Бей. Қар 21st, 2024

Қойшыбек МҮБАРАК

Жыртық көйлек

Мен оны әмянымның түбін ақтарып жүріп әзер тапқан тиынымды автобустың ақша есептегішіне салып жіберіп, есіктен сүйретіле түсіп келе жатқанда көрдім.

Көзіміз қас-қағым сәтке ғана түйлісіп қалып барып тайып кетті. Қайта қарастық.

– Жол босат! -арта жағымнан біреу желкемнен нұып қалды. Мен сүрініп барып оны соғып кете жаздадым.

– Кешір… -деп бетіне қарағанымда, ол үнсіз жымыиып, автобустың есігенен ішке қарай еніп кетті де, есіктің түбіндегі терезеден маған қадала қарап тұр.

– Айна, -дедім мен оған қолымды бұлғап. Ол басын изеді.

Автобусқа қайта мінбек болып ұмытлып барып тоқтап қалдым. Қалтамда қалған соңғы темір тиындармен үйге әзер жеткенім есіме түсіп.

Автобус орнынан қозағалып кетті. Мен автобустың артынан бірнеше қадамға дейін жүгіре басып барып тұрып қалдым.

“Айна” деп бірнеше рет қайталағаннан соң барып ойландым.

Айна деген кім еді. Қанша ойлансамда таба алмадым. Атын ұмытып қалған шығармын деп жаңағы бейнені көз алдыма әкелдім.

Қасы жіп-жіңішке бірақ көтеріңкі секілді. Көзі қара, иә көк пе? соының арасынша  ұмытып қалдым. Ерні әлгінде ғана көз алдымда үлбіреп тұрған еді, енді ғайып болып кетті. Көзімді жұмып, бейнесін ұмытып қалмауға қанша тырыссам да, енді оның орнына әйелім Әния бейнесі орнап алды.

Оның бейнесін еске түсіру үшін “не істеуім керек” деп ұзақ ойланып тұрып ақыры амалын таптым. Түс көру керек.

Үйге кіріп келгенде алдымнан ұлым мен әйелім шықты.

– Әке! – деп ұлым маған қарай томпаңдап тұра жүгірді. Мен оны жерден көтеріп алдым да шешесіне ұстата салып:

– Мені мазаламаңдар, ұйықтауым керек! -деп жатын бөлмеге қарай бара жатқанымда әйелім:

– Қалай жеттің әмияныңдағы барлық ақшаңды қалдырып кетіпсің, -деді.

Оған жауап қайтармастан жатын үйге кірдімде, сәкінің үстіне шешінбестен қолыма ілінген жамылғыны алып, жатып қалдым.

Ескі автобус ырғатыла ілбіп үйдің қасына келгенде, әмиянымдағы соңғы тиынымды қолыма алып, енді есептегішке сала бергенде, автобусқа шығып келе жатқан Айнаны көрдімде, кейін шегініп арт жағымдағыларға жол бердім. Олар түсіп бола бере Айна кірді.

– Айна,  –дедім мен.

– Асқар – деді ол маған қолын ұсынып. Қолы жып-жылы екен. жібермей быраз тұрып қалдым.

– Биялайыңды неге кіимедің?! Қолың мұздай ғой – деді Айна.

Есік шиқ етіп ашылғанда мен оянып кеттім.

– Шешініп жатпайсың ба? Әния терезеге қарай кетіп бара жатыр.

– Мазалама мені! – даусым қатты шығып кетті. Әнияа маған жалт қарады да, шыға жөнелді. Мен қайтадан жамылғыны басыма бүркеп, қайта ұйықтап кеттім.

– Кешіріңіз!.. Айна қолын өзіне қарай жұлқа тартты.

– Айна! -дедім мен оның қолын жібермей жабысып, жалынышты үнмен.

Ол маған қарап:

– Сізді мазалағым келмейді, алайда сіз менің қолымды ұстап алып, әлі жібермей тұрсыз, -деді.

– Ол сөз саған емес… кел орындыққа отырайық… Мен Айнаның қолынан жібермеген қалпы, автобустың соңғы жағындағы орындыққа барып отырдық.

– Қайда барасың? – деп сұрадым.

– Қаланың шетіндегі арзан базардан көйлек алғым келген… менімен бірге жүресің бе? -деді, ол бос қолының сұқ саусағын үстіндегі ескі көйлегінің етегіндегі жыртығынан өткізіп.

– Ол жерде оңған киім жоқ қой, алдыдағы жаңа базардан алмайсың ба, – дедім мен.

Ол маған жабырқай қарап:

– Ақшам жетпейді, -деді. Мен қалтамдағы бос әмянымның сыртанан умаждай ұстап тұрып,  ойыма әлде не түсіп:

– Айна, сен күте тұр, мен қазыр келем, -деп басымды алдыңғы орындықтың арқалығына аямай періп кеп қалдым.

Әйелім мана келгенде терезенің пердесін тартып кетіпті. Жатын бөлменің іші ала-көлеңке болып тұр екен.

– Әния! – деп айқайладым. Есікті еппен ашқан әйелім басын ғана сұғып:

– Ұйықтамадың ба? мазалама деп едің ғой… -деді бұртиып.

– Тез менің ақшамды әкеліп берші… -дедім.

– Бір жаққа барасың ба?

– Ешқайда, тез әкел! ұйықтаймын, бол енді!. -мен ашуланып  айқайлап жібердім.

Басын есіктен ары жұлып алған Әния ағаш еденді тарп-тарп басып барып, кітап үйдегі ақшаны әкеліп, түйіншегімен маған қарай лақтырып жіберді де, есікті шарқ еткізіп жаба салды.

Мен ақшаны ала салып, жамылғымды қайта бүркендім.

Автохабарлағыштың “Жаңа базар аялдамасы” -деген ащы даусынан есімді жидым.

– Асқар, сізге не болды?.. Айна мені жұлқылап отыр.

– Жүр, тез автобустан түсеміз, мен оның қолынан сүйрелеп, ескке қарай тартқыладым.

– Базарға әлі жетпедім, – Айна маған таңдана қарап қалыпты.

– Жоқ осы базардан аласың! -деп мен сүйрелеп келемін.

– Ақшам жетпейді, -деді ол.

– Саған деген, менің іңкәр жүрегімнің сияпаты ретінде, мен алып беремін, -деп, мен оны ертіп, автобустан түсіп қалдым.

Біз базар аралап ұзақ жүрдік. Етегіне шетен гүлі бедерленген көйлекті көргенде, Айна айналыпсоқтап шыға алмай қалды. Мен ақшасын төлеп, алып бердім.

Үстіне киіп алған ақшулан көйлекті алақанымен қайта-қайта сыйпалаған Айна:

– Мені жеткізіп саласыз ба? – деп сұрады.

Мен мақұл болдым. Айнаның үйіне жеткен соң ауладағы қарт еменның түбіндегі орындықта отырып, екеуміз біраз әңгімелестік. Жұмыстан соң осында кездесіп тұратын болып уағдаластық.

Мен көше бойлап келе жатып, байқамай кәріз құдығына құлап кеттім. Шығайын деп қанша тырбансамда, жаңа құлағанда мертіккен болуым керек, денем қимылдай алмайды.

– Құтқарыңдар! құтқарыңдар! -деп, айқайлай-айқайлай даусым әбден қарлыққан кезде, есік салдыр етіп ашылып ұлымның:

– Әке! әке! -деп шәңкілдеген даусынан оянып кетіп, басымды жастықтан жұлып алдым. Қара сүмек болып терлеп кетіппін. Ұлым есіктен кірді де, босағадағы айырып қосқышты жарық еткізіп, қосып қалды. Үйдің іші жарқырап кетті.

– Ерік! барма онда, әкең ұрсады, -деп, айқай салған әйелім есікке жетіп келгенде, мен селк ете түсіп, көрпеммен басымды қайта бұркемелей бердім. Әния мен бағана Айнаға алып берген шетен гүлі бедерлі көйлекті киіп алыпты.

– Барыңдар тез… бөлмеден шығып кетіңдер! -мен жамылғының астында жатып айқайладым. Әния ашулы.

– Түн ортасы ауды, тұрып тамақ іш. Еріктің ұйқысы келді. Мен дастархан даярлай беремін, -деп ұлымды ертіп, ас үйге шығып кетті.

Мен Айнаға барып жағдайды білмек болып тағы ұйқыға бастым.

Үйден шыға сала, алып-ұшып, Айнаның үйіне жетіп барып, қоңырауды бастым.

– Қазір -деген таныс үн естілді. Менің жүрегім кеудеме сыймай дүрсілдей жөнелді. Есік ашылғанда ар жағында ұлым Ерік пен әйелім Әния тұр. Әния Айнаның жыртық көйлегін кіиіп алыпты.

Мен басымды босағаға аямай соққылай жөнелдім.

 

By mystic

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.