[slideshow]
ЖАЗА“
Сендердің жолдарың ашық, жұптарың жазылмайды, ел алқауында боласыңдар… Бірақ түбі екеуің бір әлемнің екі бетіне жол аласыңдар…”
Олар алғаш рет жоғары оқу орнының шақыру қағазын алған соң аулыдағы бақсы кемпір атанған кейуанаға барғанда, естігендері осы еді.
«Расында түбі екі жаққа кетеріміз, ақиқат қой, кім мәңгілік ғұмыр кешпек. Оны осы бақсы кемпірсіз өзіміз де білеміз… Мұндай сәуегейлікті қырық құмалақты шашып, қайта жиып әуреленбей-ақ бізде айта береміз…» деген екеуі бақсы кемпірді кекете күліп кеткендеріне де міне жиырма жыл болыпты. Екеуі де қаладағы ең үлкен театрда жұмыс істеді. Бірі лауазымды бастық, бірі қатардағы актер.
Екеуі директорға арналған кабинетте отыр.
– Бас еке, осы қойлымнан әбден мезі болдым, он бес жыл бойы қанішердің рөлін сомдау оңайға соқпады. Түсімде ылғы шынайы қанішерге айналып кетіп шошып оянамын, енді қойлымнан алып тастайық…
Жаны жайсаң ақкөңіл адамға кесе көлденең болып, оған қастандық жасап жүрегіне қанжар қадайтын трагедиялы қойылым туралы айтып отыр.
– Дегенмен менің ел алдындағы бет-беделімді көтеріп отырған тек осы қойлым ғана, оны қалай алып тастай аламын.
– Мені де бір сәт ойласаңшы… Жұрт көшеден кезіккенде де маған жиіркенішпен қарайды…
– Әр актердің сахнада тек өзінің ғана алып шаға алатын кейіпкері болатынын сенде жақсы түсінесің… Маған емес, өнер атты құдайға өкпеле, саған осыны еншілеген…
– Не десеңде енді бұл қойылымға шаға алмаймын. Келіспесең жұмыстан шығар. Сен сықылды қимайтын жұмсақ креслода отырғаным жоқ, он бес жылдың алдындағы қалпым, әлі сол қарапайым қызыметкермін…
– Жетер, сондағы сенің көре алмай отырғаның менің креслом ба? Онда келер аптаға соңғы рет шығарамыз, сосын болды.
Ақыры екеуі осыған келісті. Көрермен жүрегінен терең орын алған қойылымның соңғы рет сахналанатыны туралы мерзімді басыламдар мен радио, теледидарда жарыса жаряланып жатты.
Айтулы күнде жетті. Кең залда ине шаншар жер жоқ. Халық мейлінше көп жиналған.
Сахна шымылдығы ашыла дүр ете түскен жұрт әуелгі музыканы естіртпей қалды.
Өздерінің сүйікті кейіпкерлерінің аузынан шыққан әр сөзге зор қошеметпен қол соғып отырған жұрт, сахана төріне қаскөй шыққан кезде сілтідей тына қалды. Мыңдаған жанар оған жеккөрніштікпен тігілгенде, ол бұрын өзінде болмаған әлде бір қорқынышты сезімге малтықты.
Дегеніне жете алмай қалатын неше реткі жасалған қастық әрекеті кезінде жұрт теңселіп кетіп отырды. Залда отырып-ақ қара түнек қаскөйлікке лағнет айтып отырғандар, егер ол араларына келе қалса түтіп жеп жіберердей қалге жетті.
Шығарманың соңғы шарықтау шегі. Жағымды кейіпкердің қазасына таянғанда жұрт демдерін іштеріне тартысып қалды. Зал жым-жырт. Осы жолдан соң лағынет жауғыр рөлден құтылармын деген қуаныштан өз образына дендеп кіре алмаған ол, қойнынан қанжарды суырып ала беріп түршігіп кетті. Зал тола оған жауығып отырған іспетті. Тістерінің шықырына дейін құлағына анық жетті. Оның көзі қарауытып, басы айнала бастады. Теңселіп барып бойын әзер түзеген оған өз ішінен арғы бір түптен әлде бір үн «сен өлтір оны, көзін құрт, сенің түбіңе жеткен осы. Сен бәрі бір қанішерге айналғансың. Оны шынымен өлтірмесең шымылдық жабыла ол орнынан тұрады да, сені мына залдағы сені түтіп жегелі отырған жұртқа тастайды, сен қамдан, қапы қалма» деп жан даусы шығып шыңғырып жатты. Сол сәтте-ақ көзіне қап қара қан толған ол көрермендерге қарап, сендердің бастарыңдағы жарқыраған күндерің, осы ма? Бітті отының демі… ендігі кезек сендерде деп ызбарлана күңренгенде, демдері іштеріне тылғылған жұрт жалпы шығармадан тыс «ендігі кезек сендерде» деген сөзін аңғара алмай қалды. Аспалы шырақтарға жарқ-жұрқ шағылысқан қанжарын көрермендерге шынымен жүрекке қадаған ыңғай көрсетіп қолтықтың астындағы қуыстан бос тығып кеп жіберетін ол, бұл жолы тура жүрекке гірш еткізіп сұғып алды да, әрлі-берлі толғап-толғап жіберді.. Түкке түсінбей жанары талмаурып бара жатқан жағымды кейіпкерлерінің жүрегінен шынымен атқақтаған қанды көрермендер байқаған да жоқ. Қанға бөккен қанжарын суырып алған қанішер жайлап жабылып келе жатқан шымылдық арасынан қараңғы залға қарай бірақ секірді. Еңселерін қойылымның традегиясы басқан жұрт, шымылдық жабылып біткенше шығар есікке қарай беттеп бара жатты.
Өздерінің ең сүйікті кейіпкерлерінің бұл жолы шынымен қансырап өліп бара жатып: «Шынымен біз бір әлемнің екі бетіне жол алғанбыз ба?» деп үзіліп кеткенін ертесі газет бетінен бір-ақ көрді.
актер болғанда жаман екенғо
актер болғанда жаман екенғо