[slideshow]
Жалғыздық
Елсіз иен жапанда жалғыз өзім қалыппын. Жападан жалғыз. Бәлкім олай еместе шығар. Жан жағыма байыздап қарағым келді. Жоқ қарай алмадым, көзім тарс жұмулы екен. Қанша тырбансамда жанарымды ашуға шамам жетер емес. Сосын ойма кімді іздеймін деген сауал келді. Шынымен мен кімді іздеймін. Кімді іздеуім керек. Ата-анамды шығар… несіне олардың да өз әке шешелері бар солармен бірге шығар… Ал менің балаларымшы… иә өз балаларымды іздеуім керек!
Бұл жолы үстіңгі қабағымның терісін сыпырып тастауға дәс қалдым… деседе жанарым ашылмады… жоқ менің жанарым ашық шығар. Бәлкім мен көру қаблетінен айрылған шығармын… тағы талпындым… еш өнім жоқ… мен тағы ойландым. Несіне жанталасам… менің балаларымда өз балаларына кеткен шығар… олардың балалары бар ғой. Жоқ оларды мазаламайын. Тоқтап дем алғым келді. Жоқ тоқтауға болмайды екен. Неге екінін қайдам тек алдыға ғана тоқтаусыз жүгіре беруге міндетті екенмін. Бұл неғылған қағида деп ашуландым. Осы қағыиданың тас талқанын шығармақ болып ақыры жер тебендап тұрып алдым. Енді жанарым ашылғандай болды… маңайымнан сан милиондаған таныс және бейтаныс адамдар алға қарай жан ұшырып кетіп барады екен… әлде бір тілсым күш алқымымнан езіп алға қарай сұйрелейді… мен өзімді бек қайсар адам есептейтінмін. Қарысып бақтым. Енді көзімі артымда маған қарай келе жатқан балам көрінді… қуанып кеттім. әлгіндегі тамағымды езген жойқын күштіп зұлматын сезінбейде қалдым. Маңдайынан сүйіп, құшағыма қыспаққа балама қарай тұра жүгірдім. Иә, не болған ұлым менен кері бажылдап қашып бара жатыр. Олда мен сықылды жалғыз қалып жабығып адам танымай қалған шығар. Ақыры қуып жетіп иығынан жұлқа тартып өзіме қараттым. Масқара балам деп қуып келгенім өзім екенмін. Иә өзім. Тура осы киім, осы сумкамен алғаш мектепке барғанмын. Қолым еріксіз босап кетті. Менің бала бейнем анадайға барып маған қарап жымыип қойды. Ұлым екен деп алданғаныма ашуым келді. Оған қарамай алдыға қарай тұра жүгірдім… қаншалықты жүгіргенімді білмеймін әйтеуір бір кезде қаптаған қалың нөпірдің ішінде әкем кетіп барады екен. Бейшара шал қартайыпты… белі бүкірейіп таяққа сүйеніп әзер кетіп барады. Қолтығынан демегім келді. Қуып жетіп енді қолтығынан ала берегенімде ол маған жалт қарады. Баж ете қалдым. әкем деп жетіп келгенім менің қарттығым екен. Бет аузымның алжа-алжасы шығым, маңдаймыдағы ажімдердің тереңдігіне көз жетпейтін із қалдырып таяққа таянып қалт-құлт етіп әзер кетіп барады… бала бейнеме қайтқым келді… бірақ ол менен қашады. Қарт бейнемнің қасында қалғанға өзімнің дәтім жетер емес.
Мен көзімді тарс жұмып алып алға қарай қаптаған қалың нөпердің ішінде жападан жалғыз өзім сызып келе жатырмын…
Қойшыбек, көп-көп рахмет осы жазбаңыз үшін!
Қойшыбек, көп-көп рахмет осы жазбаңыз үшін!