаң сені көрмейді дедіді кейін қарай жүгіре жөнелді. Біраз уақыттан соң әкесі аласиырды жетелеп келдіде жығып Бақбөрге бауыздатып. Томардың үстіне шығарып қойды да кері кетті. Олар кете бере қай күнгі қыздар жетті. Тіпті жап-жақын жерден көріп жатыр… олардың етті қалай жаукемдеп алып кеткенін ұқпай қалды… арттарынан еріп отырды… Тура торлы сайға тартты. Анау күнгі жаңа көшіп келген ауылға… содан бері әкелерінің қатаң ескертуімен бұл жаққа балаларының ешқайсысы аяқ баспаған еді. Үйге дейін баруға әкесің ескертуінен емес Әтей ағасының өзі бара алмай қойған қабаған иттерден қорқып артқа қайтты.
Арада екі-үш күннен кейін Жәми апасы шақырып алып ләм-мим деместен бетіне біраз қарап отырдыда кет ымдап шығарып жіберіп әкесін шақыртты.
Жеңгесінің алдымен ұлын соңынан өзін шақырғанынан тіксінген қайнысы қашанғы қосқа кіргенше жүрегі лобып әзер жетті.
– Тентек-Қара осы сендерге еш залалымыз тимесе екен деп ойлаушы ем… ол болмаған екен… ана кенжең сендерді аңдып жүр… пері ауылына дейін барып қайтты… енді көзіңнен таса қылмай ұстамасаң айырыласың… Бақбөрмен бірге матасаңда өзің ие бол… менен қайран жоқ… деп шығарып салды. Басқа тірліктің барлығын қайырып тастап соны аңдумен қалды… еш қайда қия бастырмай қойды… еркелетіп өсірген кенжесінің тектеуге түскеніне отыз қанша жылдан бері екі үйдің бірдей барлық ауыртпашылығына қыңық етпеген шешесі шарт айырылды…
Өмірі алдынан кесіп өтпей Және деп зыр жүгіріп құрмет етіп жүрген жеңгесінің қосына жаулығын қолына алып кіріп кетіп орнынан тұра алмай домаланып жатқан бейбақпен жұлысып шықты… күйеуінің де мын ашытып құлақ жеді… ашуға мініп қамшымен қанша рет домбытып алғанымен қайтар емес…
Оған бығатын кенже ұлы жоқ… қарқ-қарық күліп Бақбөрдің қасына барып жаттыда алды…
– Екі жақтап жүріп арқанның ұшін таптық деді бір күні… ойбай ортасына жеттік деп келді… бір күні… арада біраз мал үңгірге жеткізілді… кезек соңыра құла құнанға ауыстырып алған асау көккеде жетті. Оғанда бықпады. Тек сол түні таң атқанша Бақбөрдың қасынан шықпай түнеп қалды. Бір-күннен соң жеңгесі шақырып алып барлығымен бақұлдасты. Тек абысынын үйге кіргізбеді. Оныңда келе қойғысы келмесе керек. Тек көз қылып жылаған сымақ болды. Асау көктен кейін көк інгенге кезек келді. Бұл жолы кенже ұлы әкесіне алаңдама аңдымаймын енді деп уаде беріп шешесінің қасында тыныш жатып қалды… ертесі таң атар-атпастан Бақбөрдың қалыптан тыс шарқылдап күлген даусы таудың ішін күңіренте жаңғыртты.
– Тарқаттым мен… тарқаттым. Үйдің желке жағындағы шоқыдан қалың тұман сайға қарай жылысып келеді екен. Тұманнан адасып қалмасын деп малға кеткен ұлкен ұлының артынан тағы бір баласын жіберген ол енді Жәми жеңгесіне келген… есікті ашып ішке кіре шорт тоқтады. Өз көзіне өзі сенбей қалды. Отыз жыл бойы орнынан тұра алмай топ болып домаланып қалған Жәми жеңгесін әуелі танымай қалды. Әппақ көйлекті төгілтіп киініп қойтың қақ төрінде тікесінен тік тұр…
– Тентек-Қара қоырқпа… таң қалып тұрған шығарсың мына кемпір қалай орнынан тұрып кеткен деп… біз адамдармен қатар өмір сұру үшін сырттан қуат алатын едік… Сәлімім барде барлық күш-қуатты сол беретін… одан ғайыптан балалы болдым… менің қуатым Бақбөріме кетті… енді… менің төркінім жоқтап келіп жатыр… солар маған қуат берді… мен кетемін… енді тек сенен басқа ешкіммен қоштаса алмаспын… хош сау бол Тентек-Қара… деп қостың етегін түре аспанға қалықтап көтеріле бастады… өңім ба түсім ба деп арса-арсасы шыққан быртық саусақтарымен көрін қайта-қайта уқалады…
Әп-сәітте айналыны қалың тұман басып қалды… ит үріп, қой маңырап, сыйыр мөңіреп, жылқы шұрқырап кең алқапты сай іші азан-қазан болды да кетті… енді сіркіреп жауын жауа бастады…
Кенет шарт ете түсіп жер-әлемді зел зала қылып найзағай түсіп кеүн күркіреді… жайдың оты жарқ ете қалысымен аспанда ұзаққа шұбатылған күннің күркірі аяқтамай-ақ манағы қалың тұман лезімде ашылып, сіберлеп құйып тұрған жаңбыр пышақ кескендей тоқтады…
Қостан сыртқа атып шыққан ол аспанға қарады… көтеріліп кеткен жеңгесі көзден ғайып болған екен… қосқа қайта кірді… өмірінде тұңғыш рет денесі дір етіп қорықты… неге екенін өзіде түсіне алмастан қалш-қалш етіп дірдектеп бара жатты… өз үйіне келді… бір жерің ауырама, суық өткізіп алмадың ба деген әйеліне ләм-мим деместен ошақтағы лаулаған отқа алақанын тосып біраз отырды да, сыртқа қайта шығып Бақбөрдің қасына келді… астындағы биік сәкіні солқылдатып қорылдап ұйықтап жатыр… ірге жағында өзінің кенже ұлы жатыр… әлде бір шашақпа бір нәрсені қолына жұмарлай қысып олда қатты ұйқыға кеткен.
Үйге қайта келіп үйдегілеріне Жәми туралы айтпақ болып оқталды да тоқтап қалды…
Бүгін таңғы шайда ақ әйелімен Жәми жеңешелі туралы сөзге келіп қалғанды…
Сөзді әуелі әйелі бастады.
– Шақыр ана ұлыңды… құтырғанмен бірге құтырайын деп жүрме… сайтанның сапалағының маңына жуыма десем болмай қасына барып жатып алды… Меніңде өмір бойы бір қарығым ашылмаған бейбақпын… екі жындыны отыз жыл бағып ем… енді біреу тағы қосылайын деп жатыр… долданған қатынмен тәжікелесіп марқадам таппасын білген ол бетін ірге жақққа беріп басын қалың түйе жүн күпісімен тұмшалап жатып қалды… көзі ілініп кеткен екен:
– Және апам жоқ!.. деп айқайлап кірген өзінің үлкен ұлының даусынан оянып кетті. Бірақ басып көтермей орнынан қозғалмастан жата берді.
– Не дейді құдай… ол өлгін сүйретіп қайда кетеді дейсің төсектің астына құлап қалған жоқ па? Анық көрдің ба?
– Жоқ апа, қостың бәр жерін қарадым… жоқ…
– Сұмдық!
– Әкемді оятайын ба?
– Оят не болсада осы қақпас бір пәлені біледі…
– Әке! Әке! Ұлы өзін келіп жұлқылаған соң марғау орнынан тұрды… ұлы манадан бері өзі тыңдап жақан сөздерді қайталады.
– Даурықпаңдар!
– Шын айтам әке.
– Білемін! Және апаларың жоқ енді кетіп қалған…
– Ойбай не кетіп қалғаны несі… домаланған топ кемпір қалай кетіп қалады… Сайтанба ол!
– Доғар енді албаты сөйлемей!
– Құдайым-ау, ел жұртқа небетімізді айтамыз енді… кемпірде жеп қойдыңдар ма демей ме?
– Көшеміз!
– Қайда?
– Бізді танымайтын жерге.
– Жетер енді елден жұрттан айырылып отыз жыл сенің артыңнан жүргем… енді сенімен бірге сандалар шамам жоқ… ежелгі қонысқа кетем… төркінімнің қасына!
– Жолың болсын… енді сенімен шәркелесетін менде де шама қалмады…
– Қал өзің ана сайтаннан туаған жындыңмен бірге…
Қолына ілініп кеткен көксауыр кебісті жіберіп қалды. Қатын баж етіп шалқасынан түсты. Құлап қалған шешесін орнанан тұрғызып жатқан ұлы ұялмайсыңдар ма қойсаңдаршы… кемпірмен шал болғанда… әкесіне ызбарлана қарады… айрандай ұйыған үй тас бозылды… ұлкен ұлымен келінін ертіп қатыны кері көшетін болды. Ал қалғандары осында қалатын болып шешті…
Күн түн демей үш сөтке ұйықтаған Бақбөрмен кенже ұлы Кенжеқұл орындарынан тұрғанда жүк екіге бөлініп түйелерге арталып жатыр екен… неше күннен бері аласапыран айқай шудан кенже ұлын жоқтамай қалған кемпір енді кенже ұлына кеп жармасты…
– Кет менімен… мына сайтан жайлағандардан аулақ кет… менімен бірге жүресің…
Болған істің барлығы Кенжеқұлды еш таңғалдырмады… тіпті басы қасында жүрген адам сықылды…
– Апа, қойшы қайда барасың… мен осында қалам… Бақбөрдің қасында болам…
– Ойбай құдай… көрдің ба сап-сау адамды жынды қылды бұлар… құдай…құдай… деп шашын жұлған кемпірді келіні ары жетелеп кетті. Бұлардың шуылын
– Апа! Апа! Деп айқайлаған Бақбөрдің даусы басып кетті. Қолына қай күннен бергі өзі тарқатқан ұзын арқанды шумақтап сүйретіп Жәмидің қосына кіріп кетті.
– Ата! Ата, апам қайда деп Мәліктің етегіне келіп жармасты… аяғын құшып зар жылады…
– Апатайым-ай, апатайым… бір көре алмай қалдым ба апатайым деп еңіреп жатыр.
Мәліктің есіне баяғыдағы көкбақсының айтқаны түсті. Құдайға шүкір бұл есін жиған екен-ау деп ойлады.
Баяғыдан бері қалай байқамағанына таң қалды… Бақбөр тура Сәлім ағасын сойып қаптап қойғандай екен. Дене бітісі де… сөз әуені де.
Бұлқан талқан болып атқа қонғалы жатқан әйеліне келіп, жеңінен тартып Бақбөр жақты ымдады.
Буырқана долданып жүрген ашулы қатын күйеуіне осқырына бір қарады да Бақбөрге сәл көз тоқтатып:
– Ағыкем!.. құдайым-ау, тура ағыкем ғой… деп жыламсырап Мәлікке қарай қисая берген. Бетіне су бүркіп жүріп есін әзер жиғызып алды… Жүк шешілді… Түйелер жіберілді… Жығылған үйлер қайта тігілді…
Жанұшыра аласұрып жүрген Бақбөрді Кенжеқұл тоқтатты.
– Бақбөр аға сабыр… сабыр… кішкене тыныстап есімізге келіп алалық…
– Кенжеқұл мен саған Торлысайдағы қыздардың ауылынан ешнәрсе алып берген жоқ па ем?
– Бір мамық қауырсын әкеліп бергенсің…
– Кәне?
– Не істейміз енді…
– Кеттік.
– Қайда.
– Қыздардың аулына.
Манағы көшке таярланған аттардан кермедегі тұрған екеуіне Бақбөр мен Кенжеқұл мінді де Торлы сайға ұқарай құйғыта жөнеліді… ешкімде олардың артынан тоқтатып қалуға әрекеттенген жоқ… өз тірліктеріне кіріскен.
Бақбөр мен Кенжеқұл Торлы сайға жеткенде Торлысайдағы ауыл енді көшкелі қамданып жатыр еді. Атпен тасырлатып жетіп келгенде әуелі оларды қабаған төбеттер қарсы алды. Кенжеқұл жүрексініп тізгінін тарта беріп еді, Бақбөрі оған – қорықпа бұл жай елестер ғана төбеттердің көзіне қарамай менімен еріп жүре бер деп бұйырды. Ат үістіндегі кісіге шапқан иттерге тоқатмай ауылға енді жығылып артылып жатқан үйлердің қасына келген. Ақтылы көп үйде тек екі қыз ғана бар екен. Тура анау уақыттан бергі Кенжеқұлдың көріп жүрген аймаңдайлары.
– Армысыздар мырзалар.
– Армыз… амансыңдар ма сұлулар.
Бақбөрмен Кенжеқұл аттарынан түсті.
– Біз көшуге қамданып жатыр ек… әуелі қыздың үлкені сөз алды.
– Көш байсалды болсын…
– Рахмет…
– Онда сыздерге сусын береілік содан біз көше берсек… қыздың кішісі екі шара толы қымызды әкеліп жігеттерге ұсынды.
Жанында тұрған Кенжеқұлға Бақбөр сыбырлап… – қымызды ішпе! Қолыңа ала сала анау тұрған ақбас атанғың басына шашып жібер… сонда бұлар көше алмайды… –деді.
Кенжеқұл қолына шараны аласала ақбас атанның басына шашып кеп жібергені сол еді… ақбас атан қол аяғы матаулы адамға айналып кетті.
Шыр-пыр болып жүгірген қыздар енді.
– Кешіре ғөр бізді… қалаланың болса айт… айт деп Бақбөрге қолқа салды. – Апамды қайтарып берыңдер… басқа еш нәрсенің керегі жоқ…
Бақбөрмен қыздар көп тәжкелесті… ақыры үй қайта тігілді…
Қыздардың сөзіне қарағанда апасы айшылық жолдағы төркініне перілер аулына кетіп қалған екен… здері жиеніміз бір іздеп келер көріп қалалық деп аялдапты… әйпегенде бұларға үлгіртпей кетіп қалар еді… Екеуін ақотаудың төріне жайғастырып қыздар аста төк қонағасы берді… әредік бір сыртқа шыққанда Бақбөр Кенжеқұлға қыздар бізді күттік деп жалған айтады… анау күні мен саған ана кіші қыздың қанатын әкеліп берген ем… соны алып кетуге күткен… онсыз болар еш қайда бара алмайды… соған ие бол ұлтарағыңның астына салып ал… одан басқа жердің барлығынан тауып алады… қазір кіргеннен соң екеуімізді еккі үйге әкетеді… сенен сұрайды… бермеймін де… тек сандығының түбіндегі сақинаңа аусамын деп айт… ол сақинасын береді… сақинаны алған соң мен мамық қанатты жоғалтып алдым таба алмай қойдым деп сылтауратып отырып алсаң кіші пері қызы сендік болады… ал енді кеттік деп үйге кірді…
Айтқандай екі қыз екеуін екі отауға бөліп алып кетті. Енді бұларға қалың адам кейіпті перілер құрақ ұшып қызмет ете бастады. Таудай ет, көлдей қымыз… мың бұралған бишілер… тамылжыта ән салған әншілер… жігіттер сауық ссайранмен жатып бір аптадан аса уақытты өткеріп жіберді… Ақыры бір күні ақ шымылдықтың ішінде кіші пері Кенжеқұлдан мамық қауырсынды сұрады.
Кенжеқұл Бақбөрдың үйреткенін істеді…
Арада тағы бір апта өтті. Сақинаныда алып алған Кенжеқұл енді шаттыққа мастанып жата берді. Кенжеқұл осында келгенннен бері күміс көмей әнші болып кеткен… бұрын мал соңында жүріп анда санда барылдап ауыл әуендерін айтқаны болмаса көп әндерді де біле бермейтін… өзіде ғажаптанады… білетін әндері сұмдық көп екен… барлығын тамылжытып тұрып айтады… өз даусына өзі мастанып кейде таңнан таңға ән салып шығатын болған… Ал, Бақбөр апасының қайтып келуін күтіп жатты.
Екі қыз кері қайтудың амалын ойласты.
– Сіңілім сен әлі ала алмадың ба?
– Барлық жерді ақтардым… тек табаның астынан басқа…
– Ммм онда ол ұлтарағының астана тығып алған болды… онда адамдар білмес еді… Бақбөр үйреткен болу керек. Ол пері затынан. Оның амалын табу керек. Сен онда оны алып көлге апар… суға түсір… шешіндірмей киімімен түсір… су болған киімін кептірмек болып жайғанда қолға түсіресің…
– Мақұл әпке… сосын бұлар осында қалады ма әлде…
– Не сен қыз ана жігітті ұнатып қалдың ба….
– …
– Адамзатпен некелесіп өмір сүруге болар… деседе бір қателік өмір бойғы азаппен өтетіні бар… үлкен әпкем сықылды…
– Сізде жиен жігітті ұнатып қалған жоқсыз ба?
– Иә… несін жасырайын… ол Кенжеқұлдан бөлек… Перілердің арасында ғұмыр кеше алады… Бірақ, ол қайтуды қаламайды… адамзатқа ғашық болып қалған…
– Қойңызшы ол, есі ауысып байлауда жатты ғой… қалай ғашық болады…
– Сіңілім… жынданып аласұрып жатқан оның тәні ғана… жаны осы жер бетінде жүргендердің барлығынан ақылды болған… адамға тән тән пері жанына ие бола алмай аласұрады…
– Кенжеқұлды бірге ала кетсек ше…
– Олай ете алмаймыз… адамдардың арасында перілерге орын болғанымен перілердің арасында адамдарға орын жоқ…
– Неге…
– Адамдарде тек бір ғана сезім бар… ол табыну, құлшылық ету…
– Қалай… мен Кенжеқұлдың жанарынан маған деген соншама зор құштарлықты көремін…
– Сіңілім… Жаратушы ең әуелі адам затты жаратқанда… осы жерге арнап емес… тек өзіне құлшылық ету үшін ғана жаратқан…
– Қалай ша…
– Жаратушы алғашқы Адамды тек өзіне құлшылық ету үшін ал Хауананы адам атаға тек серік қылу үшін жатарқан… олар әлемнің ең жоғарғы бағығда жүргенде сол жаратушыға деген құлшылық ету, табынудан өзге сезім болмаған. Оларда ер әйелдік махаббат дегенде болмаған… некеде болмаған… тек сайтаннның азғыруымен нәпсінің жемісін жеп қойып барып жерге түскеннен кейін… соның өзіндеде қаншама уақыттан соң бір бірінен қашып құтыла алмаған соң бір біріне жақындасқан… сосын жер бетіне тән барлық нәпсінің дүниесін бізден үйренген… олардың сезімдері тек осы дүниеде ғана… ал, о дүниеге кеткенде оларда… басқаша ешқандай сезім болмады… әуелгі жаратылысына қайтады… тек құлшылық пен ғана қалады… біздер адами заттың махаббатын, қуану, мұңаю, сүю, сүдіру сезімдерін біз үйреткенбіз… алғаш қаза болған адамзатты жерлеуді де бізден үйренген… ең алғашқы адамның некесін біз қиғанбыз… біз оларға от силағанбыз… біз оларды көк мұздан алып шыққанбыз… біз олардың еш қашанда ойлары жетпейтін ғаламаттарды жасап бергенбіз… жер бетінде ең әлсіз тірлік иелері осылар… бұлар алғаш өмірге келгенннен бастап бір бірімен ғана селбесіп өмір сүреді… ешқайсысыда жеке-жеке күн көре алмайды… бұл дүниеде олар бізден кем… тек олар о дүниеге кетіп әуелгі жаратылысына қайтқанда ғана бізден жоғары тұрады… ол кезде біз оларға қажетсізбіз… сол үшінде… адамдармен қатар өмір сүру қиын…
– Онда үлкен әпкем қалай ша…
– Біздің жездеміз Сәлім асқан оқымсты болған адам… ол жаратылыстың барлық тілін білетін еді… бұларды құдіреттендіріп ұстайтын тек тілдері ғана… тілімен әлемді басқара алады… бірде жерді шарлап жүрген әпкемді көріп ұнатып қалыпты да сиқырлы дуасын оқып өзіне алып қалған екен… өзі қайтқаннан кейін отыз жылдан соң барып әпкемізді кері қайтаруға әзер шамамыз жетті…
– Неге одан ерте алып кетпедік… болмаса өзі неге қайтпады…
– Адамның аузынан шыққан сөзі ешқашанда жоғалмайды… әлемді шарлап жүреді… сен ана құлағыңдағы сырғаны шығарып көрші…
Кіші пері сол құлағының сырғасын шешіп ала бере шыңғырып барып талып қалды… әпкесі бетіне су бүркіп есін жидырды…
– Сұмдық бір шырқыраған дауыстар… құлағымды тұндырып есімнен адастырып жіберді…
– Иә… осы дауыс бізді адамдармен бірге жасатпайды…
– Сырғаны шешпей жүруге болмай ма?
– Сырғаны шешпесең адамнан ұрпақ көре алмайсың… адамдар үшін махаббаттанда биік нәрсе ұрпақ қалдыру…
– Онда әпкеміз ше…
– Жездеміз дуамен басқа сырға таққан болар… бірақ ол да мезеттік қана біраз уақыттан соң күшін жояды… жездеміздің дуасы отыз жылда қайтты…
– Кенжеқұл ондай дуаны білмей ме әпке сұрасам қайтеді…
– Жоқ ол білмеді… тек Бақбөр біледі…
– Онда сіз сұрап алып бересіз ба…
– Ол менімен бірге перілер мекеніне кетуге көнсе алып бере аламын…
– Сондада өтініш жасап көрсеңші…
– Не сенің осында қалғың келіп отыр ма
– Кенжеқұлды алып кете алмасақ қаламын…
– Онда сен ең әуелі Кенжеқұлан мамық қауырсынды алып бер…
Ертесі Кенжеқұлдар көл бойына кетті. Үсті басы малмандай су болған Кенжеқұл киімін шешіп үйдің бас жағындағы кермеге жайып тастап су болған көн етігін бір қарағайдың қуысына ұлтарағын бөлек алып тыға салды да судан қалшылдап киіз үйге қарай жүгірді…
Жер-әлемді шарқ ұрып анасының келер жолын тосып сандалып жүрген Бақбөр бұдан хабарсыз еді…
Отрадағы ашық ошақтан лаулаған от бойын тез жылытты… кіші перінің ыстық құшағына малынып аз кем шүйіркелесіп жатып ұйықтап кетті.
Түс көріп жатыр екен дейді. Түсінде кіші пері бұлтқа мініп алып Кенжеқұл кел тез кел деп қол бұлғайды ал бұл жерде арлы беры сандалып өзің бері түсші… мені қалдыра көрмеші деп зар жылап шыр айналып жүгіріп жүр екен.. түстің соңы ұзарып талықсып кеткенде біреудің бүйірінен түрткенінен оянып кетті. Өзі айдалада төбе болып жиналып қалған жылқының қу құмалағының үстінде жатыр екен… таң атып кетіпті… оятқан Бақбөр екен.
– Қайдамыз біз…
– Сендегі мамық қауырсын қайда…
– Ана қарағайдың қуысында болатын…
– Албасты басты…
– Қыздар тауып алғанда көшіп кеткен онда…
– Сен қайда болдың…
– Апаң айыр төбе деген жерге келеді деген соң сонда барғам…
– Келді ма?
– Жоқ… бірақ сәлемін естідім…
– Кімнен…
– Арнайы елшіден… хабар жіберіпті…
– Келмей ма
– Иә… дұрысы келе алмайды екен…
– Біз қайтеміз…
– Амалын табармыз… айтпақшы сақинаң бар ма
– Иә бар…
– Онда қоырқпа ол сені іздеп келеді..
– Енді не істейміз…
– Үйге қайталық…
– Келмей қойма ма
– Перілер серттен таймайды…
– Айдан аса уақыт қайда кеттіңдер десе көкеме не дейміз…
– Сұрамайды…
– Неге
– Біз кеше ғана кеткенбіз…
– Жоқ біз тура бір айдың алдында келгенбіз…
– Уақыт алмасып кеткен… перілердің әлемінде уақыт басқаша…
– Түсінбедім…
– Жүр қайталық… аттарымыз кешеден бері аш қаңтарылып тұр…
Екеуі жаяулап етекке қарай түсті… аттары баяғыда өздері келгенде кермеге қаңьтарып байлаған қалпы тықыршып тұр екен. Кенжеқұл түккеде түсіне алмады. Аттарына мініп ауылға қарай аяңдады. Аулдарына келгенде Кенжеқұл тіпті өз көзіне өзі сенбей қалды… бұларды ешкімде сағынып жоқтамаған ыспетті… алдынан шешесі шығып…
– Құдай-ау қарғам шешеңнің жаны шығардың ғой кешеден бері қайда болдыңдар сұрады…
– Апа… деп бірдеме айта бергенде Бақбөр оны бүйірінен түртіп ол туралы ешкімге тіс жарушы болма… ешнәрсе сездірме… оны қайта көргің келсе… деп сыбырлады…
– Соның арасынша жалдан төмен қарай құйғытып келген Әтей ағалары
– Көке жаңа көрдім ана ауыл көшіп кетіпті. Деп Мәліктің қасына келді… неде болса олар туралы бір сырды осылар білер дегендей Мәлік Бақбөр мен Кенжеқұлға тесіле ұзақ қарап отырып қалды.
Періден қалған сақинаны ерніне тигізіп емірене сүйген Кенжеқұлдың құлағына сақинаның ішінен
– Мырзам күт мені, күт! Мен қайта ораламын деген қыздың даусы естілді.
Қойшеке өте керекмет!!!
ағасы қайтыс болар кезінде жылапта алдым, керемет жазғансыз, шындық өмірден алынғандай!
Қойшеке өте керекмет!!!
ағасы қайтыс болар кезінде жылапта алдым, керемет жазғансыз, шындық өмірден алынғандай!