Дүй. Қар 4th, 2024

[slideshow]ДОДА

ДОДА
Атағы аспанға ұшқан халықаралық өнер байқауы болмаса да, ол үшін осы қала аралық өнер байқауына қатысудың өзі үлкен мәртебе еді.
Қыл қаламды қай уақыттан бастап қолына алғанын өзі ұмытып қалған.
Қаншама суреттер салды. Соның барлығын дерлік тек күнкөріс үшін болмашы бір тиындарға сата беретұғын.
– Сен өнеріңді бағалаймысың, – деп қаншама рет ескерткен аға суретшілер бұның салғант кескіндерге таңдана-тамсана қарайтұғын.
Осы қалада әдемілікті дәріптейтін әлдебір көпес ең әдемі қыздың кескіндемесіне байқау жариялапты. Бас жүлде бақандай бес аттың құны. Оның сыртында тағы да берері мол дейді деп бір досы арнайы ескерту жасады.
Дұрыс-ақ, қаншама әдемі аруды кескіндеді. Соның кез келгені жарар еді. Деседе ол көпестің өз шарты бар екен. Салған туретіңмен сол суреттегі қыздың өзін қатар қойып бағалайтын сыңайлы.
Әрбір әдемі қыз өз суретін өзі көтеріп сахнаға шығады екен. Сосын… бағалау… Қаладағы күллі суретшілер ең әдемі қыз іздеумен шарқ ұрды.
Әдемі қызға төлер төлем де аз болмаса керек. Ал оған берер ақшаның жайы қайда, ақыры ол көрші үйде тұратын бетінде бала күнінен қалған ай пішінді тыртығы бар, бір көзі сәл-пәл ғана қлилау. Бірақ, сырт келбеті келісті қыздан басқа ыңғайы келетін адамның жайын таба алар емес. Суретін саламын. Жігітке бетінің кемісі бар қыз алғашында қарсыласқанмен берер сыйлығы мол, екеуіміз бөлісеміз дегенде әзер келісім берді.
Қатарынан төрт күн, үш түн отырып ақыры ойындағы суретті салды. Енді бас жүлдені жеңіп аланынына еш күмәні қалмады. Даңсалы додаға бұның даярланып жатқанын естіген біраз суретшілер бәйгеден бас тартқан, олар бұның бас бәйгені шаппай-ақ аларына күмәнсіз қарайтын…
Доданың басталуына не бәрі екі-ақ сағат уақыт қалды. Тек қана ұлы денесі өзінікіндей бал-бұл жайнаған әдемі жүзі періште іспетті айдай жамалды көргенде қыз байқұс ышқынып тұрып жылады. Суреттің қарсы алдында отырған қыздың қара түнек қайғысына ортақтасқысы келмеген жігіт:
– Қалқам, тек кешігіп қалма, бұл біздің соңғы мүмкіндігіміз. Мен бара берейін деп шығып кетті.
* * *
Кең сарайдың іші.
Суретшінің аты атала өз кескіндемесін көтерген арулар сахнаға көтеріліп жатыр. Кенепке оралған кескіндемені көрген қауым өнердің ұлы құдіретіне қол соғып жытыр. Әйтсе де, осында жиналғандардың барлығы дерлік тек өзінің ғана еңбегін көруге ынтызар екенін суретші жігіт әбден білетін. Соңында өз аты аталғанда қалың елдің айқайынан құлағы тұнып қалды.
Сахнаға айдай әппақ жамалды қыз көтеріліп келеді. Суретші ойлана бастады, өзі суретін салған қыз қайда кетті сонда… Көзіме бірдеңе елестеді ме деп көзін уқалады. Бұрын бір жерден көрді ме, әлде жүзі таныс… Кеудесін бір ыстық жалын буып барады. Жұрттың барлығы қыздың жамалынан көз ала алмай сілтідей тынды… Асқақ жүріп сахна төріне келген ару қолындағы көтеріп келген кескіннің бетіндегі кенепті сыпырып қалғанда, алдымен суретші жігіт ышқынып жіберді. Жұрт ду ете қалды.
Көзі қарауытып, қисайып бара жатқан жігіт көрші қыздың кескініне қалай алмасып кеткенін, болмаса періште жамалды кескіннің, өз қолынан шыққан ару қыздың қалай тірі адамға айналып, кеміс бетті қыздың қалай суретке көшіп кеткеніне миы жетер емес…
Сахнадан бері түсіп есеңгіреп отырған өзіне қарай жалғанның бар әдемілігін күлімсіреген жүзіне жинап келе жатқан әдемі аруға қарап еріктен тыс шарқ-шарқ күлді.

By mystic

4 thoughts on “Қойшыбек МҮБАРАК: ДОДА”

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.